Микроволновые печи Samsung MC32K7055CT - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

Казақ 27
Пешті іске
пайдалану
Код/Тағам
Үстелге тарту
мөлшері
Құраластар
2-15
Бефстроганов
200-250 г
250 г сиыр еті, 2 пияз, 1 ас қасық сиыр етінің сорпасы,
2 ас қасық қышқыл қаймақ немесе қою қаймақ, 1 ас
қасық ұн, 1 ас қасық қызанақ езбесі, дәміне қарай тұз,
қара бұрыш
Нұсқаулар
Етті жуып, құрғатып, әуелі 5 мм етіп турап, содан кейін ұзын таспа түрінде
кесіңіз. Ұнға тұз және бұрыш араластырып, еттің таспаларын осы қоспаға
аунатыңыз. Артық ұнды қағып тастаңыз. Пияздарды жарты шығырық
түрінде турап, шараға етпен бірге салып, сорпа құйып, қызанақ езбесін
қосып араластырыңыз. Оларды микротолқынды пешке салыңыз. Бастау
түймесін басыңыз. Сигнал естілген кезде, алыңыз да, қышқыл қаймақты
бефстрогановқа қосыңыз. Қажет болса, тұзы бар дәмдеуіштерден қосыңыз.
Оларды микротолқынды пешке салып, қайтадан Бастау түймесін басыңыз.
Үстелге тарту алдында 2-3 минут қоя тұрыңыз.
Код/Тағам
Үстелге тарту
мөлшері
Құраластар
2-13
Брокколи және
бадам жаңғағы
қосылған
балық
550-600 г
180 г пангасиус немесе тилапия филесі, 150 г брокколи,
1 апельсин, 50 г қуырылған бадам жаңғағы, 30 г сары
май, 1 шай қасық ұн, дәміне қарай тұз, бұрыш
Нұсқаулар
Апельсин қабығын үккіштен өткізу үшін майда үккішті пайдаланып,
апельсин шырынын осы шараға сығыңыз. Балықты жуып, сорпа табағына
салыңыз. Брокколидің гүл шоқтарын ажыратып, балықтың айналасына
қойыңыз. Шараға сары май және шамалы ұн салып, апельсин қабықтарын
қосып, шырынын құйыңыз. Араластырыңыз да, тұз бен бұрыш қосыңыз.
Микротолқынды пеште 600 ваттпен 2 минут қыздырыңыз. Балық пен
орамжапырақты дайын тұздыққа батырыңыз. Бадам жаңғақтарын ірі етіп
турап, балық пен орамжапыраққа бадам жаңғақтарынан сеуіп, дәміне қарай
бұрыш қосыңыз. Оларды микротолқынды пешке салыңыз. Бастау түймесін
басыңыз. Үстелге тарту алдында 2-3 минут қоя тұрыңыз.
2-14
Песто қосылған
кальмар
250-300 г
1 тазартылған кальмар, 70 мл құрғақ ақ шарап, ½ лимон,
4 базилик өскіні, 40 г кедр жаңғағы, 1 түйір сарымсақ,
40 мл зәйтүн майы, дәміне қарай тұз, бұрыш
Нұсқаулар
Сарымсақты, жаңғақтарды және базилик жапырақтарын шараға салып,
зәйтүн майын құйып, ¼ лимонның шырынын сығып, тұз қосыңыз. Қоспаны
біртекті етіп араластыру үшін батырма блендерді пайдаланыңыз. Кальмарды
шығырық тәрізді етіп кесіп, жеке шараға салып, дәміне қарай тұз, бұрыш
қосыңыз. Шарап құйыңыз. Оларды микротолқынды пешке салыңыз. Бастау
түймесін басыңыз. Пісіріп болғаннан кейін кальмарды өз сорпасында тұрған
күйі салқындатып, содан кейін алыңыз да, құрғатыңыз. Песто тұздығымен
араластырып, тұздықтау үшін 10 минут қоя тұрыңыз. Үстелге тарту алдында
лимон шырынын себезгілеңіз.
MC32K7055CT_BW_DE68-04443A-02_RU+UK+KK+UZ.indb 27
2017-02-01 2:21:42