Philips HD2151/40 - Инструкция по эксплуатации - Страница 8

Мультиварки Philips HD2151/40 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.

Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.

"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.
Страница:
/ 30
Загружаем инструкцию
background image

Probléma

Megoldás

Levegő vagy gőz 

szivárog a fedélből 

vagy a gőznyílásból. 

• 

A hőmérséklet-szabályozó körül lévő sapkás 

anya laza. Szorosan húzza meg a sapkás 

anyát a megfelelő szerszámokkal.

• 

A tömítőgyűrű nincs megfelelően felszerelve. 

Ellenőrizze, hogy megfelelően van-e 

felszerelve a leválasztható belső fedél körül.

• 

Ételmaradékok vannak a tömítőgyűrűben. 

Győződjön meg arról, hogy a tömítőgyűrű 

tiszta.

• 

Ételmaradékok vannak az úszószelepen. 

Tisztítsa meg az úszószelepet.

• 

Ételmaradékok vannak a 

nyomásszabályozóban. Tisztítsa meg a 

nyomásszabályozót.

• 

A nyomásszabályozó nincs megfelelően 

felszerelve. Győződjön meg arról, hogy 

megfelelően van felszerelve.

• 

A fedél nincs teljesen lehajtva és lezárva. 

Ellenőrizze, hogy a fedél teljesen rögzítve 

van-e, illetve hogy a megfelelő helyzetben 

van-e.

Az E1, E2, E3, E8, E10, 

E11 vagy E16 jelenik 

meg a képernyőn.

• 

A főzőkészülék meghibásodott. Vigye el a 

készüléket a Philips egyik forgalmazójához 

vagy egy hivatalos Philips ügyfélszolgálathoz.

A fenti problémák 

továbbra is 

fennállnak.

• 

A multifunkciós főzőkészülék meghibásodott. 

Ebben az esetben, kérjük, tegye a következőt:

 

(1) Végezze el saját maga a szervizelést. 

Vegye fel a kapcsolatot a vevőszolgálattal- 

Lehetséges, hogy útmutatást, illetve 

segítséget tudunk nyújtani egy videóval a 

probléma megoldásához.

 

(2) Vigye el a készüléket szervizbe. Vigye 

magával a terméket a Philips szervizébe.

 

(3) Helyszíni szerviz. Vegye fel velünk a 

kapcsolatot, és segítünk Önnek – további 

költségek nélkül – megszervezni a termék 

Philips által jóváhagyott javítását.

Қазақ

Маңызды

Құрылғыны қолданбастан бұрын осы парақшаны мұқият оқып шығып, 

қажет кезде қарау үшін сақтап қойыңыз.

Қауіпті

• 

Құрылғыны суға салуға болмайды.

Ескерту

• 

Оны қоспас бұрын, құрылғыда көрсетілген кернеу жергілікті қуат 

кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз.

• 

Бұл құрылғыны үй ішінде немесе мына орындарда қолдануға 

болады:

• 

дүкендегі, кеңседегі және басқа да тұрғын үй сияқты жерлердегі 

асханалар;

• 

фермалар;

• 

қонақ үйлер, мотельдер және басқа да тұрғын орындары;

• 

жатақ пен таңғы ас берілетін жерлер.

• 

Құрылғыны қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулар беріліп, басқа 

біреу қадағалаған және құрылғыны пайдалануға қатысты қауіп-

қатерлер түсіндірілген жағдайда, осы құрылғыны физикалық, сезу 

немесе ойлау қабілеті шектеулі, тәжірибесі мен білімі аз адамдар 

пайдалана алады.

• 

Балалар құрылғымен ойнамауы керек.

• 

Тазалау және пайдаланушының қызмет көрсету жұмысын балалар 

орындамауы керек.

• 

Бұл құрылғыны балаларға пайдалануға болмайды. 

• 

Құрылғыны және оның сымын балалардың қолдары жетпейтін 

жерде сақтаңыз.

• 

Қуат сымдарының жиынтығы зақымданған болса, оны өндірушінің 

ұқсас қуат сымдарының жиынтығына ауыстыру керек.

• 

Құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару 

жүйесімен басқарылмайды.

• 

ЕСКЕРТУ. Ықтимал жарақатты болдырмау үшін әрқашан 

нұсқауларды орындаңыз және құрылғыны дұрыс пайдаланыңыз.

• 

ЕСКЕРТУ. Ықтимал қауіпті болдырмау үшін қуат жалғағышына 

сұйықтықтың төгілмеуін қадағалаңыз.

• 

Абайлаңыз. Пайдаланудан кейін қыздыру элементінің бетіне қалдық 

жылу әсер етеді. 

• 

Тамақ тиетін беттерді таза әрі жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.

• 

Құрылғыны тек жерге қосылған розеткаға қосыңыз. Әрдайым 

ашаның розеткаға мықтап кіргізілгенін тексеріңіз.

• 

Егер аша, қуат сымы, ішкі ыдыс, нығыздаушы сақина немесе негізгі 

корпус зақымдалған болса, құрылғыны пайдаланбаңыз.

• 

Қуат сымы үстелдің немесе құрылғы қойылған беттің шетінен 

салбырап тұрмау керек.

• 

Ашаны розеткаға кіргізер алдында қыздыру элементі мен ішкі 

ыдыстың сырты таза әрі құрғақ екенін тексеріңіз.

• 

Су қолмен құрылғыны розеткаға жалғауға және басқару тақтасын 

ұстауға болмайды.

• 

Будың шығуын болдырмайтын қысымды реттегіштегі түтікшелердің 

бітеліп қалмағанын жиі тексеріп отырған жөн.

• 

Құрылғыны жалғамастан бұрын розетканың таза әрі құрғақ екенін 

тексеріңіз.

• 

Қысым жеткілікті мөлшерде азаймайынша ыдысты ашуға болмайды.

• 

Жоғарғы қақпақтан тым көп ауа немесе бу шығып жатса, құрылғыны 

пайдаланбаңыз.

• 

Сорпа немесе тұтқыр сұйықтық әзірлеп жатқанда қысымды 

реттегішті бу шығатын тесікше күйіне қойып, бу шығармаңыз, 

әйтпесе қысымды реттегіш клапаннан сұйықтық атқылауы мүмкін. 

Жоғарғы қақпақты ашу үшін қысымның өздігінен басылып, қалқыма 

клапанның түскенін күтіңіз.

Ескерту

• 

Басқа өндірушілер шығарған немесе Philips компаниясы нақты 

ұсынбаған қосалқы құралдар мен бөлшектерді пайдаланбаңыз. 

Ондай қосалқы құралдар мен бөлшектерді пайдалансаңыз, кепілдік 

өз күшін жояды.

• 

Құрылғыны жоғары температурада ұстамаңыз немесе оны жұмыс 

істеп тұрған я болмаса әлі де болса ыстық плитаның немесе 

пісіргіштің үстіне қоймаңыз.

• 

Құрылғыны күн сәулесі тікелей түсетін жерге қоймаңыз.

• 

Құрылғыны тұрақты, көлденең және тегіс бетке қойыңыз.

• 

Құрылғыны жылжыту үшін жоғарғы қақпақтың тұтқасын емес, 

бүйіріндегі тұтқаларды пайдаланыңыз.

• 

Қысымның қысымды реттегіш клапаннан шыққанда ыстық бу 

немесе сұйықтық төгіледі. Бу шығатын тесікшелерге қолыңыз бен 

бетіңізді жақындатпаңыз.

• 

Ашаны қуат розеткасына тықпастан және құрылғыны қоспастан 

бұрын, әрқашан оған ішкі ыдысты салыңыз.

• 

Ішкі ыдысты тамақ пісіру үшін ашық отқа тікелей қоюға болмайды.

• 

Зақымдалған болса, ішкі ыдысты пайдаланбаңыз.

• 

Нығыздаушы сақинаның таза әрі жақсы жағдайда екенін тексеріңіз.

• 

Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, оның қол жетімді беттері ысып кетуі 

мүмкін. Беттерін ұстаған кезде абай болыңыз.

• 

Пісіріп жатқанда немесе қақпағын ашқан кезде абай болыңыз, 

себебі қалқыма клапаннан және қысымды реттегіштен ыстық бу 

шығады. Будан сақтану үшін қолдарыңыз бен бетіңізді құрылғыға 

жақындатпаңыз.

• 

Жұмыс істеп жатқан кезде құрылғыны көтермеңіз және 

жылжытпаңыз.

• 

Тасып кетпеуі үшін салынатын ингредиенттерді ішкі ыдыста 

көрсетілген ең жоғарғы су деңгейінен асырмаңыз.

• 

Тамақ пісіріп жатқанда ас үй құралдарын ыдыстың ішіне салмаңыз.

• 

Тек берілген пісіруге арналған ыдыс-аяқты қолданыңыз. Өткір ыдыс-

аяқты қолдануға болмайды.

• 

Сызаттарды болдырмау үшін шаяндар мен ұлулары бар 

ингредиенттерді дайындау ұсынылмайды. Пісіру алдында қатты 

қабықты алып тастаңыз.

• 

Қақпаққа магнитті затты қоймаңыз. Құрылғыны магнитті заттың 

қасында қолданбаңыз.

• 

Тазаламастан немесе жылжытпастан бұрын әрқашан құрылғыны 

бөлме температурасына дейін суытып алыңыз.

• 

Құрылғыны қолданып болғаннан соң, оны міндетті түрде тазалаңыз. 

Құрылғыны ыдыс жуғышта тазаламаңыз.

• 

Ұзақ уақыт пайдаланбайтын болсаңыз, құрылғыны әрдайым 

ажыратып қойыңыз.

• 

Құрылғыны дұрыс қолданбаса, кәсіби немесе жартылай кәсіби 

мақсаттарда қолданса, қауіпсіздік парақшасындағы нұсқауларға 

сәйкес қолданбаса, кепілдік жарамсыз болады және Philips 

компаниясы болған зақымдарға байланысты кез келген 

жауапкершіліктен бас тартады.

• 

Барлық нұсқауларды оқыңыз. 

• 

Қолданып жатқанда балаларды жылдам қайнататын пешке 

жақындатпаңыз. 

• 

Жылдам қайнататын пешті қыздырылған тұмшапешке салмаңыз. 

• 

Қысым жиналған жылдам қайнататын пешті өте мұқият 

жылжытыңыз. Ыстық беттерді ұстамаңыз. Тұтқаларды және 

ұстағыштарды қолданыңыз. Қажет болса, қорғайтын құралды 

қолданыңыз. 

• 

Жылдам қайнататын пешті тек өндіруші ұсынған мақсатта 

пайдаланыңыз. 

• 

Бұл құрылғы қысыммен пісіреді. Жылдам қайнататын пешті дұрыс 

пайдаланбасаңыз, күйіп қалуыңыз мүмкін. Қыздырмастан бұрын 

пештің дұрыс жабылғанына көз жеткізіңіз. 

• 

Жылдам қайнататын пешті ешқашан күшпен ашпаңыз. Ішкі қысым 

толық түскеніне көз жеткізбей, пешті ашпаңыз. 

• 

Ешқашан жылдам қайнататын пешті сусыз пайдаланбаңыз, бұл оны 

қатты зақымдауы мүмкін.

• 

Ингредиенттерді салғанда пештің 2/3 бөлігінен асырмаңыз. 

Пісіру кезінде көлемі үлкейетін тағамдарды, мысалы күріш немесе 

құрғатылған көкөністерді пісіргенде, ингредиенттерді пештің 

ортасынан асырмай салыңыз. 

• 

Пайдалану нұсқауларына сәйкес тиісті жылу көз(дер)ін 

пайдаланыңыз. 

• 

Қысым әсерінен ісінуі мүмкін терісі бар етті (мысалы, өгіз тілі) 

пісіргеннен кейін, терісі ісініп тұрған етті шаншуға болмайды; күйіп 

қалуыңыз мүмкін.

• 

Қамырды пісіргенде тағам төгілмеу үшін қақпақты ашпас бұрын 

пешті ақырын шайқаңыз. 

• 

Әр қолданардың алдында клапандар бітелмегенін тексеріңіз. 

Пайдалану нұсқаулығын қараңыз. 

• 

Тамақты майға батырып немесе аз маймен қуыру үшін жылдам 

қайнататын пешті ешқашан қысымды режимде қолданбаңыз. 

• 

Пайдалану нұсқаулығында көрсетілген техникалық қызмет көрсету 

нұсқауларынан айналып өтіп, қауіпсіздік жүйелерінің ешқайсысын 

бұзбаңыз. 

• 

Әр модельге сәйкес келетін өндірушінің қосалқы бөлшектерін 

ғана қолданыңыз. Атап айтқанда, үйлесімді ретінде көрсетілген 

өндірушінің корпусы мен қақпағын қолданыңыз. 

• 

Жөндеуді тек уәкілетті қызметкерлер жүргізуі керек.

• 

Жылдам қайнататын пешті құрғақ жерде сақтау керек.

• 

Пайдаланушы нұсқаулығын жүктеп алу үшін, 

www.philips.com/support

 

сайтына кіріңіз.

Қуат үзілісі жағдайындағы сақтық көшірме

Бұл құрылғыда электр қуатының үзілуіне дейінгі күйді сақтайтын 

резервтік функция бар.

• 

Егер пісіру процесінде электр қуаты үзілсе және 30 минут ішінде 

қуат қайта берілсе, пісіру уақытының кері санағы тоқтаған жерден 

жалғасады.

• 

Егер құрылғы алдын ала орнатылған режимде болғанда электр қуаты 

үзілсе және 30 минут ішінде қуат қайта берілсе, алдын ала орнатылған 

уақытқа кері санақ тоқтаған жерден жалғасады.

• 

Егер 30 минут ішінде қуат қайта берілмесе, құрылғы алдыңғы жұмыс 

процесін жалғастырмауы мүмкін, бірақ күту режимінде қалады.

Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)

Осы Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық 

қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.

«Барлығы бір құрылғыда» пеші

Сатып алғаныңыз құтты болсын және Philips компаниясына қош келдіңіз!
Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін, өнімді 

 

www.philips.com/welcome

 сайтына тіркеңіз.

Қораптағы заттар (1-сурет)

Негізгі қондырғы   

 

Ішкі ыдыс

Күріш пен сорпаға арналған шөміш  Өлшейтін шыныаяқ

Қуат сымы 

 

 

Алынатын ішкі қақпақ

Бумен пісіру табақшасы  

 

Пайдаланушы нұсқаулығы

Рецепт кітабы 

 

 

Кепілдік картасы

Көрсетуге арналған қысқаша іске қосу нұсқаулығы

Өнімге шолу жасау (2-сурет)

a

Жоғарғы қақпақ

j

Басқару панелі

b

Нығыздаушы сақина

k

Температураны реттегіш

c

Алынатын ішкі қақпақ

l

Бу қорабы

d

Қалпақшалы сомын

m

Қуат розеткасы

e

Қауіпсіздік клапаны

n

Қақпақты ашу түймесі

f

Бекіткіш сомын

o

Қақпақты құлыптау/құлпын 

ашу тұтқасы

g

Қалқыма клапан

p

Бу шығатын тесікше

h

Ішкі ыдыс

q

Қысымды реттегіш

i

Су деңгейінің көрсеткіші

Басқару панеліне шолу (3-сурет)

r

Қақпақтың құлыпталғанын 

білдіретін индикатор

y

Қысымның таңдалғанын 

білдіретін индикатор

s

Ингредиенттер қосу түймесі

z

Бастаудың кідіртілгенін 

білдіретін индикатор

t

Тұздықты қоюландыру 

түймесі

{

Мәзірді таңдау түймесі

u

Сүйікті ас түймесі

|

Мәзірді таңдау түймесі

v

Ет кесектерінің өлшемін 

таңдау түймесі

}

Растау/Балалардан қорғау 

түймесі

w

Балалардан қорғау 

индикаторы

~

Бас тарту түймесі

x

Таймердің таңдалғанын 

білдіретін индикатор



Қақпақ құлпы ашылғанын 

білдіретін индикатор

«Барлығы бір құрылғыда» пешіндегі қысым жойылғаннан кейін 

автоматты түрде жылы етіп сақтау режиміне ауысады. Құлпын ашып, 

жоғарғы қақпақты алуға болады.

 

»

Жылы етіп сақтау индикаторы (   ) жанады.

Ескертпе

• 

Қақпақты ашу үшін «Барлығы бір құрылғыда» пеші өздігінен 

суығанша күтіңіз.

• 

Пісіру процесі аяқталғаннан кейін, «Барлығы бір құрылғыда» пешін 

электр розеткасынан ажыратыңыз.

Баяу пісіру

Төмен темп. баяу пісіру (   ) немесе Жоғары темп. баяу пісіру ( 

 ) 

функциясын таңдауға болады, әр функцияда 6 қосалқы мәзір бар. Пісіру 

уақыты мен уақытты реттеу диапазоны үшін «Функцияларға шолу» 

тарауын қараңыз.

Ескертпе

• 

Бұл — қысымсыз пісіру мәзірі.

«Пісіру алдында орындалатын сақтық шаралары» бөліміндегі 

қадамдарды орындаңыз.

 немесе   түймесін басып, баяу пісіру (  немесе 

 ) 

функциясын таңдаңыз да растау үшін   түймесін басыңыз (9-сурет).

Қосалқы мәзірлердің бірін таңдау үшін   немесе   түймесін 

басыңыз.

 

»

Таңдалған пісіру функциясы жанады, экранда әдепкі пісіру 

уақыты көрсетіледі.

Растау үшін   түймесін түртіңіз, «Барлығы бір құрылғыда» пеші 

таңдалған режимде жұмыс істей бастайды.

Пісіру процесі аяқталғаннан кейін «Барлығы бір құрылғыда» пеші 

автоматты түрде жылы етіп сақтау режиміне ауысады. Құлпын ашып, 

жоғарғы қақпақты алуға болады.

 

»

Жылы етіп сақтау индикаторы (   ) жанады.

Бумен пісіру

Пісіру уақыты мен әрбір қосалқы мәзірдің реттеу диапазоны үшін 

«Функцияларға шолу» тарауын қараңыз.

Ескертпе

• 

Әдепкі пісіру қысымы - 10 кПа және оны реттеу мүмкін емес.

«Пісіру алдында орындалатын сақтық шаралары» бөліміндегі 

қадамдарды орындаңыз.

 немесе   түймесін басып, бумен пісіру (   ) функциясын 

таңдаңыз да растау үшін   түймесін басыңыз (10-сурет).

Қосалқы мәзірлердің бірін таңдау үшін   немесе   түймесін 

басыңыз.

 

»

Таңдалған пісіру функциясы жанады, пісірудің әдепкі уақыты мен 

қысымы экранда көрсетіледі.

Растау үшін   түймесін түртіңіз, «Барлығы бір құрылғыда» пеші 

таңдалған режимде жұмыс істей бастайды.

«Барлығы бір құрылғыда» пеші пісіру қысымына жеткенде, қысымды 

ұстап тұру уақыты кері санауды бастайды. «Барлығы бір құрылғыда» 

пеші бу шығарып жатқанда қызады. Пісіру процесінде күйіп қалмас 

үшін бу шығаратын тесікшеге қол тигізбеңіз. 

Қысымды ұстап тұру уақыты аяқталғаннан кейін, «Барлығы бір 

құрылғыда» пеші қысымды босату сатысына өтеді,   индикаторы 

жанады. «Барлығы бір құрылғыда» пеші аралықпен қысымды жібере 

бастайды. Бу шығаратын тесікшеге қол тигізбеңіз.

«Барлығы бір құрылғыда» пешіндегі қысым жойылғаннан кейін 

автоматты түрде жылы етіп сақтау режиміне ауысады. Құлпын ашып, 

жоғарғы қақпақты алуға болады.

 

»

Жылы етіп сақтау индикаторы (   ) жанады.

Айрықша рецепттер

Пісіру функциясында 6 мәзір бар: Күріш (   ), Сорпа (   ), 

 

Үрмебұршақ (   ), Голубцы (   ), Йогурт (   ) және Джем (   ).
Пісіру уақыты мен реттеу диапазоны үшін «Функцияларға шолу» тарауын 

қараңыз.

Ескертпе

• 

Йогурт( 

 ) 

және Джем ( 

 )

 — қысымсыз пісірілетін мәзірлер.

«Пісіру алдында орындалатын сақтық шаралары» бөліміндегі 

қадамдарды орындаңыз.

 немесе   түймесін түртіп, айрықша рецепттерді (   ) таңдаңыз 

да растау үшін   түймесін түртіңіз (11-сурет).

Қосалқы мәзірлердің бірін таңдау үшін   немесе   түймесін 

басыңыз.

 

»

Таңдалған пісіру функциясы жанады, пісірудің әдепкі уақыты мен 

қысымы экранда көрсетіледі.

Растау үшін   түймесін түртіңіз, «Барлығы бір құрылғыда» пеші 

таңдалған режимде жұмыс істей бастайды.

«Барлығы бір құрылғыда» пеші пісіру қысымына жеткенде, қысымды 

ұстап тұру уақыты кері санауды бастайды.

Қысымды ұстап тұру уақыты аяқталғаннан кейін, «Барлығы бір 

құрылғыда» пеші қысымды босату сатысына өтеді,   индикаторы 

жанады. «Барлығы бір құрылғыда» пеші аралықпен қысымды жібере 

бастайды. Бу шығаратын тесікшеге қол тигізбеңіз.

«Барлығы бір құрылғыда» пешіндегі қысым жойылғаннан кейін 

автоматты түрде жылы етіп сақтау режиміне ауысады. Құлпын ашып, 

жоғарғы қақпақты алуға болады.

 

»

Жылы етіп сақтау индикаторы (   ) жанады.

Сотэ

Ескертпе

• 

Сотэ 

 

функциясын қолданғанда қақпақты ашық қалдырыңыз, 

әйтпесе «Барлығы бір құрылғыда» пеші дыбыстық сигнал шығарады.

«Пісіру алдында орындалатын сақтық шаралары» бөліміндегі 

қадамдарды орындаңыз.

 немесе   түймесін түртіп, Сотэ пісіру (   ) режимін таңдаңыз да 

растау үшін   түймесін түртіңіз (12-сурет).

Пісіру уақытын таңдау үшін   немесе   түймесін түртіңіз 

(13-сурет).

 

»

Пісіру уақыты экранда жыпылықтайды.

Растау үшін   түймесін түртіңіз, «Барлығы бір құрылғыда» пеші 

таңдалған режимде жұмыс істей бастайды.

Пісіру процесі аяқталғаннан кейін «Барлығы бір құрылғыда» пеші 

автоматты түрде күту режиміне ауысады.

Жылыту/пісіру

Суыған тағамды қопсытып, оны ішкі ыдысқа тегістеп жайыңыз.

Қатты құрғақ болмауы үшін тағамға біраз су құйыңыз. Судың 

мөлшері тағамның көлеміне байланысты болады.

Қақпақты жауып, ашаны розеткаға салыңыз да құрылғыны қосыңыз.

 немесе   түймесін басып, Жылыту/пісіру (   ) функциясын 

таңдаңыз (14-сурет).

Пісіру уақытын таңдау үшін   немесе   түймесін түртіңіз.

 

»

Пісіру уақыты экранда жыпылықтайды.

Растау үшін   түймесін түртіңіз, «Барлығы бір құрылғыда» пеші 

таңдалған режимде жұмыс істей бастайды.

Пісіру процесі аяқталғаннан кейін «Барлығы бір құрылғыда» пеші 

автоматты түрде жылы етіп сақтау режиміне ауысады.

 

»

Жылы етіп сақтау индикаторы (   ) жанады.

Пісіру уақытын, қысымды және кешіктіріп бастауды 

реттеңіз

Ескертпе

• 

Пісіру уақытын тек Күріш   және Жылы етіп сақтау 

 

функциясында өзгерте алмайсыз.

• 

Қысым деңгейін мына функцияларда реттеуге келмейді: Төмен 

темп. баяу пісіру  , Жоғары темп. баяу пісіру  , Бумен пісіру  , 

 

Күріш  , Голубцы  , Йогурт  , Джем  , Сотэ  , Тұздықты 

қоюландыру  , Жылыту/пісіру   және Жылы етіп сақтау  .

Мәзірді таңдау кезінде пісіру уақытын, әдепкі қысымды және кешіктіріп 

бастауды реттеуге болады.

Қажетті фунцияны таңдағаннан кейін пісіру уақытын реттеу үшін 

 

түймесін басып тұрыңыз (15-сурет).

 

»

Экранда уақыт индикаторы   көрсетіледі.

«Барлығы бір құрылғыда» пешін пайдалану

Пісіру бағдарламасы

Пісіру функциясы

Қосалқы пісіру 

функциясы

Әдепкі пісіру уақыты

Реттелетін пісіру 

уақыты

Әдепкі қысым (кПа)

Реттелетін қысымды 

реттеу диапазоны 

(кПа)

Қысыммен пісіру 

Сиыр еті ( 

 )

30 минут

3-59 минут

70

20-70

Құс еті ( 

 )

15 минут

2-59 минут

60

20-70

Шошқа еті ( 

 )

15 минут

0-59 минут

70

20-70

Қозы еті( 

 )

20 минут

3-59 минут

70

20-70

Теңіз өнімдері ( 

 )

3 минут

1-59 минут

40

20-70

Қолмен ( 

 )

5 минут

2-59 минут

20

20-70

Төмен темп. баяу пісіру 

Сиыр еті ( 

 )

12 сағат

2-12 сағат

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Құс еті ( 

 )

10 сағат

2-12 сағат

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Шошқа еті ( 

 )

10 сағат

2-12 сағат

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Қозы еті( 

 )

10 сағат

2-12 сағат

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Теңіз өнімдері ( 

 )

8 сағат

2-12 сағат

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Қолмен ( 

 )

2 сағат

2-12 сағат

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Жоғары темп. баяу 

пісіру 

Сиыр еті ( 

 )

6 сағат

2-12 сағат

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Құс еті ( 

 )

4 сағат

2-12 сағат

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Шошқа еті ( 

 )

4 сағат

2-12 сағат

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Қозы еті( 

 )

4 сағат

2-12 сағат

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Теңіз өнімдері ( 

 )

2 сағат

2-12 сағат

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Қолмен ( 

 )

2 сағат

2-12 сағат

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Бумен пісіру 

Сиыр еті ( 

 )

30 минут

3-30 минут

10

Қолданылмайды

Құс еті ( 

 )

20 минут

3-30 минут

10

Қолданылмайды

Шошқа еті ( 

 )

30 минут

3-30 минут

10

Қолданылмайды

Қозы еті( 

 )

30 минут

3-30 минут

10

Қолданылмайды

Теңіз өнімдері ( 

 )

8 минут

3-30 минут

10

Қолданылмайды

Қолмен ( 

 )

10 минут

3-30 минут

10

Қолданылмайды

Айрықша рецепт 

Күріш 

14 минут

Қолданылмайды

30

Қолданылмайды

Сорпа 

20 минут

20-59 минут

50

20-50

Үрмебұршақ 

20 минут

20-59 минут

70

20-70

Голубцы 

18 минут

10-20 минут

40

Қолданылмайды

Йогурт 

8 сағат

6-12 сағат

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Джем 

55 минут

25-59 минут

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Сотэ 

10 минут

10-59 минут

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Жылыту/пісіру 

15 минут

15-59 минут

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Жылы етіп сақтау 

12 сағат

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Тұздықты қоюландыру 

8 минут

5-15 минут

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Ескертпелер

• 

Бұл функцияларды қолданған кезде қақпақты ашық ұстаңыз: Сотэ   және Тұздықты қоюландыру  . Әйтпесе, «Барлығы бір құрылғыда» пеші 

қақпақты ашу керектігін ескертетін дыбыстық сигнал шығарады.

• 

Мына функцияларды пайдаланған кезде қақпақты жабыңыз және бекітіңіз: Қысыммен пісіру 

, Бумен пісіру  , Күріш  , Сорпа   және 

Үрмебұршақ  . Егер сіз қақпақты ашсаңыз, «Барлығы бір құрылғыда» пешінде пісіру процесі тоқтайды,   индикатор жанады және дыбыстық сигнал 

естіледі.

• 

Пісіру процесін қақпағын ашып немесе жауып қойып бастауға болады. Бұл Төмен темп. баяу пісіру  , Жоғары темп. баяу пісіру  , Йогурт   Жылы 

етіп сақтау   функцияларына қолданылады.

• 

Пісіру процесін қақпағын ашып немесе жауып қойып, құлыпталған түрде бастауға болады. Бұл Голубцы  , Джем   және Жылыту/пісіру 

 

функцияларына қолданылады.

• 

Қолмен (   ) функциясын Төмен темп. баяу пісіру  , Жоғары темп. баяу пісіру   немесе Бумен пісіру   кезінде қолданғанда, пісіру процесін 

бастамас бұрын пісіру уақытын, пісіру қысымын және алдын ала орнатылған уақытты қолмен орнату қажет.

• 

Пісіру кезінде бу шығатын тесікшеден әлсін-әлсін бу шығады. Бұл оңтайлы ауа ағыны болуы және пісіру нәтижесін қамтамасыз ету үшін қажет. 

• 

Қысым көтеріле бастағанда, «Барлығы бір құрылғыда» пеші бу шығатын тесікше арқылы ішкі ыдыстан суық ауаны автоматты түрде шығарады. Бұл 

сенсордың ішіндегі температура мен қысымды дәл сезіп, басқара алатынына көз жеткізу үшін қажет.

• 

Пісіру қысымын қалаған текстураға жету үшін реттеуге болады. Нәзік нәтижеге қол жеткізу үшін пісіру қысымын жоғарылатуға немесе текстураны тым 

жұмсақ деп тапсаңыз, пісіру қысымын төмендетуге болады.

Пісіру алдында орындалатын сақтық шаралары 

Ескерту

• 

Алынатын ішкі қақпақтың дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе

• 

Ішкі ыдысқа су деңгейі көрсеткішінің ең төменгі деңгейінен төмен 

немесе су деңгейі көрсеткішінің ең жоғарғы деңгейінен асырып 

тағам мен сұйықтық құймаңыз.

• 

Пісірген кезде көлемі үлкейетін тағамдар (үрмебұршақтар немесе 

кептірілген тағамдар) үшін салынатын тамақ пен сұйықтықты ішкі 

ыдыстың 1/2 бөлігінен асырмаңыз.

• 

Күріш пісіру үшін, ішкі ыдыстың ішіндегі су деңгейі көрсеткішінен 

асырмаңыз. Күріштің әр түрі үшін су деңгейін әрқашан өз 

қалауыңызға қарай реттеуіңізге болады. Салатын ингредиентті ішкі 

ыдыстың ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіштен асырмаңыз.

• 

Пісіру процесі басталғаннан кейін, ағымдағы жұмысты тоқтату үшін 

 түймесін басуға болады, құрылғы мәзірді таңдау режиміне өтеді.

• 

Пісіру процесі басталып, ішкі ыдыста қысым пайда болғаннан кейін, 

ағымдағы пісіру процесінен бас тарту үшін 3 секунд   түймесін 

басып тұру керек (түймені бір рет басу жұмыс істемейді).

• 

Экрандағы ТЕК   түймесінің жануы барлығы бір құрылғыдағы 

кәстрөлдің күту режимінде екенін білдіреді.

«Барлығы бір құрылғыда» пешімен пісірер алдында төмендегі 

дайындықтарды орындаңыз:

Қақпақты құлыптау/құлпын ашу тұтқасын сағат тілімен   күйіне 

бұраңыз (4-сурет).

Жоғарғы қақпақты ашу үшін қақпақты ашу түймесін басыңыз.

«Барлығы бір құрылғыда» пешінен ішкі ыдысты шығарып алыңыз.

Алдын ала жуылған тағамды ішкі ыдысқа салыңыз, ішкі ыдыстың 

сыртқы және төменгі жағын құрғақ жұмсақ шүберекпен сүртіңіз, 

одан кейін қайтадан «Барлығы бір құрылғыда» пешіне салыңыз 

(5-cурет). 

Жоғарғы қақпақты бекіту үшін тұтқаны сағат тілімен бұраңыз.

Ашаны қуат розеткасына қосыңыз (6-сурет).

Ескертпе

• 

Ішкі ыдыстың сырты таза әрі құрғақ екенін және қыздыру элементіне 

бөгде қалдықтың жоқ екенін тексеріңіз.

• 

Ішкі ыдыстың қыздыру элементіне дұрыс тиіп тұрғанын тексеріңіз.

Қысыммен пісіру

Қолжетімді 6 қосалқы мәзір бар. Қысыммен пісіру уақыты мен қысымды 

реттеу диапазоны үшін «Функцияларға шолу» тарауын қараңыз.

«Пісіру алдында орындалатын сақтық шаралары» бөліміндегі 

қадамдарды орындаңыз.

Қысыммен пісіруді таңдау үшін   немесе   түймесін басыңыз 

 

 ), растау үшін   түймесін басыңыз (7-сурет).

Қосалқы мәзірлердің бірін таңдау үшін   немесе   түймесін 

басыңыз.

 

»

Таңдалған пісіру функциясы жанады, экранда қысымды 

сақтаудың әдепкі уақыты мен қысымы көрсетіледі.

Ет кесектерінің өлшемін таңдау үшін   түймесін түртіңіз (8-сурет).

Растау үшін   түймесін түртіңіз, «Барлығы бір құрылғыда» пеші 

таңдалған режимде жұмыс істей бастайды.

«Барлығы бір құрылғыда» пеші пісіру қысымына жеткенде, қысымды 

ұстап тұру уақыты кері санауды бастайды.

Қысымды ұстап тұру уақыты аяқталғаннан кейін, «Барлығы бір 

құрылғыда» пеші қысымды босату сатысына өтеді,   индикаторы 

жанады. «Барлығы бір құрылғыда» пеші аралықпен қысымды жібере 

бастайды. Бу шығаратын тесікшеге қол тигізбеңіз.

Полезные видео

Характеристики

Оцените статью
tehnopanorama.ru
Остались вопросы?

Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)

Задать вопрос

Часто задаваемые вопросы
Как посмотреть инструкцию к Philips HD2151/40?
Необходимо подождать полной загрузки инструкции в сером окне на данной странице
Руководство на русском языке?
Все наши руководства представлены на русском языке или схематично, поэтому вы без труда сможете разобраться с вашей моделью
Как скопировать текст из PDF?
Чтобы скопировать текст со страницы инструкции воспользуйтесь вкладкой "HTML"