Redmond RMC-260 - Инструкция по эксплуатации - Страница 53

Мультиварки Redmond RMC-260 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.

Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.

"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.
Страница:
/ 84
Загружаем инструкцию
background image

53

RMC-260

KAZ

53

3.  Табақ қисаймай орнатылғанына және қыздыру элементіне тығыз тиіп тұрғанына көз 

жеткізіңіз.  Мультипісіргіш  қақпағын  сыртыл  естілгенше  жабыңыз. Аспапты  электр 

желіге қосыңыз.

4.  «Меню» түймешігін басыңыз және әзірлеу бағдарламасын таңдаңыз. Мәзірден шар-

лау  үшін  « »  және  « »  түймешігін  басыңыз. Дисплейде  бағдарлама  индикаторы 

қалың қаріппен бөлектенеді.

5.  Азықты таңдау режиміне ауысу үшін «Продукт» түймешігін басыңыз. « » және «

» түймешігін басып, өңделетін азық түрін тізімнен таңдаңыз (дисплейде тиісті инди-

катор қалың қарыппен бөлектенеді).

6.  Әдепкі  орнатылған  әзірлеу  уақытын  өзгерту  үшін  «Время/Отсрочка»  түймешігін 

басыңыз. Уақыт индикаторы жыпылықтай бастайды. Қажетті әзірлеу уақытын орна-

ту үшін «Час» және «Мин» немесе « » және « » түймешіктерін басыңыз.

«ПАР»  бағдарламасында  әзірлеу уақытының  керісінше  есебі  су  қайнап,  табақта 

жеткілікті  бу  тығыздығы  болған  соң,  «ФРИТЮР»  бағдарламасында  май  қайнаған 

соң,  «МАКАРОНЫ»  және  «ПЕЛЬМЕНИ/ХИНКАЛИ»  бағдарламаларында  су  қайнап, 

«Старт» түймешігі қайта басылғанда ғана басталатынын есте сақтаңыз.

7.  Қажет болғанда стартты шегеру уақытын орнатыңыз.

Стартты  шегеру  функциясы  «ЖАРКА»,  «МАКАРОНЫ»,  «ПЕЛЬМЕНИ/ХИНКАЛИ», 

«ФРИТЮР»  және  «ЭКСПРЕСС»  бағдарламалары  пайдаланылғанда  қол  жетімді 

емес.

8.  Әзірлеу  бағдарламасын  іске  қосу  үшін  «Старт»  түймешігін  басыңыз.  Әзірлеу  және 

автоысыту режимдерінің индикаторлары және «Старт» түймешігінің жарығы жанады. 

Бағдарлама орындала бастайды және әзірлеу уақытының керісінше есебі басталады.

Қажет  болғанда  әзірлеу  бағдарламасы  іске  қосылған  немесе жұмыс  істеген  кезде 

«Старт» түймешігін басып, автоысыту функциясын алдын ала өшіруге болады.   

индикаторы  мен  «Отмена/Разогрев»  түймешігінің жарығы  өшеді.  «Старт»  түй

-

мешігін қайта бассаңыз, осы функция қайта қосылады.

9.  Әзірлеу бағдарламасы аяқталуы туралы үш қысқа дыбыс сигналы хабарлайды. Ары 

қарай, ағымдағы теңшелімдерге байланысты аспап автоысыту режиміне (дисплейде 

«Подогрев» («Ысыту») және    индикаторлары және «Отмена/Разогрев» түймеші-

гінің жарығы жанады) немесе күту режиміне (дисплей жанбайды, ағымдағы уақыт 

көрінеді) ауысады.

Енгізілген  бағдарламаны  болдырмау,  әзірлеу  немесе  автоысыту үдерісін үзу үшін 

«Отмена/Разогрев» түймешігін басып, бірнеше секунд ұстаңыз.

«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы

Бағдарлама тағамды пайдаланушы тапсырған температура параметрі мен әзірлеу уақы-

ты  бойынша  әзірлеуге  арналған.  «МУЛЬТИПОВАР»  бағдарламасының  арқасында 

REDMOND  RMC-260  мультипісіргіші  асханалық  құралдардың  бір  қатарын  алмастыра 

алады  және  тағамды  іс  жүзінде  ескі  аспаздық  кітапта  немесе  Интернетте  табылған 

сізге қызық кез келген рецепт бойынша әзірлеуге мүмкіндік береді.

«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 30 минут, әзірлеу температу-

расы 100°С құрайды. Бағдарламада температураны қолмен орнату диапазоны 1°С қа-

дамымен 35–180°С құрайды. Уақытты қолмен орнату диапазоны — 1 минут қадамымен 

2 минуттан 15 сағатқа дейін.

Сізге ыңғайлы болуы үшін тағамды 80°С дейін температурада әзірлегенде автоы

-

сыту функциясы өшірулі. Қажет болғанда әзірлеу бағдарламасы іске қосылған соң 

«Старт»  түймешігін  басып,  оны  қолмен  қосуға  болады.  «Отмена/Разогрев»  түй

-

мешігінің жарығы мен дисплейде    индикаторы жанады.
«МУЛЬТИПОВАР»  бағдарламасында  әртүрлі  көп  тағамды  әзірлеуге  болады.  Біздің 

кәсіби аспаздардың ілесетін аспаздық кітабын пайдаланыңыз. Қажеті рецепттерді 

www.multivarka.pro сайтында да таба аласыз.

«РИС/КРУПЫ» бағдарламасы

Бағдарлама  суда  күріш  пен  тұтас  дәнді  жармалардың  әртүрлі  ботқаларын  әзірлеуге 

арналған.  Бағдарламада  әдепкі  әзірлеу  уақыты  30  минут  құрайды.  Әзірлеу  уақытын 

5 минуттан 4 сағатқа дейінгі диапазонда 1 минут қадамымен қолмен орнатуға болады.

«СУП» бағдарламасы

Бағдарлама  түрлі  етті,  балықты,  көкөністі  және  басқа  да  көжелерді  жасауға  арналған. 

Бағдарламада әдепкі әзірлеу уақыты 1 сағат құрайды. Әзірлеу уақытын 10 минут 8 сағатқа 

дейінгі диапазонда 5 минут қадамымен қолмен орнатуға болады.

«ХОЛОДЕЦ» бағдарламасы

Бағдарлама  іркілдек  пен  заливное  әзірлеуге  арналған.  Бағдарламада  әдепкі  әзірлеу 

уақыты 4 сағат құрайды. Әзірлеу уақытын 10 минуттан 10 сағатқа дейінгі диапазонда 

10 минут қадамымен қолмен орнатуға болады.

«ПАР» бағдарламасы 

Бағдарлама буда ет, балық, құс еті, көкөніс пен құрамдасы көп тағамды әзірлеуге арналған. 

Бағдарламада әдепкі әзірлеу уақыты 40 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минуттан 2 

сағатқа дейінгі диапазонда 5 минут қадамымен қолмен орнатуға болады.
Осы бағдарламада әзірлеу үшін арнайы контейнерді пайдаланыңыз (жинаққа кіреді):
1.  Табаққа 600-1000 мл су құйыңыз. Табаққа буда әзірлеу контейнерін орнатыңыз.

2.  Азық-түлікті рецептке сәйкес өлшеп дайындаңыз, контейнерге біркелкі етіп салыңыз 

және Табақты аспап қорпусына қойыңыз. 

3.  «Автоматты бағдарламаны пайдаланылғанда жалпы әрекеттер тәртібі» тарауының 

3-9 тармақтарын ұстаныңыз.

«ВАРКА» бағдарламасы

Бағдарлама  көкөніс,  ет,  балық,  сонымен  қатар  бұршақ  асуға  арналған.  Бағдарламада 

әдепкі әзірлеу уақыты 1 сағат құрайды. Әзірлеу уақытын 10 минуттан 8 сағатқа дейінгі 

диапазонда 5 минут қадамымен қолмен орнатуға болады.

Содержание

Полезные видео

Характеристики

Оцените статью
tehnopanorama.ru
Остались вопросы?

Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)

Задать вопрос

Часто задаваемые вопросы
Как посмотреть инструкцию к Redmond RMC-260?
Необходимо подождать полной загрузки инструкции в сером окне на данной странице
Руководство на русском языке?
Все наши руководства представлены на русском языке или схематично, поэтому вы без труда сможете разобраться с вашей моделью
Как скопировать текст из PDF?
Чтобы скопировать текст со страницы инструкции воспользуйтесь вкладкой "HTML"