Мультиварки Redmond RMC-M4510 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

RMC-M4510
89
KAZ
Егер әдеттегі автоматты бағдарламаларда қажетті нәтижеге жете алмадым деп
ойласаңыз, «МУЛЬТИПОВАР» әмбебап бағдарламасын пайдаланыңыз, ол сіздің аспаздық
эксперименттеріңіз үшін көп мүмкіндік ашады.
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы
Осы бағдарлама пайдаланушы тапсырған температура параметрі мен әзірлеу уақыты
бойынша тағамды әзірлеуге арналған. REDMOND RMC-М4510 мультипісіргіші «МУЛЬТИ-
ПОВАР» бағдарламасының арқасында бір қатар асханалық құралды алмастыра алады
және ескі аспаздық кітапта табылған немесе Интернеттен алынған сіз үшін қызық іс
жүзінде кез келген рецепт бойынша тағамды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Егер әзірлеу температурасы 80°С аспаса, автоысыту функциясы қолмен қосылу мүмкін
-
дігінсіз өшеді.
Әдепкі «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында әзірлеу уақыты 30 минут, әзірлеу температу-
расы 100°С құрайды. Бағдарламада температураны қолмен орнату диапазоны 5°С қада-
мымен 35-170°С құрайды. Уақытты қолмен орнату диапазоны 1 минут қадамымен 2 ми-
нуттан 15 сағатқа дейін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Температура 130°С жоғары орнатылғанда қауіпсіздік мақсатында
әзірлеу уақыты екі сағатпен шектеледі.
«ПЛОВ» бағдарламасы
Бағдарлама әртүрлі палау түрлерін әзірлеуге арналған. Әдепкі бағдарламада әзірлеу уақы-
ты 35 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут қадамымен 10 минуттан 2 сағатқа дейінгі
диапазонда қолмен орнатуға болады.
«НА ПАРУ» бағдарламасы
Ет, құс еті, балық, көкөніс және құрамдасы көп тағамды буда әзірлеуге арналған. Әдепкі
бағдарламада әзірлеу уақыты 30 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут қадамымен 10
минуттан 2 сағатқа дейінгі диапазонда қолмен орнатуға болады. Бұл бағдарламада әзірлеу
үшін арнайы контейнерді пайдаланыңыз (жинаққа кіреді):
1. Табаға 400-800 мл су құйыңыз. Табаға буда әзірлеу контейнерін орнатыңыз.
2. Азық-түлікті рецептке сәйкес өлшеп, дайындаңыз және контейнерге біркелкі салып,
табаны аспап корпусына қойыңыз. Таба қыздыру элементіне тығыз тиіп тұрғанына көз
жеткізіңіз.
3. Автоматты бағдарламаларды пайдаланғанда жылпы әрекеттер тәртібінің 3-8 тар-
мақтарының нұсқауларын ұстаныңыз.
Су қайнаған соң және табада жеткілікті бу тығыздығы болғанда аспап дыбыс сигналын
шығарады. Әзірлеу бағдарламасының жұмыс істеу уақытының керісінше есебі басталады.
«СУП» бағдарламасы
Сорпа, қатық, көкөністік және ет, балық, құс еті немесе көкөністік суық көжелерін әзірлеу-
ге арналған. Әдепкі бағдарламада әзірлеу уақыты 40 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 5
минут қадамымен 20 минуттан 8 сағатқа дейінгі диапазонда қолмен орнатуға болады.
Жұмыс параметріне өтер алдында аспап дыбыстық сигнал береді. Аспаптың қақпағын
ашыңыз және сорпаның көбігін алып тастаңыз.
«МАКАРОНЫ» бағдарламасы
Бағдарлама суды қайнатуды, ингредиенттерді салуды және ары қарай әзірлеуді қарасты-
рады. Су қайнау сәті және азықты салу қажеттілігі туралы дыбыс сргналы ескертеді. Әзірлеу
уақытының керісінше есебі «Старт» түймешігі қайта басылған соң басталады. Әдепкі бағдар-
ламада әзірлеу уақыты 8 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 1 минут қадамымен 2 минуттан
1 сағатқа дейінгі диапазонда қолмен орнатуға болады. «Отсрочка старта» («Стартты шегеру»)
және «Автоподогрев» («Автоысыту») функциялары бұл бағдарламада қол жетімсіз.
Кейбір азық әзірленгенде (мысалы, макарон, тұшпара және басқасы) көбік қалыптасады.
Ол таба сыртына тасымау үшін азық-түлік қайнаған суға салынған соң бірнеше минут
-
тан кейін қақпақты ашуға болады.
«МОЛОЧНАЯ КАША» бағдарламасы
Майы аз пастерленген сүтті пайдаланып, ботқаны әзірлеуге арналған. Әдепкі бағдарлама-
да әзірлеу уақыты 25 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 1 минут қадамымен 5 минуттан 1
сағат 30 минутқа дейінгі диапазонда қолмен орнатуға болады. Сут тасып кетпеу және
қажетті нәтижеге жету үшін әзірлеудің алдында келесі әрекеттерді жасауға кеңес беріледі:
• дәні тұтас барлық жарманы (күріш, қарақұмық, тары және т.б.) төгілетін су мөлдір
болғанынша мұқият жуыңыз;
• әзірлеудің алдында мультипісіргіш табасына сары май жағыңыз;
• ингредиенттерді рецепттер кітабының нұсқауларына сәйкес өлшеп, шамаластықты
қатаң ұстаныңыз (ингредиенттердің мөлшерін қатаң түрде шамаластықпен азайтыңыз
немесе көбейтіңіз);
• майы алынбаған сүт пайдаланылғанда оған 1:1 шамаластықпен су қосыңыз.
Сүт пен жарма қасиеттері өндіруші мен өндірілген жеріне байланысты ерекшеленуі
мүмкін, бұл кей кезде әзірлеу нәтижесіне ықпал етеді.
Егер «МОЛОЧНАЯ КАША» бағдарламасында қажетті нәтиже шықпаса, «МУЛЬТИПОВАР»
әмбебап бағдарламасын пайдаланыңыз. Сүт ботқасын ең тиімді әзірлеу уақыты 95°С
құрайды. Ингредиенттердің мөлшері мен әзірлеу уақытын рецептке сәйкес орнатыңыз.
«ТУШЕНИЕ» бағдарламасы
Гуляш, жаркое мен рагу әзірлеуге арналған. Әдепкі бағдарламада әзірлеу уақыты 1 сағат
құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут қадамымен 20 минуттан 12 сағатқа дейінгі диапазонда
қолмен орнатуға болады.
«ВЫПЕЧКА» бағдарламасы
Кекс, пісірме және ашытылған қамырдан пирог әзірлеуге арналған. Әдепкі бағдарламада
әзірлеу уақыты 50 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 10 минут қадамымен 20 минуттан 4
сағатқа дейінгі диапазонда қолмен орнатуға болады.
Содержание
- 3 СОД Е Р Ж А Н И Е
- 4 СТАРТ
- 6 прибора значительно продлит срок его службы.; быть осторожным и внимательным.; М Е Р Ы Б Е З О П АС Н О СТ И
- 7 ВНИМАНИЕ! Запрещено использование прибора при любых; Технические характеристики; Мощность; Программы; Отключение звуковых сигналов; Комплектация; продукции без дополнительного уведомления об этих изменениях.; Устройство прибора
- 8 I. П Е Р Е Д Н А Ч А Л О М И С П О Л Ь З О В А Н И Я; наличии) и табличку с серийным номером изделия на его корпусе!; I I. Э К С П Л УАТА Ц И Я П Р И Б О РА
- 9 Поддержание температуры готовых блюд (автоподогрев); изменения температуры приготовления недоступна.
- 10 Программа «МУЛЬТИПОВАР»; будет отключена без возможности включения вручную.
- 11 сается с нагревательным элементом.
- 12 I I I. ДО П О Л Н И Т Е Л Ь Н Ы Е В О З М О Ж Н О СТ И
- 13 вайте ее при снятии, очистке и установке.
- 14 Хранение и транспортировка; V. СОВЕТЫ ПО ПРИГОТОВЛЕНИЮ; Ошибки при приготовлении и способы их устранения; БЛЮДО НЕ ПРИГОТОВИЛОСЬ ДО КОНЦА; ПРОДУКТ ПЕРЕВАРИЛСЯ
- 15 ПРОДУКТ ПОТЕРЯЛ ФОРМУ НАРЕЗКИ; Рекомендуемое время приготовления различных продуктов на пару; также от ваших вкусовых предпочтений.
- 16 «МУЛЬТИПОВАР»; Также смотрите прилагаемую книгу рецептов.; V I. ДО П О Л Н И Т Е Л Ь Н Ы Е А К С Е ССУА Р Ы
- 17 загрязняющих веществ.