Мультиварки Redmond RMC-PM330 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

63
RMC-PM330
KAZ
«ТУШЕНИЕ» бағдарламасы
Бағдарлама ет, балық, құс немесе көкөністен түрлі тағамдарды бұқтыруға
арналған. Әдепкі бойынша әзірлеу уақыты– 20 минут. Уақытты қолмен орнату
диапазоны— 5 минуттық өзгеру қадамымен 10 минуттан 12 сағатқа дейін.
Әдепкі бойынша табақтағы қысымның орта деңгейі орнатылған.
«ПЛОВ» бағдарламасы
Бағдарлама палаудың қилы түрлерін әзірлеуге арналған. Әдепкі бойынша
әзірлеу уақыты– 15 минут. Уақытты қолмен орнату диапазоны— 5 минуттық
өзгеру қадамымен 10 минуттан 2 сағатқа дейін. Әдепкі бойынша табақтағы
қысымның орта деңгейі орнатылған. Бұл бағдарламада қысым деңгейін
өзгерту мүмкіндігі қол жетімсіз.
«РИС/КРУПЫ» бағдарламасы
Күріш пісіру, түрлі жармалар әзірлеуге арналған. Әдепкі бойынша әзірлеу
уақыты– 10 минут. 1 минуттық орнату қадамымен 5 минуттан 4 сағатқа дейінгі
диапазонда әзірлеу уақытын реттеуге болады. Әдепкі бойынша табақтағы
қысымның орта деңгейі орнатылған. Бұл бағдарламада қысым деңгейін
өзгерту мүмкіндігі қол жетімсіз.
«ВАРКА» бағдарламасы
Бағдарлама ет, құс, балық және көкөністерді пісіруге арналған. Әдепкі
бойынша әзірлеу уақыты– 20 минут. 5 минуттық орнату қадамымен 5 минуттан
2 сағатқа дейінгі диапазонда әзірлеу уақытын реттеуге болады. Әдепкі
бойынша табақтағы қысымның орта деңгейі орнатылған.
«ТОМЛЕНИЕ» бағдарламасы
Бағдарлама қайнатылған сүт, бұқтырылған ет, рулька, іркілдек, заливное
әзірлеуге арналған. Әдепкі бойынша әзірлеу уақыты– 2 сағата. 5 минуттық
орнату қадамымен 10 минуттан 12 сағатқа дейінгі диапазонда әзірлеу
уақытын реттеуге болады. Әдепкі бойынша табақтағы қысымның орта деңгейі
орнатылған.
«ДЕСЕРТЫ» бағдарламасы
Бағдарлама жас жеміс-жидектен түрлі десерттер әзірлеуге арналған. Әдепкі
бойынша әзірлеу уақыты– 30 минут. 5 минуттық орнату қадамымен 5 минуттан
2 сағатқа дейінгі диапазонда әзірлеу уақытын реттеуге болады.
«ВЫПЕЧКА» бағдарламасы
Бағдарлама бисквиттер, пісірмелер мен ашытқылы қамырдан пирогтар
жасауға арналған. Әдепкі бойынша әзірлеу уақыты – 1 сағат. Уақытты қолмен
орнату диапазоны— 5 минуттық өзгеру қадамымен 10 минуттан 4 сағатқа
дейін. Әзірлеу температурасын орнату диапазоны – 5°C өзгерту қадамымен
100°C-ден 150°C-ге дейін.
Бұл бағдарлама автоысыту функциясы жұмысының ең ұзақ уақыты 4 сағатпен
шектелген.
Әзірлеу температурасын 130°C-ден жоғары орнатқан жағдайда
әзірлеудің ең көп уақыты 2 сағатпен шектелетін болады.
Бисквит дайындығын оған ағаш таяқ сұғып көруге болады (тіс шұқығыш).
Егер оны қайта суырып алғанда жабысқан қамыр қалмаса – бисквит
дайын.
Пісірме әзірлеуде тағамды автоматты ысыту функциясын өшірген жөн.
Дайын тағамды мультипісіргіш-жылдам пісіргіштен сулы болып қалмауы
үшін әзірлеген соң бірден шығарыңыз. Егер бұл мүмкін болмаса, өнімді
мультипісіргіш-жылдам пісіргіш табағында автоысыту қосулы тұрғанда
кішірігім мерзімге қалдыруға болады.
«ХЛЕБ» бағдарламасы
Қара бидай қосып, бидай ұнынан нанның көп түрлерін пісіруге кеңес беріледі.
Бағдарлама қамырды тындырудан пісіргенше әзірлеудің толық айналымын
қарастырады. Әдепкі бойынша бағдарламада әзірлеу уақыты 3 сағат құрайды.
5 минуттық орнату қадамымен 10 минуттан 6 сағатқа дейінгі диапазонда
әзірлеу уақытын реттеуге болады.
Бұл бағдарламада автоысыту функциясы 3 сағатпен шектелген.
Барлық ингредиенттердің табақтың пайдалы көлемінің жартысынан
аспауын қадағалаңыз.
«Шегерілген старт» функциясын қолданбаған жөн, бұл пісірме сапасына
әсер етуі мүмкін. Бағдарлама жұмысының бірінші сағаты ішінде қамырды
тындыру, содан кейін — тікелей пісіру жүретінін ескерген жөн. Әзірлеу
уақытын қысқарту мен жеңілдету үшін нан әзірлеуге арналған дайын
қоспаларды қолдануға кеңес береміз.
Ұнды пайдаланар алдында оны оттегіге қанықтыру және қоспалардан
арылту үшін елеген дұрыс.
Бағдарлама жұмысы аяқталғанша мультипісіргіш-жылдам пісіргіш
қақпағын ашпаңыз, әсіресе қамыр тындыру кезінде! Бұған пісірілетін
өнімнің сапасы байланысты.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспаптан дайын нанды шығару үшін ас үй
қолғаптарын қолданыңыз.
«ЙОГУРТ» бағдарламасы
Бағдарлама үй йогурты, майлы айран жасауға, сонымен қатар қамыр
тындыруға арналған. Әдепкі бойынша әзірлеу уақыты 8 сағатты құрайды.
Уақытты қолмен орнату диапазоны— 5 минуттық өзгеру қадамымен 10
минуттан 12 сағатқа дейін.
Бұл бағдарламаны пайдаланғанда автоысыту функциясы қол жетімсіз.
Барлық ингредиенттердің табақтың пайдалы көлемінің жартысын
алмағанын қадағалаңыз.
Йогурттар әзірлеу үшін сіз REDMOND RAM-G1 йогуртына арналған
банкілердің арнайы жинағын қолдана аласыз (жеке сатып алынады).
«ЖАРКА» бағдарламасы
Бағдарлама ет, құс еті мен көкөністерді қуыруға арналған. Әдепкі бойынша
әзірлеу уақыты 18 минутты құрайды. Уақытты қолмен орнату диапазоны— 1
минуттық өзгеру қадамымен 5 минуттан 2 сағатқа дейін. Температураны
қолмен орнату диапазоны — 5°C өзгерту қадамымен 100°C-ден 180°C-ге
дейін.
Бұл бағдарламада стартты шегеру функциясы.
Ингредиенттерді күйдіріп алмау үшін рецептілер кітабынан нұсқауларды
ұстануға және табақ ішіндегісін ара-тұра араластыруға кеңес беріледі.
«ЖАРКА» бағдарламасын қайта пайдаланар алдында аспапты толық
суытыңыз. Тамақты қақпағын ашып қуырыңыз — бұл қабығын
қытырлатуға мүмкіндік береді.
«ФРИТЮР» бағдарламасы
REDMOND RMC-РМ330 мультипісіргіш-жылдам пісіргішінде сіз жинаққа
кіретін арнайы себетті қолдана отырып, фритюрде әзірлей аласыз.
Әдепкі бойынша әзірлеу уақыты 18 минутты құрайды. Уақытты қолмен орнату
диапазоны — 1 минуттық өзгеру қадамымен 5 минуттан 40 минутқа дейін.
Температураны қолмен орнату диапазоны— 5°C өзгерту қадамымен 140°C-ден
180°C-ге дейін.
Бұл бағдарламада стартты шегеру және автоысыту функциялары қол жетімсіз.
1. Фритюрдегі әзірлеуге арналған себеттің шешілмелі тұтқасын алып, оны
түбінен қысыңыз да, ұштарын себеттегі тиісті ұяшыққа салып, бекітіңіз.
2. Рецептіде көрсетілген уақыттан соң май қыздырылған табаққа тегіс
салынған азық-түлігі бар себетті ақырын түсіріңіз.
3. Аспаптың қақпағын жаппаңыз.
4. Бағдарлама аяқталғанда қуыруға арналған азық-түлік салынған себетті
тұтқасынан ұстап, майды ағызып жіберу үшін себеттегі арнайы ілгектің
көмегімен табақтың шетіне бекітіңіз.
5. Майдың қалған қалдықтарын кетіру үшін тағамды дастарханға қояр
алдында өнімді қағаз сүлгімен немесе тығыз қағаз майлыққа салыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Май өте ыстық! Күйіктің алдын алу үшін ас үй
қолғаптарын қолданыңыз және құрылғының үстіне еңкеймеңіз.
Әзірлеу уақытының кері есебі май қажетті температураға дейін
қызғаннан соң басталады.
Фритюр ретінде рафинадталған өсімдік майын қолданыңыз.
Майды қатты ұзақ немесе көп реттік қыздыру оның тотығуына әкеледі.
Фритюрде азық-түлікті қайта әзірлеу үшін бір майды қолданбаңыз.
«ПОПКОРН» бағдарламасы
Бағдарлама попкорна қамдас- үшін арнаулы. Қамдас- және атқаратын
қызметімнің уақытының өзгерісінің мүмкіндігі “Автоподогрев” және “Отсрочка
старта” айтылмыш бағдарламада ақиық.
1. Табаққа попкорнға арналған дәндерді салыңыз (орамсыз, бір ретте 200
грамнан аспауы тиіс!).
2. «Автоматты бағдарламалармен жұмыстың жалпы тәртібі» тарауының
2-13 тш. нұсқауларын ұстаныңыз.
3. Табақтың ішіндегі сыртылдар тоқтағанша күте тұрыңыз, содан кейін
қақпақты ашып, дайын попкорны бар табақты шығарып алыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Попкорн әзірлеу барысында аспап қатты қызады!
Абай болыңыз! Күйіп қалмау үшін ас үй қолғаптарын қолданыңыз.
I I I. А С П А П Т Ы К Ү Т У
Алғашқы пайдаланудың алдында, сонымен қатар мультипісіргіш-жылдам
пісіргіштегі астың иісін жою үшін әзірлеген соң бөтен иістерді кетіру үшін
онда 15 минут ішінде жарты лимонды «ПАР» бағдарламасында қайнатуға
кеңес береміз.
Жабық мультипісіргіште-жылдам асы әзір немесе суға толы табақты 24
сағат тан артық уақытқа қалдырмаған жөн. Дайын асы бар табақты
тоңазытқышта сақтауға және қажет болса, қыздыру функциясын қолдана
отырып, мультипісіргіште-жылдам тамақты қыздыруға болады.
Егер аспапты ұзақ уақыт қолданбасаңыз, оны электр желісінен ажыратыңыз.
Жұмыс камерасы, қыздыру дискісімен бірге, табақ, ішкі қақпақ пен бу және
бітеуіш клапан таза әрі құрғақ болуы тиіс.
Мультипісіргіш-жылдам пісіргішті тазалауға кіріспес бұрын оның электр
қоректендіру желісінен ажыратылып, толық суығанына көз жеткізіңіз. Тазалау
үшін жұмсақ мата мен ыдыс жууға арналған жұмсақ құралдарды қолданыңыз.
Мультипісіргіштің резина бөлшектерін тазалау барысында мұқият болыңыз:
оларды зақымдау немесе бүлдіру аспаптың жұмысын бұзуы мүмкін.
Аспапты тазалау барысында қатты сулықтар немесе сіңіргіштер,
абразивті пасталарды қолдануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Сондай-ақ кез
келген химиялық агрессивті немесе асқа жанасатын заттармен бірге
қолдануға кеңес берілмеген басқа да заттарды қолдануға болмайды.
Аспап корпусын суға батыруға немесе оны судың ағынына қоюға тыйым
салынады!
Бұйым корпусын кірлеу шамасына қарай жұмсақ сулы ас үй майлығы немесе
сіңіргішпен тазартыңыз. Жұмсақ тазартқыш құралды қолдануға болады. Судың
ықтимал айғыздары мен корупстағы айғыздардың алдын алу үшін бетті
кептіріп сүртуге кеңес береміз.
Табақ, ішкі алюминий қақпақ пен алынбалы бу клапанын аспапты әр
қолданған сайын тазарту қажет.
Сіз табақты қолмен де, жұмсақ сіңіргіш пен ыдыс жууға арналған құралды
қолдана отырып, сондай-ақ ыдыс жуу мәшинесінде тазарта аласыз (оның
өндірушінің нұсқауларына сәйкес). Қатты ластанған жағдайда табаққа жылы
су құйып, біраз уақыт шылап қойыңыз, содан кейін тазартыңыз. Табақтың
сыртқы бетін оны мультипісіргіш корпусына орнатар алдында міндетті түрде
кептіріп сүртіңіз.
Содержание
- 6 У В А Ж А Е М Ы Й П О К У П АТ Е Л Ь!; Хотите узнать больше? Посетите наш сайт
- 7 RUS; значительно продлит срок его службы.; Меры безопасности
- 8 не наклоняйтесь над устройством при открывании крышки.; в горячей воде или выделять пену, — не более чем на 3/5 от объема чаши.
- 9 и не держите руки над отверстиями клапана при его открытии.
- 10 С ОД Е Р Ж А Н И Е; Программа «ТУШЕНИЕ»
- 11 Приготовление детского питания
- 13 Технические характеристики; В режиме мультиварки:; Функции
- 14 «Настройка»; Устройство дисплея
- 15 I. П Е Р Е Д Н АЧ А Л О М И С П О Л Ь З О В А Н И Я; часов перед включением.
- 16 I I. Э К С П Л УАТА Ц И Я М УЛ ЬТ И В А Р К И-С К О Р О В А Р К И; Индикация режимов работы прибора
- 17 Изменение уровня давления; «Давление»; Изменение температуры приготовления
- 18 Отсрочка старта программы; Отсрочка; Если установить значение времени отсрочки старта; Поддержание температуры готовых блюд (автоподогрев); «Старт»
- 19 Предварительное отключение автоподогрева; Разогрев блюд
- 20 Закрыто
- 21 Программа «ПАР»
- 22 Программа «МОЛОЧНАЯ КАША»
- 24 Программа «ПЛОВ»
- 25 Программа «РИС/КРУПЫ»; «Закрыть»; «Меню»
- 26 Программа «ВАРКА»
- 27 Программа «ТОМЛЕНИЕ»; Прозвучит короткий сигнал, индикатор
- 28 Открыто
- 29 Программа «ВЫПЕЧКА»
- 30 Программа «ХЛЕБ»
- 31 Программа «ЙОГУРТ»
- 32 Программа «ЖАРКА»
- 33 Программа «ФРИТЮР»; ного приготовления продуктов во фритюре.
- 34 Программа «ПОПКОРН»; От
- 35 I I I. Д О П О Л Н И Т Е Л Ь Н Ы Е В О З М О Ж Н О С Т И; Расстойка теста; закладки не должен превышать половины полезного объема чаши.; Приготовление фондю; fondre; Приготовление творога, сыра
- 36 I V. В П О М О Щ Ь М А М Е; Возраст ребенка; Однокомпонентные соки
- 37 Стерилизация посуды; За
- 38 Подогрев детского питания
- 39 V. У Х ОД З А П Р И Б О Р О М; Общие правила и рекомендации; разогрева; Очистка корпуса
- 40 по себе это не является признаком дефекта чаши.; Очистка внутренней алюминиевой крышки; Совместите внутреннюю крышку с основной и слегка нажмите на нее.; Очистка съемного парового клапана и запорного клапана; потянув на себя. Тщательно промойте и просушите решетку.; Удаление конденсата
- 41 Очистка рабочей камеры
- 42 V I. С О В Е Т Ы П О П Р И Г ОТО В Л Е Н И Ю; Ошибки при приготовлении и способы их устранения; причины и пути решения.; БЛЮДО НЕ ПРИГОТОВИЛОСЬ ДО КОНЦА
- 43 ПРОДУКТ ПЕРЕВАРИЛСЯ
- 45 Рекомендуемое время приготовления различных продуктов на пару
- 46 Сводная таблица программ приготовления (заводские установки)
- 48 V I I. Д О П О Л Н И Т Е Л Ь Н Ы Е А К С Е С С УА Р Ы; либо в магазинах официальных дилеров.
- 49 I. В О З М О Ж Н Ы Е Н Е И С П РА В Н О С Т И И С П О С О Б Ы И Х У С Т РА Н Е Н И Я
- 50 I X. ГА РА Н Т И Й Н Ы Е О Б Я З АТ Е Л Ь С Т В А