Мультиварки Tefal Multicook & Stir RK905A32 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

140
Бұл қалай жұмыс істейді?
Тамақты әзірлеу
• Сапасы жақсы азық-түліктерді сатып алыңыз. Азық-түлікте
көрінетін бүліну, кірмен ластану, өңсіздену, жағымсыз иістер
немесе дәм болса, оны пайдаланбаңыз.
• Қажет болса, тығыздау алдында азық-түлікке алдын ала
дәмдеуіштер қосыңыз (талғамыңызға сай).
• Әзірлегіңіз келетін тамақты вакуумдық пакетке немесе төзімді
Ziploc пакетіне салыңыз және қалтадан бүкіл ауаны шығарыңыз.
• Төзімді Ziploc пакетін пайдаланып жатсаңыз, ауаны тамақ
салынған қалтаны салқын суға жартылай баяу батыру арқылы
кетіруге және ауа шыққаннан кейін жабуға болады. Сонда
ішіндегі тамақ су қысымымен тығыздалады.
Мультипісіргішті дайындау
• Әзірлеу кәстрөлін тығыздалған тамақ қалтасын батыру үшін
жеткілікті сумен толтырыңыз.
• Тамақ қалтасын кәстрөл ішіне салып, қақпақты жабыңыз.
• «Menu» (Мәзір) таңдау пернесін басып, «Sous Vide» (Су виде)
мәзірін таңдаңыз. Экранда әдепкі әзірлеу уақыты көрсетіліп,
«Start» (Бастау) белгішесі шамы қызыл түспен жыпылықтайды.
• «Timer (Таймер) түймесімен уақытты орнату функциясын
белсендіріп, «<» және «>» түймелерімен су видені әзірлеу
уақытын өзгертіңіз.
• «Temperature» (Температура) түймесімен уақытты орнату
функциясын белсендіріп, «<» және «>» түймелерімен су видені
әзірлеу температурасын өзгертіңіз.
Әртүрлі ингредиенттер және күтілетін әзірлеу нәтижелері әртүрлі
ұсынылатын әзірлеу уақыты мен температурасын қажет ететінін
ескеріңіз.
Қалаған әзірлеу нәтижесін алу үшін төмендегі кестеден анықтама
ала аласыз.
Әзірлеу уақытының соңында мультипісіргіш үш рет дыбыстық
сигнал шығарады.
Ескертпе: Бұл функцияда жылуды сақтау функциясы
істемейді.