Кухонные комбайны Philips HR7771 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

1
Пышақ бөлігіне мөрлейтін сақинаны орнатыңыз (Cурет 31).
2
Араластырғыш ыдысының түбіне пышақ бөлігін
орналастырыңыз (1) және пышақ бөлігін сағат бағытымен
бұраңыз (2) (Cурет 32).
3
Араластырғыш ыдысын мотор бөлігіне орналастырыңыз (1)
және бекіту үшін сағат бағытымен бұраңыз (2). Тұтқа мотор
бөлігінің бұрышына нұсқап тұруы керек (Cурет 33).
Араластырғыш ыдысының тұтқасын қатты күшпен баспаңыз.
4
Ингредиенттерді араластырғыш ыдысына салыңыз (Cурет 34).
Араластырғыш ыдысына температурасы 80ºC -тан жоғары
ингредиенттерді салмаңыз.
Төгілмеу үшін, ыдысты ешқашан максимум деңгей көрсеткішінен
асырмаңыз, әсіресе, ыстық сұйықтықтар араластырғанда.
5
Қақпақпен араластырғыш ыдысын жауып (1), бекіту үшін сағат
бағытымен бұраңыз (2) (Cурет 35).
6
Қосымша қондырғы түсіне сәйкес жылдамдықты
таңдаңыз (Cурет 13).
Алмас айналып тұрғанда қақпақты ашуға тиым салынады.
Араластырғыш қосулы кезде ешқашан қолыңызды немесе басқа
затты ыдысқа салмаңыз.
Екі салымды өңдеп болған соң, құралды әрдайым бөлме
температурасына дейін суытып алыңыз.
7
Өңдеу аяқталғаннан кейін, жылдамдық таңдауышын 0-ге қойып,
құралды токтан суырыңыз (Cурет 4).
Кеңестер
-
Құрал қосулы кезде қақпақты ашып, сұйық немесе қатты
ингредиенттерді араластырғыш ыдысына салуға
болады (Cурет 36).
-
Құралды неғұрлым ұзақ істетсеңіз, араластырылуы соғұрлым
жақсырақ болады.
-
Қатты ингредиенттерді араластырғыш ыдысына салмай тұрып,
алдын ала бөлшектеп алыңыз. Үлкен мөлшерде дайындайтын
болсаңыз, барлығын бірден іске қосудың орнына, кішігірім
мөлшерден салыңыз.
-
Мұз кесектерін үгіту үшін, оларды құмыраға салып, қақпағын
жабыңыз да, pulse/Easy Clean («Қосу/Оңай тазалау») түймесін
басыңыз.
-
Кейбір ингредиенттерге, мысалы, жемістерге кішкене сұйықтық,
мысалы, лимон шырынын қоссаңыз, араластыру жеңілірек болады.
-
Сорпа араластыратын болсаңыз, қайнатылған ингредиенттерді
пайдаланыңыз.
-
Нәтиже көңіліңізден шықпаса, pulse/Easy Clean («Қосу/Оңай
тазалау») түймесін басып құралды бірнеше рет қысқа уақытқа
қосыңыз. Сондай-ақ, нәтижені ингредиенттерді күрекшемен
араластыру арқылы (блендер өшіп тұрғанда) жақсартуға немесе
кейбір ингредиенттердің кішкене көлемін өңдеу үшін
құрамының біразын төгіп тастауға болады.
-
Тасып кетпес үшін ыстық сұйықтықтарды немесе көбіктенетін
ингредиенттерді (мәселен сүтті) шайқағанда, араластырғыш
ыдысына 1 литрден артық құймаңыз.
-
Егер тамақ араластырғыш ыдысының жан-жағына тұрып қалса,
құралды сөндіріп, тоқтан суырыңыз. Тұрып қалған тамақты алып
тастау үшін күрекшені қолданыңыз.
Цитрус сыққыш конус (тек қана HR7772)
Цитрус сыққышты жеміс шырынын сығып алу үшін қолдана аласыз.
Жемістің мәйегі, гүлдері мен қабығы шырында болмайды.
1
Құрал тұтқышты табаққа орнатыңыз (Cурет 9).
2
Пышақ бөлігін табақтағы құрал ұстағышқа орнатыңыз (Cурет 37).
Ескертпе. Қақпақтың шошағы табақ тұтқасының ойығына келгенін
тексеріңіз.
3
Қосымша қондырғы түсіне сәйкес жылдамдықты
таңдаңыз (Cурет 29).
4
Цитрус жемісін конусқа итере бастаңыз (Cурет 38).
ҚазаҚша
67
Содержание
- 113 Встроенный фиксатор
- 114 камера подачи и толкатель
- 115 насадка для теста; Примечание. Всегда опускайте держатель насадок с насадкой для
- 116 Диск для приготовления эмульсий (только для Hr7771); круглая насадка для взбивания (только для Hr7772)
- 117 Блендер
- 118 соковыжималка для цитрусовых (только для Hr7772); Примечание. Убедитесь в том, что паз сита совпал с разъемом на; Очистка; можно мыть в посудомоечной машине.; Простая очистка чаши кухонного комбайна и кувшина
- 119 Проблема
- 120 рецепты; Тесто для пиццы
- 121 салат из огурца с йогуртовым соусом
- 122 добавить их в кофе, использовать в качестве начинки для пирожного; Детское питание; Ингредиенты












