Samsung MC32K7055CT - Инструкция по эксплуатации - Страница 154

Микроволновые печи Samsung MC32K7055CT - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.

Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.

"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.
Страница:
/ 256
Загружаем инструкцию
background image

26 Казақ

Пешті іске

 пайдалану

Пешті іске пайдалану

Код/Тағам

Үстелге тарту 

мөлшері

Құраластар

2-11
Қытай 
дәстүрімен 
дайындалған 
тауық 
қанаттары

6 дана

250 г тауық қанаттары, 2 см зімбір тамыры, 1 түйір 
сарымсақ, 1 кішкене кепкен чили бұрышы, 1 ас қасық 
көкөніс майы, 1 ас қасық сезам дәндері, 1 ас қасық соя 
тұздығы, 1 ас қасық сұйық бал, 60 мл құрғақ шарап 
немесе портвейн

Нұсқаулар

Тауықтың қанаттарын жуып, буын тұстарынан кесіңіз. Өте жұқа тұстарын 
тастаңыз. Бал, шарап, соя тұздығы мен сары майды сорпа табағына 
салып араластырыңыз. Бал, үгітілген зімбір, ұнтақталған бұрыш және 
сезам дәндерінің жартысын қосыңыз. Қанаттарға тұздықтан жағып, 1 сағат 
тоңазытқышқа қойыңыз. Қанаттарды кең табаққа таратып салып, қалған 
сезам дәндерін себіңіз. Астыңғы торға қойып, микротолқынды пешке 
салыңыз. Бастау түймесін басыңыз. Пісіріп болғаннан кейін, қанаттардың 
тұздығын шағын шараға құйып, микротолқынды пеште 3 минут 600 ватпен 
пісіріңіз. Алынған тұздықты қанаттармен бірге үстелге тартыңыз.

2-12
Үстінде 
қытырлақ 
ірімшігі бар 
балық

350-400 г

200 г ақ балықтың филесі, 1 домалақ моцарелла, 40 г 
грек жаңғағы, 2 таспа қақталған бекон, 2 уыс ұсақталған 
картоп чипстары, 1 ас қасық көкөніс майы, дәміне қарай 
қара бұрыш

Нұсқаулар

Балық филесін үстелге тартылатын мөлшерде кесіп, кең табаққа салып, 
шамалы бұрыш қосыңыз. Моцарелланы дөңгелектеп кесіп, балықтың үстіне 
қойыңыз. Беконды кішкене бөліктерге бөліп турап, грек жаңғағын пышақпен 
ұсақтаңыз. Бекон, чипсы және грек жаңғағын жеке шараға араластырыңыз. 
Дайын қоспаны балықтың үстіне салып, үстіне шамалы май себезгілеңіз. 
Оларды микротолқынды пешке салыңыз. Бастау түймесін басыңыз. Үстелге 
тарту алдында 2-3 минут қоя тұрыңыз.

Код/Тағам

Үстелге тарту 

мөлшері

Құраластар

2-8
Қыша қосылған 
шошқаның төсі

500-600 г

250 г шошқаның төс еті, 1 сәбіз, 1 пияз, 1 ас қасық ұн,  
2 ас қасық дәнді қыша, 100 г қою қышқыл қаймақ, 150 мл 
аралас сорпа, дәміне қарай тұз, қара бұрыш

Нұсқаулар

Шошқа етін жуып, құрғатыңыз және оны гуляшқа арналған тәрізді етіп 
кішкене бөлшектерге тураңыз. Пияз бен сәбізді тазалаңыз, оларды қалың 
таяқшаларға кесіп, оларды бірге етпен шыныаяққа салыңыз. Оларды 
микротолқынды пешке салып, Бастау түймесін басыңыз. Сигнал бергенде, 
оларды шығарыңыз. Етке тұздықтан құйып, барлығын араластырыңыз. 
Оларды микротолқынды пешке салып, қайтадан Бастау түймесін басыңыз. 
Үстелге тарту алдында 2-3 минут қоя тұрыңыз.
Тұздық дайындаңыз: қышқыл қаймақты қыша, ұн, сорпамен бөлек 
араластырып алыңыз, дәміне қарай тұз бен бұрышты қосыңыз.

2-9
Тұшпара

300-400 г

220 г дайын тұшпара, 1 шыны сорпа, 1 түйір сарымсақ, 
1 лавр жапырағы, 2 укроп өскіні, 2 жасыл пияздың 
бастары, бүтін қалампыр, дәміне қарай тұз

Нұсқаулар

Сорпаны шұңғыл шараға құйыңыз. Лавтр жапырақтарын, бірнеше қалампыр 
дәндерін, тұз бен туралған сарымсақты қосыңыз. Тұшпараларды салып, 
қақпағын жабыңыз. Оларды микротолқынды пешке салып, Бастау түймесін 
басыңыз. Жасыл шөптерді тураңыз. Үстелге тарту алдында тұшпараға 
туралған жасыл шөптерді себіңіз.

2-10
Құрғақ жеміс 
компоты

700-750 г

500 мл су, 30 г өрік, 30 г кептірілген, жарты сарыөріктер, 
30 г кептірілген алма, ½ лимон, 70 г қант, 1 дәмқабық 
талы

Нұсқаулар

Барлық кепкен жемістерді жуып, шұңғыл шараға салып, суын төгіңіз. 
Дәмқабық пен қант қосып араластырыңыз. Майда үккішпен лимон қабығын 
үгіп, компотқа қосыңыз. Шамалы лимон шырынын қосып, дәмін келтіруге де 
болады. Оларды микротолқынды пешке салып, Бастау түймесін басыңыз. 
Үстелге тарту алдында біраз қоя тұрыңыз.

MC32K7055CT_BW_DE68-04443A-02_RU+UK+KK+UZ.indb   26

2017-02-01     2:21:42

Полезные видео

Характеристики

Оцените статью
tehnopanorama.ru
Остались вопросы?

Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)

Задать вопрос

Часто задаваемые вопросы
Как посмотреть инструкцию к Samsung MC32K7055CT?
Необходимо подождать полной загрузки инструкции в сером окне на данной странице
Руководство на русском языке?
Все наши руководства представлены на русском языке или схематично, поэтому вы без труда сможете разобраться с вашей моделью
Как скопировать текст из PDF?
Чтобы скопировать текст со страницы инструкции воспользуйтесь вкладкой "HTML"