Пылесос VITEK VT-1888 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

27
ҚАЗАҚША
Кафель плиткаларының арасындағы бос жерлерді
(саңылауларды) тазарту үшін қондырма-концентрат-
таушыны қолданыңыз.
Осы мақсаттар үшін түкті қылшақтарды пайдалану
ұсынылмайды, өйткені олар тегістеуді жойып тастауы
мүмкін.
Қондырма-концентраттаушыны саңылауға жақын 30-
60° бұрышпен әкеліңіз, бу беруді қосыңыз және оны
саңылау бойымен баяу алға жылжытыңыз. Тазалаудың
соңында бетінің айналасындағы кірді шүберекпен сүртіп
алыңыз. Сол сияқты, еден плиткалары арасындағы бос
жерлерді, сондай-ақ кез-келген басқа саңылаулар мен
тар жерлерді тазалаңыз.
Бу шүмегі ластанған жерге неғұрлым жақын болса,
тазарту әсері соғұрлым жақсы болады, өйткені будың
ең жоғары температурасы бу шүмегінен шыққан
кезде қамтамасыз етіледі. Сондықтан тазалау кезінде
қондырмалардың бу шүмегін тазаланатын бетке
мүмкіндігінше жақын орналастыруға тырысыңыз.
Бумен тазалаған кезде, қалған кірді кетіру үшін бумен
өңделетін бетті шүберекпен немесе губкамен сүртіңіз.
Бетті толық құрғамай тұрып сүрту ұсынылады. Металл
беттерін сүрту кезінде абай болыңыз, өйткені бумен
өңдегеннен кейін олар ыстық болуы мүмкін.
Тұрақты ластануды кетіру үшін тек бу ағынының
күші жеткіліксіз болуы мүмкін, механикалық әсерді
күшейту үшін түкті немесе жез қылшақтарды
қолданыңыз. Қылшақтарды қолданған кезде қондырма-
концентраттаушының ұшын сындырып алмау үшін көп
күш жұмсамаңыз.
Бумен тазалаудан бұрын күшті әк жабынына сірке
суын себілеуге болады, сірке суына шамамен 5 минут
жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз, содан кейін бетті бумен
өңдеңіз.
Киімді немесе жұмсақ жиһазды тазалаған кезде, буға
арналған қондырмаға шүберекті уигізіңіз, сонда кір
киімге немесе төсенішке емес, шүберекке сіңеді.
Буландыратын
қондырманы
ескі
тұсқағазды
қабырғалардан алып тастау үшін пайдалануға болады.
Бу әсерінен тұсқағаз желімі жібиді, және тұсқағазды
алып тастау оңай болады.
Терезелер мен айналарды тазалау
Терезе жууға арналған қондырманы қолданған кезде,
алдымен терезенің немесе айнаның бүкіл бетін
будың көмегімен мұқият тазалаңыз, содан кейін бу
беруді өшіріңіз. Осыдан кейін, қондырманың резеңке
қырғышын терезенің немесе айнаның жоғарғы жағына
басып, қондырманы біртіндеп төмен түсіріңіз. Бүкіл
терезені немесе айнаны тазарту үшін беттің бір
жағынан екінші жағына қарай жылжытыңыз. Айна
жақтауының немесе тұғырының төменгі жағына
қырғышпен шығарылатын суды жинау үшін шүберек
немесе майлық қойыңыз.
Сыртта (қыста) төмен температурада, терезе әйнегін
тазаламас бұрын, температураның күрт өзгеруінен
оның шытынауына жол бермеу үшін оны қыздырыңыз.
Қыздырғаннан кейін сіз бүкіл бетті бумен оңай өңдей
аласыз.
Киімді булау
Киімді булау үшін оны тот баспайтын ілгішке іліңіз.
Қолмен бу тазартқышқа буландырғыш қондырмасын
қосыңыз. Бір қолыңызбен бу тазартқышты алыңыз,
екінші қолыңызбен киімнің төменгі бөлігін ұстап, аздап
керіңіз. Қондырманы матаның бетіне апарыңыз, оған
жұмыс бөлігін сәл басып, алға-артқа қозғалыстармен
(жоғарыдан төменге) булауды бастаңыз. Ең көп
қатпарлары бар учаскелерден, сондай-ақ тығыз киім
элементтерінен (жең манжеттері мен жаға) бастауды
ұсынамыз.
12. СУ ДЕҢГЕЙІ
Су деңгейі әрдайым мөлдір сұйыққойманың (4)
арқасында көрініп тұрады.
Су жұмсалып біткенде, бу шығуын тоқтатады.
Жұмысты жалғастыру үшін сұйыққойманы 3-бөлімде
сипатталғандай сумен толтырыңыз.
ЕСКЕРТУ: бұл операция әрқашан құрылғыны желіден
ажыратқаннан кейін ғана орындалуы керек.
13. ҚАҚ СҮЗГІСІН АУЫСТЫРУ
Аспапта әк жабындысын тоқтатуға және өнімнің қызмет
ету мерзімін ұзартуға қабілетті құрамына арнайы
шайырлар салынған сүзгі бар.
Сүзгіні жылына 1 рет өзгерту ұсынылады.
13.1. Аспапты электр желісінен ажыратыңыз.
13.2. Суға арналған сұйыққойманы (4) қолмен бу
тазартқыштан (16) шешіп алыңыз, ол үшін
бекіткіштердің бүйірлік батырмаларын (18) басып,
оны сыртқа қарай тартыңыз (сур. 8).
13.3. Ескі сүзгіні шешіп алыңыз (сур. 25), ол үшін оны
төмен қарай тартыңыз.
13.4. Жаңа сүзгіні (35) салыңыз, мұқият басыңыз
және оның жақсы орнатылғанына көз жеткізіңіз
(сур.26), содан кейін суға аоналған сұйыққойманы
орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Аспапты пайдалану кезінде сүзгі қараюы
мүмкін, қоңыр немесе тот басқан болады, бұл қалыпты
жағдай және ақаулық емес.
14. ШАҢЖИНАҒЫШ-КОНТЕЙНЕР МЕН
СҮЗГІЛЕРДІ ТАЗАЛАУ
14.1. Аспапты толығымен өшіріңіз, ол үшін шаңсор-
ғыштың тұтқасында (11) орналасқан қуаттандыру
сөндіргішінің пернесін (10) (0) күйіне жылжытыңыз
және бу тазартқышы қуаттандыру сөндіргішінің
пернесін (I/0) басыңыз (сур. 10), содан кейін
электр розеткасынан желілік бау ашасын суырып
алыңыз.
14.2. Шаңжинағыш-контейнерді (2) құрылғы корпусынан
(4) алып тастаңыз, ол үшін шаңжинағыш-
контейнердің бекіткіштерінің екі батырмасына (20)
басыңыз (сур. 27).
14.3. Шаңжинағыш-контейнерден поролон сүзгісі (37)
салынған, HEPA-сүзгісін (36) бүйірлік бағытта-
ғыштарынан ұстап алып шығыңыз (сур. 28), циклон
сүзгісін (39) шешіп алыңыз (сур. 29) ол үшін оны
жиналмалы металл тұтқасынан жоғары қарай
тартыңыз.
14.4. Циклон сүзгісінің қақпағын (38) сағат тіліне қарсы
бұрап шешіп алыңыз, содан кейін циклон сүзгісін
(39) шаңнан тазалаңыз.
14.5. Шаңжинағыш-контейнердің сыйымдылығын (40)
кірден тазалаңыз.
14.6. Шаңжинағыш-контейнерді жинап, жоғарыда атал-
ған әрекеттерді кері ретпен орындап (14.2-14.4
т.қараңыз), оны бұрынғы орнына орнатыңыз.
VT-1888.indd 27
10/20/20 3:24 PM
Содержание
- 13 Не загораживайте отверстия и решетки на изделии.
- 14 Сохраните заводскую упаковку.
- 15 Минимальный уровень (
- 16 ет легко очищать углы и края мебели и стен.
- 17 Подсоедините наиболее подходящий аксессуар
- 19 чтобы избежать протечек.; ДИАГНОСТИКА НЕСИПРАВНОСТЕЙ
- 20 Проблема; Пылесборник не снимается.; УТИЛИЗАЦИЯ; Срок службы устройства – 3 года