Роботы-пылесосы COOLFORT CF-3200 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

17
ҚАЗАҚША
– бір уақытта ескі және жаңа қуаттандыру
элементтерін, сонымен қатар әртүрлі типті
қуаттандыру элементтерін пайдаланбаңыз;
– қуаттандыру элементтерін қайта зарядтауға тыйым
салынады;
– қуаттандыру элементтерін үйектілікті қатаң сақтап
орнатыңыз;
– құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса,
қуаттандыру элементтерін шығарып отырыңыз;
– қуаттандыру элементтерін оларды ары қарай
кәдеге асыру үшін мамандандырылған орындарға
тапсырыңыз;
– қуаттандыру қысқыштарының тұйықталуына жол
бермеңіз.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ҚҰРАСТЫРУ
Бүйірлік қылшақты (11 немесе 19) шешіп алу-
орнату
•
Шаңсорғышты төңкеріп, бүйірлік қылшақты (11
немесе 19) шертілгенге дейін орнатыңыз.
•
Сол жақ бүйірлік қылшақтың (11) ортасында жасыл,
оң жағында (19) - қызыл белгі бар.
Ескертпе:
1. Оң және сол жақ бүйірлік қылшақтар бір-бірін алма-
стырмайды.
2. Әр қолданғаннан кейін қылшақтарды шаң мен
қоқыстардан тазартып, қажет болған жағдайда
жылы сумен шаю керек.
Бүйірлік қылшақты (11 немесе 19) алып тастау үшін оны
екі жетегінен ұстап, жоғары қарай тартыңыз.
Шаң жинағышты/сыйымдылықты шешіп
алу-орнату (8) және сүзгі (26)
Ортасында орналасқан бекіткішті басыңыз және шаң
жинағышты /сыйымдылықты (8) өзіңізге тартыңыз
(сур. 9). Шаң жинағыштан / сыйымдылықтан (8)
жоғары қарай тартып контейнер шаң жинағышты (23)
шығарып алыңыз. НЕРА-сүзгісін (26) алып тастау үшін
оң жақтағы бекіткішті (25) тартыңыз. НЕРА-сүзгісін (26)
бөлшектеңіз (сур. 20).
НЕРА-сүзгісін (26) шаң жинағыш-контейнерге (23)
шертілгенге дейін орнатыңыз.
Шаң жинағыш-контейнерді (23) шаңсорғыштың кор-
пусына шаң жинағышқа/сыйымдылыққа (8) қайта
орнатыңыз.
Зарядтау станциясын орнату (29)
•
Зарядтау станциясын қабырға тұсына еденнің тегіс
бетіне орнатыңыз, зарядтау станциясының негізі
еденге перпендикуляр болуы тиіс.
•
Зарядтау станциясы алдындағы бос кеңістік
1.5 метрден кем болмауы тиіс, зарядтау
станциясының бүйірінен бос қашықтық 0.5 метрден
кем болмауы тиіс (сур. 1).
•
Зарядтау станциясындағы (29) желі адаптерінің
ұясына (32) қосқыш бауының штекерін салыңыз.
Қуат блогының қосқыш бауын салбырауын болдыр-
май абайлап ораңыз (сур. 1, 2).
Ескертпе: Зарядтау станциясын үлкен шағылысу
қабілеті бар заттарға жақын орнатпаңыз, мысалы,
айналардың жанында, әйтпесе зарядтау станциясын
шаңсорғыштың іздеуіне қиын болады.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
•
Еденнен шаңсорғыштың қозғалуына кедергі
келтіруі мүмкін болатын қуаттандыру бауларын,
желі ұзартқыштарын және басқа да ұқсас заттарды
алып тастаңыз.
•
Шаңсорғыш тегіс еденде немесе төмен түкті кілем
жабынында (1,5 см-ден артық емес) жұмыс істеуге
арналған. Ұзын түкті кілем жабындарын тазалау
үшін шаңсорғышты пайдалануға тыйым салынады.
•
Шаңсорғыштың қозғалу жолында еденге дейін
салбыраған дастархандар, перделер немесе
интерьердің басқа да заттары жоқ екеніне көз
жеткізіңіз.
•
Шаңсорғыштың еркін қозғалуы үшін жиһаз затта-
рын реттеп қойыңыз, еденнен бөгде заттарды алып
тастаңыз.
•
Жиһаздары тұрақсыз үй-жайларда шаңсорғышты
пайдаланбаңыз, әсіресе олардың үстінде
интерьердің сынғыш заттары немесе жанып тұрған
майшамдар орнатылған болса.
•
Шаңсорғыш корпусына бөгде заттарды қоймаңыз
және орналастырмаңыз, сондай-ақ шаңсорғыштың
корпусына үй жануарларының орналаспауын
қадағалаңыз.
•
Ш а ң с о р ғ ы ш т ы
п а й д а л а н а р
а л д ы н д а
шаңсорғыштың қозғалу жолында тар орындардың
болмауына көз жеткізіңіз.
•
Егер бөлмеде шашақтары бар кілем болса, онда
оларды кілем астына қайырып қою керек.
•
Кілемде шаңсорғыштың дымқыл тазалауы функци-
ясын пайдалануға тыйым салынады.
•
Робот-шаңсорғыш баспалдақтан құлап кетпеуі
үшін оның құлап кетуіне жол бермеуге арналған
қоршауды қолданыңыз.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
Шаңсорғыштың аккумуляторлық батареясын
зарядтау
•
Зарядтау станциясын (29) орнатыңыз, орнату бой-
ынша ұсыныстар жоғарыда келтірілген.
•
Қуат блогын (44) электр розеткасына салыңыз.
•
Шаңсорғышты зарядтау станциясының (29) дәл
ортасына қойыңыз, шаңсорғыштағы байланыстар
(10) зарядтау станциясындағы байланыстарына
(31) сәйкес келуі керек, шаңсорғыш зарядтала
бастайды.
•
Аккумуляторлық батареяның алғашқы зарядталу-
ын 8 сағат бойы жүргізіңіз.
Ескертпе:
1. Зарядтау станциясы болмаған жағдайда
шаңсорғышты қуат көзі арқылы тікелей желіден
зарядтауға болады (сур. 2). Бұл жағдайда қуат
блогының қосқыш бауы штекерін (44) шаңсорғыш
корпусындағы ұяға (6) салыңыз.
2. Шаңсорғышты зарядтау станциясына (29)
орнатқан кезде бүйірлік қылшақтардың (9) күйіне
назар аударыңыз. Қылшықтың қылшықтары
шаңсорғыштың байланыстарына (10) және заряд-
тау байланыстарына (30) кедергі келтірмеуі тиіс.
Егер қылшықтар шаңсорғыш байланысының
үстінде (10) болса, қылшақты (11, 19) жетегінен
ұстап бұрыңыз.
Ескертпе: Шаңсорғышты зарядтау станциясы-
на (29) орнатқан кезде немесе оны қуат көзінен
Содержание
- 10 Не разрешайте детям играть с полиэ-; ПЕРЕД ПЕРВЫМ ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ
- 11 Не устанавливайте зарядную станцию; ПЕРЕД ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ ПЫЛЕСОСА; При установке пылесоса на зарядную; Включение/выключение пылесоса
- 12 если вам нужно убрать только одну
- 13 – Переверните пылесос и снимите крышку основной; Батарея; Неисправность
- 14 Срок службы устройства – 3 года
- 40 înseamnă că produsul dat a fost fabricat în iunie (luna a asea) 2006.