COOLFORT CF-3201 - Инструкция по эксплуатации - Страница 21

Роботы-пылесосы COOLFORT CF-3201 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.

Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.

"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.
Страница:
/ 56
Загружаем инструкцию
background image

21

ҚАЗАҚША

• 

Тазалау  аяқталғаннан  кейін  шаңсорғыш  тоқтайды 

және  автоматты  түрде  зарядтау  станциясына  ора-

лады.

Шаңсорғышты зарядтау станциясына қайтару

• 

Шаңсорғыштың  аккумуляторлық  батареясының 

заряды  таусылған  кезде,  шаңсорғыш  бұл  туралы 

дауыстық  хабарламамен  хабарлайды,  содан  кейін 

ол  автоматты  түрде  зарядтау  станциясына  ора-

лады.

• 

Сондай-ақ,  ҚБП-дегі  батырманы  (38)  «

»  басу 

арқылы немесе шаңсорғыштың басқару панеліндегі 

зарядтау  станциясына  қайтару  батырмасына  (1)  

«

»  басу  арқылы  шаңсорғышты  зарядтау  стан-

циясына  мәжбүрлеп  жіберуге  болады.  Дыбыстық 

хабарлама  естіледә  және  шаңсорғыш  берілген 

пәрменді орындайды (сур. 19).

Ескертпе: 

• 

Шаңсорғышты бірінші рет қосуды зарядтау стан-

циясынан  жүзеге  асыру  ұсынылады.  Бұл  тазалау 

аяқталғаннан  кейін  зарядтау  станциясын  іздеу 

уақытын қысқартады.

• 

Жұмыс  кезінде  робот-шаңсорғыштың  зарядтау 

станциясының  қуатын  өшірмеңіз,  өйткені  алго-

ритм тазалау аяқталғаннан кейін зарядтау стан-

циясына оралуды қамтамасыз етеді.

• 

Зарядтау  станциясының  орнын  өзгерту 

ұсынылмайды,  бұл  навигациялық  жүйенің  дұрыс 

жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.

• 

Шаңсорғыштың дұрыс жұмыс істеуі және зарядтау 

станциясына оралу үшін зарядтау станциясының 

алдында  кемінде  3  метр;  екі  жағынан  –  кемінде 

1 метр бос қашықтықты қамтамасыз ету қажет.

Бастауды 24 сағатқа кейінге қалдыру

• 

«Бастауды  24  сағатқа  кейінге  қалдыру»  режимін 

қосу  үшін  ҚБП-дегі  батырманы  (39)  «

»  2  секунд 

бойы  басып  ұстап  тұрыңыз,  осы  ретте  пәрменді 

растау туралы дыбыстық белгі естіледі. 24 сағаттан 

кейін  шаңсорғыш  үй-жайды  автоматты  режимде 

жинай бастайды.

• 

Режимді  болдырмау  үшін,  батырманы  (39)  «

»  

2  секунд  бойы  қайта  басыңыз,  дыбыстық  белгі 

пәрменнің болдырмауын растайды.

Ескертпе: - «Бастауды 24 сағатқа кейінге қалдыру» 

режимінде  шаңсорғышты  зарядтау  станциясына 

орнатыңыз.

ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМІ

• 

Шаңжинағыш-контейнер  (19)  тазалауын  жүзеге 

асыруды шаңсорғышты пайдаланған сайын жүргізу 

ұсынылады.

• 

Тазалау  алдында  шаңсорғышты  өшіріңіз  де, 

“қосу/сөндіру”  (2)  «

»  батырмасын  3  секундтан 

аса  басып  ұстап  тұрыңыз,  дыбыстық  хабарлама 

естіледі және батырма жарығы сөнеді.

• 

Электр  розеткасынан  желі  адаптерін  (34) 

шығарыңыз,  зарядтау  станциясындағы  (29)  ұядан 

(32) қосқыш бауының штекерін шығарыңыз.

• 

Жоғарғы  қақпақты  (4)  шешіп  алыңыз  және 

шаңжинағыш-контейнерді  (19)  шаңсорғыш  корпу-

сынан  шығарыңыз,  содан  кейін  сүзгілер  блогін  (22) 

шешіп  алыңыз  және  шаңжинағыш-контейнерді  (19) 

қоқыс пен шаңнан тазалаңыз. (сур. 10).

• 

Микропоролон  сүзгіні  (24)  сүзгілер  блогі 

жақтауының  бір  жағынан  (25)  шығарып  алыңыз, 

содан  кейін  HEPA-сүзгіні  (27)  екінші  жағынан,  сур. 

11  көрсетілгендей  шығарып  алыңыз.  Қажет  болса 

сүзгілер  блогінің  жақтауын  (25)  және  микропоро-

лон  сүзгілерді  (24)  жылы  су  ағыны  астында  жуып 

жіберіңіз, содан кейін жақсылап кептіріңіз. 

• 

НЕРА-сүзгіні  (27)  қылшақшамен  (28)  тазалаңыз 

(сур. 12).

Ескертпе:  қылшақша  (28)  қақпақтың  (4)  астында 

арнайы шұңқыршада орналасқан. 

• 

НЕРА-сүзгіні  (27)  және  микропоролон  сүзгіні  (24) 

жақтауға  (25)  қайта  салыңыз  және  сүзгілер  блогін 

(22) шаңжинағыш-контейнерге орнатыңыз.

• 

Бүйірлік  қылшақты  (9)  шешіп  алыңыз.  Бүйірлік 

қылшақты  шешіп  алу  үшін  оны  екі  жетегінен 

ұстап,  жоғары  қарай  тартыңыз.  Оны  сәл  дымқыл 

шүберекпен  сүртіңіз,  қылшақты  (9)  орнатқан  жерді 

шаңнан  тазартыңыз,  егер  жетек  білігінде  шаш 

болса,  оларды  алып  тастаңыз.  Қылшақты  орнына 

қойыңыз. 

• 

Алдыңғы  дөңгелекті  (10)  шаң  мен  қоқыстан 

тазалаңыз  және  оны  сүртіңіз,  шаш  болса  оларды 

алып  тастаңыз,  және  дөңгелектің  еркін  айналымы-

на (10) ештеңе кедергі келтірмейтініне көз жеткізіңіз.

• 

Ортаңғы  қылшақтың  бекіткіш  жақтауын  (13) 

шешіп  алыңыз.  Жақтауды  алып  тастау  үшін,  сұқ 

саусағыңызбен  бір  уақытта  жақтау  бекіткіштеріне 

басыңыз және сур. 13 көрсетілгендей жоғары қарай 

тартыңыз. 

• 

Ортағы  қылшақты  шешіп  алыңыз  (14).  Қылшықты 

алып  тастау  үшін  алдымен  оның  сол  жағын 

көтеріңкіреңіз, содан кейін жетек түйінінен оң жағын 

шығарып  алыңыз  (сур.  14).  Қолдау  мойынтірегін 

қылшақтың  сол  жағынан  шешіп  алыңыз  және  оны 

бөлек жерге қойыңыз. 

• 

Жақтауды  (13)  және  қылшақты  (14)  шаң  мен 

қоқыстан тазалаңыз, және қажет болса, жылы сумен 

жуып  жіберіңіз.  Ортаңғы  қылшаққа  (14)  жіптер  мен 

шаштар оралып қалған жағдайда, оларды тазалауға 

арналған  қылшақша  (28)  көмегімен  алып  тастаыз. 

Осындай мақсаттар үшін қылшақшаның тарақшасы 

мен  қауіпсіз  кріктірілген  жүзі  бар.  Қылшақтың  (14) 

еркін  айналымына  ештеңе  кедергі  келтірмейтініне 

көз жеткізіңіз. Қылшақты (14) ыдыс жуғыш машина-

да жууға тыйым салынады.

• 

Ортаңғы қылшақты орнына қойыңыз, ол үшін алды-

мен  қылшақтың  тірек  мойынтірегін  салыңыз,  содан 

кейін қылшақтың оң жағын жетек түйініне салыңыз, 

ал  тірек  мойынтірегі  бар  сол  жағын  сол  жақтағы 

тиісті ұяға салыңыз.

• 

Содан кейін бекіткіш жақтауды (13) орнатыңыз.

• 

Шаңсорғыштың  аккумуляторлық  батареясының 

(12)  зарядтау  байланыстарын  және  зарядтау 

станциясындағы (29) зарядтау байланыстарын (33) 

шаңнан тазартыңыз.

• 

Шаңсорғыш  корпусының  төменгі  бөлігінде 

орналасқан  құлаудан  қорғау  бергіштерін  (11) 

тазартыңыз және сүртіңіз. 

• 

Алдыңғы  бамперде  (6)  орналасқан  инфра  қызыл 

бергіштерді  (8)  және  демпфирлеуші  жолақты  (7) 

тазалаңыз және сүртіңіз. 

• 

Шаңсорғыштың  корпусын  сәл  дымқыл  матамен 

сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.

Полезные видео

Характеристики

Оцените статью
tehnopanorama.ru
Остались вопросы?

Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)

Задать вопрос

Часто задаваемые вопросы
Как посмотреть инструкцию к COOLFORT CF-3201?
Необходимо подождать полной загрузки инструкции в сером окне на данной странице
Руководство на русском языке?
Все наши руководства представлены на русском языке или схематично, поэтому вы без труда сможете разобраться с вашей моделью
Как скопировать текст из PDF?
Чтобы скопировать текст со страницы инструкции воспользуйтесь вкладкой "HTML"