Redmond RMC-IH300 - Инструкция по эксплуатации - Страница 75

Мультиварки Redmond RMC-IH300 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.

Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.

"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.
Страница:
/ 104
Загружаем инструкцию
background image

75

RMC-IH300 мультипісіргіші

KAZ

•  майы алынбаған сүтті қолдануда оны 1:1 пропорциясында ауыз сумен 

араластырыңыз.

Сүт  пен  жармалардың  қасиеттері  шыққан  жері  мен  өндірушіге 

байланысты  ерекшеленуі  мүмкін,  бұл  кейде  әзірлеу  нәтижелерінен 

көрінеді.
Егер  «МОЛОЧНАЯ  КАША»  бағдарламасында  қалаған  нәтижеге  қол 

жеткізілмесе,    «МУЛЬТИПОВАР»  әмбебап  бағдарламасын  қолданыңыз. 

Сүтті  ботқаны  әзірлеудің  оңтайлы  температурасы  95ºС-ді  құрайды. 

Құрамдастар мөлшері мен әзірлеу уақытын рецептіге сәйкес орнатыңыз.

«ЙОГУРТ» бағдарламасы

Түрлі  йогурттар  жасау  мен  қамыр  салуға  кеңес  беріледі.  Әдепкі  бойынша 

әзірлеу уақыты — 8 сағат. 5 минуттық орнату қадамымен 10 минут — 12 сағат 

аралығында әзірлеу уақытын қолмен орнатуға болады.

Бұл бағдарламада автоысыту функциясы қол жетімсіз.

Йогурттар әзірлеу үшін сіз REDMOND RAM-G1йогурты үшін банкілердің 

арнайы жинағын қолдана аласыз (жеке сатып алынады).

«ВЫПЕЧКА» бағдарламасы

Пісірмелер әзірлеуге кеңес беріледі (кекстар, бисквиттар, пирогтар). Әдепкі 

бойынша әзірлеу уақыты — 1 сағат. 5 минуттық орнату қадамымен 10 минут — 

8 сағат аралығында әзірлеу уақытын қолмен орнатуға болады.

Бұқтыру бағдарламалары («ТУШЕНИЕ»)

Көкөніс, ет, балықты бұқтыруға, сонымен қатар ұзақ жылумен өңдеуді талап 

ететін  іркілдек  пен  басқа  тағамдарды  әзірлеуге  кеңес  беріледі.  Әдепкі 

бойынша  уақыт  таңдалған  ішкі  бағдарламаға  байланысты  (  «ВЫБОР 

ПРОДУКТА» түймешігін басу арқылы орнатылады): «Мясо» — 1 сағат, «Рыба» 

— 30 минут, «Овощи» — 40 минут. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату қадамымен 

10 минуттан — 12 сағатқа дейін аралықта орнатуға болады. 

Қуыру бағдарламалары («ЖАРКА»)

Ет, балық пен көкөніс қуыруға кеңес беріледі. Әдепкі бойынша уақыт таңдалған 

ішкі  бағдарламаға  байланысты  («ВЫБОР  ПРОДУКТА»  түймешіктерін  басу 

арқылы  орнатылады):  «Мясо» —  18  минут,  «Рыба» —  15  минут,  «Овощи» — 

16 минут. Әзірлеу уақытын 1 минут орнату қадамымен 5 минуттан — 2 сағатқа 

дейін аралықта орнатуға болады.

Шегерілген старт функциясы бұл бағдарламада қол жетімсіз.

Тындыру бағдарламалары («ТОМЛЕНИЕ»)

Ет пен балықты ұзақ жылумен өңдеуге (тындыруға), сонымен қатар дәстүрлі 

орыс  ас  үйінің  түрлі  тағамдарын  жасауға  кеңес  беріледі.  3D-қыздыру  мен 

бірегей температуралық режимнің бірігуі пультипісіргіштің ішінде орыс пеші 

әсерін  тудыруға  мүмкіндік  береді.  Әдепкі  бойынша  уақыт  таңдалған  ішкі 

бағдарламаға байланысты («ВЫБОР ПРОДУКТА» түймешіктерін басу арқылы 

орнатылады): «Мясо» — 3 сағат, «Рыба» — 2 сағат. Әзірлеу уақытын 10 минут 

орнату қадамымен 10 минуттан — 12 сағатқа дейін аралықта қолмен орнатуға 

болады.

Көжелер пісіру бағдарламалары («СУП»)

Етті,  балықты  және  көкөністі  сорпалар  мен  олардың  негізіндегі  көжелер 

пісіруге кеңес беріледі. Әдепкі бойынша уақыт таңдалған ішкі бағдарламаға 

байланысты («ВЫБОР ПРОДУКТА» түймешіктерін басу арқылы орнатылады): 

«Мясо» — 1 сағат, «Рыба» — 40 минут, «Овощи» — 35 минут. Әзірлеу уақытын 

5 минут орнату қадамымен 10 минуттан — 8 сағатқа дейін аралықта қолмен 

орнатуға болады.

Буда пісіру бағдарламалары («НА ПАРУ»)

Буда  ет,  балық  пен  көкөніс,  сонымен  қатар  диеталық  тағамдар,  балалар 

тамағын  жасауға  кеңес  беріледі.  Әдепкі  бойынша  уақыт  таңдалған  ішкі 

бағдарламаға байланысты («ВЫБОР ПРОДУКТА» түймешіктерін басу арқылы 

орнатылады):  «Мясо» — 40 минут, «Рыба» — 25 минут, «Овощи» — 35 минут. 

Әзірлеу  уақытын  5  минут  орнату  қадамымен  5  минуттан —  2  сағатқа  дейін 

аралықта қолмен орнатуға болады.

Бұл  бағдарламада  әзірлеу  үшін  арнайы  контейнер  қолданыңыз  (жинаққа 

кіреді):

1.  Табаққа 600–1000 мл су құйыңыз. Буда әзірлеу үшін контейнерді табаққа 

орнатыңыз.

2.  Азықты  рецептіге  сәйкес  өлшеп,  дайындап  алыңыз  да,  оларды 

контейнерге біркелкі етіп салып, табақты аспаптың корпусына салыңыз. 

Оның тегіс орнатылғанына көз жеткізіңіз.

3.  2–11 т. «Автоматты бағдарламаларды қолданғанда әрекеттердің жалпы 

тәртібі» нұсқауларын ұстаныңыз.

Пісіру бағдарламалары («ВАРКА»)

Ет,  балық  және  көкөніс  пісіруге  кеңес  беріледі.  Әдепкі  бойынша  уақыт 

таңдалған ішкі бағдарламаға байланысты («ВЫБОР ПРОДУКТА» түймешіктерін 

басу  арқылы  орнатылады):  «Мясо» —  1  сағат,  «Рыба» —  30  минут,  «Овощи» 

—  40  минут.  Әзірлеу  уақытын  5  минут  орнату  қадамымен  10  минуттан —  8 

сағатқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады.

I I I. М УЛ ЬТ И П І С І Р Г І Ш Т І Ң К Ү Т І М І

Жалпы ережелер мен кеңестер

•  Аспапты  тазалаудың  алдында  ол  электр  желіден  ажырағанына  және 

толық  суығанына  көз  жеткізіңіз.  Бірінші  рет  пайдаланудың  алдында 

немесе  әзірлеген  соң  иісті  кетіру  үшін  әдепкі  уақыт ты  өзгеріссіз 

қалдырып, мультипісіргіште 15 минут бойы жарты лимонды «НА ПАРУ 

– Рыба» бағдарламасында қайнатуға кеңес береміз.

•  Тазалау  үшін  жұмсақ  мата  және  ыдыс  жуу  үшін  жұмсақ  құралдар 

қолданыңыз.

Аспапты  тазалауда  қатты  майлықтар  немесе  губкілер  (егер  бұл  осы 

нұсқаулықта  арнайы  айтылмаса),  абразивтік  пасталарды  қолдануға 

ТЫЙЫМ  САЛЫНАДЫ.  Сонымен  қатар  кез  келген  химиялық  белсенді 

заттарды  немесе  тамаққа  жанасатын  заттармен  қолдануға  кеңес 

берілмейтін басқа заттарды пайдалануға тыйым салынады.
Аспаптың  корпусын  суға  батыруға  немесе  су  ағынына  салуға  тыйым 

салынады!

Аспап  корпусын  тазалау  қажет  болғанда  жасалады.  Табақты  аспапты 

пайдаланған  сайын тазалауға  кеңес  беріледі,  оны  ыдыс  жуу  машинасында 

жууға болады. Тазалау аяқталысымен табақтың сыртқы бетін құрғатып сүртіңіз.

Аспапты пайдаланған сайын ішкі алюминий қақпақ пен бу клапанын тазалауға, 

сонымен қатар конденсатты кетіруге кеңес беріледі.

Негізгі қақпақтың төменгі жағындағы екі пластмассалық бекіткішті орталыққа 

қарай  басып  және  ішкі  қақпақты  күш  салмай  өзіңізге  қарай  және  төмен 

тартып  оны  ажыратыңыз.  Екі  қақпақ  беттерін  тазалаңыз  және  құрғатып 

сүртіңіз.  Одан  кейін  ішкі  қақпақты  негізгісінің  қуыстарына  енгізіңіз, 

бекіткіштерді біраз күш салып сыртыл естілгенше басып, бекітіңіз. 

Бу клапаны қақпағын біраз күш салып жоғары және өзіңізге қарай тартып, 

абайлап  шешіңіз.  Ақ  пластик  ілгекті  басып,  клапанның  төменгі  бөлігін 

ажыратыңыз.  Бөлшектерді  жуыңыз,  кептіріңіз,  біріктіріп  жинаңыз  және  бу 

клапанын шығаруға арналған шығыңқы жерін артқа қаратып аспап қақпағына 

орнатыңыз.

Асты  әзірлеу  барысында  қалыптасатын  және  табақ  айналасында  аспап 

корпусындағы арнайы қуыста жиналатын конденсат майлықтың көмегімен 

жеңіл кетеді. 

Жұмыс камерасының бүйірлік қабырғалары, орталық термоқадаға түбі мен 

қабығын  (ортада  түбінде  орналасқан)  дымқыл  (сулы  емес!)  губкі  немесе 

майлықпен сүртуге болады. Егер сіз жуу құралын қолдансаңыз, келесі тамақ 

әзірлегенде  қаламаған  иістің  пайда  болуының  алдын  алу  үшін  оның 

қалдықтарын мұқият алып тастаңыз.

Орталық термоқадағаның шұңқырына бөгде заттар түскенде оларды қадаға 

қабығына күш түсірмей, пинцетпен ақырын алып тастаңыз.

I V.  С Е Р В И С-О Р ТА Л Ы Қ Қ А  Ж О Л Ы ҒА Р 

А Л Д Ы Н Д А

Дипслейдегі 

қате туралы 

хабар

Ықтимал 

ақаулар

Қатені түзеу

Е1 — Е5

Жүйелік  қателер 

(температуралық 

қадағалар  істен 

шығуы мүмкін). 

Табағы бос аспапты қоспаңыз!

Аспапты  электр  желісінен 

а ж ы р а т ы п ,  1 0 – 1 5   м и н у т 

суытыңыз, қажет болса табаққа 

сұйықтық  ққұйып,  әзірлеуді 

жалғастырыңыз. 

Егер  қиындық  жойылмаса, 

а в то рл а н д ы р ы л ғ а н   се р в и с 

орталыққа жолығыңыз. 

Ақау

Ықтимал себеп

Ақауды түзеу

Қосылмайды

Электр желісінен 

қоректендіру жоқ

Аспапты электр 

розеткісіне қосыңыз

Тағам тым 

ұзақ 

әзірленуде.

Электр желісінен 

қоректендірудегі 

жаңылыстар

Электр розеткісінің 

дұрыстығын тексеріңіз

Мультипісіргіш 

корпусындағы табақ 

тегіс орнатылмаған

Табақты тегіс, қисайтпай 

орнатыңыз

V. К Е П І Л Д І К Т І М І Н Д Е Т Т Е М Е Л Е Р

Осы  бұйымға  сатып  алынған  сәттен  25  ай  мерзіміне  кепілдік  беріледі. 

Өндіруші кепілдік кезеңі ішінде жөндеу, бөлшектерді ауыстыру немесе бүкіл 

бұйымды  ауыстыру  жолымен  материалдар  немесе  жинау  сапасының 

жетіспеушілігінен  туындаған  кез  келген  зауыт тық  ақауларды  жоюға 

міндеттенеді.  Кепілдік тек  сатып  алу  күні түпнұсқалық  кепілдік талонында 

дүкен мөрімен және сатушы қолымен расталған жағдайда ғана күшіне енеді.

Осы кепілдік тек бұйым пайдалану бойынша нсұқаулыққа сәйкес қолданылған, 

жөнделмеген, бұзылмаған және онымен дұрыс жұмыс істемеу нәтижесінде 

зақымданбаған, сонымен қатар бұйымның толық жинағы сақталған жағдайда 

танылады. 

Осы  кепілдік  бұйымның  табиғи  тозуына  және  шығын  материалдарына 

таралмайды (сүзгілер, шамдар, қыш және тефлондық тығыздауыштар және 

т.б.).

Бұйымның қызмет мерзімі мен оған кепілдікті міндеттемелердің қолданыс 

мерзімі бұйым сатылған немесе өндірілген кезден есептеледі (егер сату күнін 

анықтау мүмкін болмаса).

Аспап өндірілген күнді бұйым корпусының сәйкестендіру жапсырмасындағы 

сериялық нөмірден табуға болады. Сериялық нөмір 13 белгіден тұрады. 6-шы 

және 7-ші белгілер айды, 8-ші — құрылғының шығарылған жылын білдіреді.

Өндіруші бекіткен аспаптың қызмет ету мерзімі - сатып алынған күнінен 5 

жыл. Мерзім тек бұйымның пайдаланылуы осы нұсқаулық пен қолданылатын 

техникалық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылғанда жарамды. 

Орамды,  пайдаланушы  нұсқаулығын,  сонымен  қатар  аспаптың  өзін 

қалдықтарды  қайта  өңдеу  бойынша  жергілікті  бағдарламаға  сәйкес 

пайдаға  асыру  керек.  Қоршаған  ортаға  қамқорлық  білдіріңіз:  мұндай 

бұйымдарды әдеттегі тұрмыстық қоқыспен тастамаңыз.

Содержание

Полезные видео

Характеристики

Оцените статью
tehnopanorama.ru
Остались вопросы?

Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)

Задать вопрос

Часто задаваемые вопросы
Как посмотреть инструкцию к Redmond RMC-IH300?
Необходимо подождать полной загрузки инструкции в сером окне на данной странице
Руководство на русском языке?
Все наши руководства представлены на русском языке или схематично, поэтому вы без труда сможете разобраться с вашей моделью
Как скопировать текст из PDF?
Чтобы скопировать текст со страницы инструкции воспользуйтесь вкладкой "HTML"