Духовые шкафы Haier HOQ-P16AS5SX - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

22
23
Жалпы нұсқаулар
Тұмшапештің құрылымы төрт қыздыру элементі мен артқы желдеткіштің
әртүрлі комбинацияларда пайдаланылуын қамтамасыз етеді, бұл
тағамның барлық түрлерін керемет дайындауға мүмкіндік беру арқылы
жоғары өнімділік пен функциялардың кең спектрін қамтамасыз етеді.
1.
ПІСІРУ
Ең жақсы пісіру нәтижелерін алу үшін тұмшапешті алдын ала
қыздырып алған жөн. Белгіленген температураға жеткенде дыбыстық
сигнал шығады.
►
Тұмшапешті қыздыру кезінде грильді қыздыру элементі қосылуы
мүмкін.
►
Дайындау процесінің кем дегенде 3/4 бөлігі аяқталмайынша есігін
ашпаңыз.
►
Пісірме қалыптарының бір-біріне және тұмшапештің
қабырғаларына тимейтініне көз жеткізіңіз.
►
Қос рецепт бойынша пісіру кезінде (әсіресе печенье) уақытты
бірнеше минутқа арттыру қажет болуы мүмкін.
►
Қыздырып пісіру уақыты қолданылатын ыдысқа байланысты
болады. Қара түсті қалыптар шағылысатын материалдан жасалған
қалыптарға қарағанда жылуды тез сіңіреді. Шыны ыдыс үшін
төменірек температура қажет болуы мүмкін.
►
Бірнеше сөреде пісіру үшін дайындау уақытын аздап арттыру қажет
болуы мүмкін.
►
Егер бірнеше сөреде пісірілсе, міндетті түрде олардың арасында
ауа айналымы үшін бос орын қалдырыңыз.
Сөрелердің орналасуы бойынша нұсқаулар
Пісірмені сөреге пішіміңіздің жоғарғы жағы тұмшапеш қуысының
ортасына жақын орналасатын етіп қойыңыз.
2.
ҚУЫРУ
►
Ет, тауық еті немесе көкөністерді қуыру үшін желдеткіші бар гриль
немесе желдеткішпен қыздырып пісіру режимін қолданыңыз.
►
Сүйексіз қуырылатын тағамдар, орамалар немесе турамамен
толтырылған өнімдер сүйекпен қуырудан гөрі ұзақ дайындалады.
►
Құс мөлдір шырынмен және 75°C ішкі температурамен жақсы
дайындалу керек.
ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ
НҰСҚАУЛЫҚ
►
Қызыдырып пісіруге арналған пакетті пайдаланған кезде
желдеткішпен қыздырып пісіру немесе мәжбүрлі желдету
режимдерін қолданыңыз. Өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
►
Егер сіз қақпағы бар табада қуыруды қаласаңыз, Fan Bake
[Желдеткішпен қыздырып пісіру] функциясын қолданыңыз және
температураны 20°C-қа арттырыңыз.
►
Еттің үлкен кесектерін ұзақ уақыт төмен температурада дайындау
керек. Ет біркелкі дайындалады.
►
Етті әрдайым майлы жағын жоғары қаратып қуырыңыз. Бұл
жағдайда оған май құюдың қажеті болмауы мүмкін.
►
Әрқашан шырынды ағызу үшін етті қуырғаннан кейін кем дегенде
10 минутқа қалдырыңыз. Есіңізде болсын, ет тұмшапештен
шығарылғаннан кейін тағы бірнеше минут дайындалуды
жалғастырады.
3.
ГРИЛЬДЕ ДАЙЫНДАУ
►
Бұл қуырумен салыстырғанда денсаулыққа — көбірек пайдалы
балама.
►
Гриль жасау кезінде тұмшапештің есігі әрдайым толығымен жабық
болу керек.
►
Егер сіз шыны немесе қыш ыдыстарды қолдансаңыз, оның
грильдің жоғары температурасына төзімділігіне көз жеткізіңіз.
►
Тесілген жерлерінен шырыны ағып кетпеуі үшін дайындау кезінде
етті айналдыру үшін шанышқының орнына қысқышты немесе
қалақшаны қолданыңыз.
►
Дайындау кезінде шырынды болып сақталуы үшін етті аздаған
көлемдегі маймен майлаңыз. Сонымен қатар, грильде қуырмас
бұрын балама ретінде етті маринадтауға болады, бірақ кейбір
маринадтардың тез тұтанатынын есте сақтаңыз.
►
Мүмкіндігінше бір уақытта грильде бірдей қалыңдықтағы ет
кесектерін пісіріңіз. Бұл біркелкі дайындықты қамтамасыз етеді.
►
Грильде дайындау кезінде күйіп қалудың немесе өрттің алдын алу
үшін өнімдерді үнемі мұқият қадағалап отырыңыз.
Сөрелердің орналасуы бойынша нұсқаулар
►
Еттің жұқа кесектері үшін және қуыруды немесе қызартуды
қажет ететін тағамдар үшін сөрелердің жоғарырақ позицияларын
қолданыңыз.
►
Біркелкі дайындауды қамтамасыз ету үшін еттің қалыңырақ
кесектерін төменгі сөрелерде немесе төмен температурада
грильде дайындау керек.
Содержание
- 2 СОДЕРЖАНИЕ; БЕЗОПАСНОСТЬ И ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ; Тщательно продуманная конструкция духовки обеспечивает
 - 4 ИНСТРУКЦИЯ ПО УСТАНОВКЕ
 - 5 ВАЖНЫЕ ИНСТРУКЦИИ ПО БЕЗОПАСНОСТИ; РАЗМЕРЫ ИЗДЕЛИЯ
 - 6 ПЕРЕД МОНТАЖОМ
 - 7 РАСПАКОВКА ДУХОВКИ; ЭЛЕКТРИЧЕСКОЕ ПОДКЛЮЧЕНИЕ
 - 9 Перед началом использования
 - 10 Установка опор выдвижных полок; Установка; ПАНЕЛЬ УПРАВЛЕНИЯ; Дисплейный индикатор
 - 11 ПЕРВОЕ ВКЛЮЧЕНИЕ; Настройка часов; ВАЖНО; Подготовка духовки
 - 12 Использование функции часов; Установка продолжительности приготовления; ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ФУНКЦИЙ; Установка конечного времени
 - 13 Общие указания; ВЫПЕЧКА; РУКОВОДСТВО; ПРИГОТОВЛЕНИЕ НА ГРИЛЕ
 - 14 ФУНКЦИИ ПРИГОТОВЛЕНИЯ ПИЩИ; верхний наружный и нижний элементы; Принудительная вентиляция; вентилятор и задний элемент; Запекание
 - 15 Идеально подходит для приготовления на нескольких полках; Гриль с вентилятором; вентилятор плюс верхние внутренний и наружный элементы; верхние внутренний и наружный элементы; Запекание с вентилятором; вентилятор плюс верхний наружный и нижний элементы; Гриль
 - 16 Классическая выпечка; только нижний элемент; Сушка
 - 17 Запекание на пару; парогенератор, вентилятор и задний элемент; Оптимальное приготовление
 - 18 Использование функции расстаивания теста; Примечание: если температура духовки слишком высока:
 - 19 ВАЖНО ДЛЯ БЕЗОПАСНОСТИ ПИЩЕВЫХ ПРОДУКТОВ:
 - 26 УХОД И ОЧИСТКА; Очистка вручную
 - 34 Таблица поиска и устранения неисправностей
 - 35 КОДЫ ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ
 - 36 ГАРАНТИЯ И СЕРВИСНОЕ ОБСЛУЖИВАНИЕ
 - 37 ОБСЛУЖИВАНИЕ КЛИЕНТОВ
 - 110 Дата изготовления и
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 











