Сушилки для овощей и фруктов Vitek VT-5050 W - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

16
ҚазаҚша
температурасын теңшеуге мүмкіндік береді: +38°C,
+48°C, +58°C,+68°C. Ауа ағынының температурасын
белгілеу үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
–
(3) «t°» түймешігін басыңыз, дисплейде (5)
температура көрсеткіштері жыпылықтайды.
–
(6) «-/+» түймешіктерімен ауа ағынының
температурасын таңдаңыз.
–
Теңшелімді сақтау үшін 5 секунд ішінде (3) «t°»
түймешігін басыңыз, дисплейде температура
көрсеткіштері үнемі жанып тұрады.
Ескерту: Егер бөліктер жұқа және кішкентай
болса немесе кейбір секциялар (7) бос болса,
төмен температураны белгілеңіз. Қалың және
үлкен бөліктер үшін жоғары температураны
белгілеңіз («Дайындау температурасы және
ұзақтығы» тарауын қар.).
Таймерді теңшеу
Белгіленген уақыт аралығынан кейін құрылғыны
сөндіретін таймерді теңшей аласыз. Жұмыс ұзақтығы
1-ден 12 сағатқа дейін сағатпен белгіленеді.
–
Таймерді теңшеу үшін (4)
түймешігін басыңыз,
дисплейде таймер көрсеткіштері жыпылықтай
бастайды.
–
«-/+»(6) батырмаларымен жұмыс ұзақтығын
орнатыңыз.
–
Теңшелімдерді сақтау үшін 5 секунд ішінде (4)
түймешігін басыңыз.
–
Жұмыс істеп тұрған кезде дисплейде (5)
белгіленген температура мен сағатпен жұмыстың
қалған уақыты кезек-кезек көрсетіліп тұрады.
Ескертпе:
Таймерді сөндіру үшін (2) түймешігін
екі рет басыңыз.
ҰСЫНЫСТАР
Тағамдық улануға және ішек ауруларына жол
бермеу үшін төменде келтірілген ұсыныстарды қатаң
сақтаңыз.
–
Тағамдарды кептіруге дайындау алдында
қолыңызды жақсылап жуыңыз.
–
Жұмыс беттерін таза ұстаңыз;
–
Секциялар (7) мен қақпақты (8) пайдаланып
болған сайын бейтарап жуғыш заты қосылған
жылы сумен жуыңыз;
–
Егер сіздің қолыңызда кесілулер, жаралар
болса, немесе сіз тері ауруларымен ауырсаңыз,
тағамдарға қолыңызды тигізбеңіз.
–
Тағамдардың дайындығын тексергенде, оларға
қолыңызды тигізбеңіз, ал шанышқыны, асханалық
қалақты немесе басқа құралдарды пайдаланыңыз.
–
Кептіргішті пайдаланған уақытта үй жануарларын
асханаға жібермеңіз.
Кептіруге арналған көкөністер мен жемістерді
таңдау
–
Жаңа жұлынған жемістер ме көкөністерді
пайдаланыңыз.
–
Тек піскен жемістер кептіруге жарамды, піспеген
жемістерде бөтен дәм пайда болуы мүмкін.
–
Пісіп кеткен жемістер кептіргеннен кейін өзінің
түсін өзгертуі мүмкін.
–
Барлық бүлінген жерлерін кесіп тастаңыз.
–
Барлық көкөністер кептіруге жарамды емес, себебі
жемістерге қарағанда олардың қүрамында қант
пен қышқылдар аз. Кейбір көкөністерді, мысалы,
брокколи немесе спаржаны, кептіру емес, мұздату
ұсынылады.
–
Көкөністер құрғақ және қатты болғанда, дайын
болады.
Тaғамдарды дайындау
–
Тағамдарды жақсылап жуыңыз.
–
Жемістерден сүйектерді және бүлінген бөліктерді
жойыңыз.
–
Қажет болғанда көкөністердің қалың қабығын
жойыңыз. Егер көкөністерге балауыз жағылған
болса, қабығын міндетті жойыңыз.
–
Жемістердің сабақтарын жойыңыз.
–
Көкөністерді немес жемістерді тілімдерге немесе
текшелерге тураңыз.
–
Жидектерді немесе жүзімді тұтас кепітіріңіз.
–
Жасыл-көкті немесе хош иісті шөптерді
сабақатарымен бірге кептіріңіз.
–
Тағамдардың дәмдік қасиеттерін жақсарту және
сақталу мерзімін ұзарту үшін оларды алдын-
ала өңдеңіз. Берілген қадам міндетті болып
есептелмейді.
–
Тағамдарды алдын-ала өңдеп және өңдемей
кепітіріп көріңіз, сізге жарамды әдісті таңдаңыз.
Жемістерді алдын-ала өңдеу
–
Жемістердің табиғи түсін сақтау үшін ананастың,
лимонның, апельсиннің немес лаймның шырынын
пайдаланыңыз. Жеміс бөліктерін шырынға 2
минутқа салыңыз, содан кейін оларға кебуге уақыт
беріңіз және секцияларға (7) кептіру үшін салыңыз.
–
Жемістердің дәмін күшейту үшін кептіріліп жатқан
жемістердің шырыын пайдаланыңыз (мысалы,
алма шырынын алма үшін). Шырынның төрттен бір
бөлігін екі стакан суға езіңіз, жемістерді ерітіндіге 2
сағатқа сллалып қойыңыз.
–
Кейбір жемістер (құрма, жүзім, мүкжидек, алхоры)
табиғи балауызбен қапталған. Балызды жою және
кептіру процесін тездету үшін тағамдарды қайна
жатқан суға 1-2 минутқа салыңыз.
Көкөністерді алдын-ала өңдеу
Көкөністерді алдын-ала өңдеу кептіру және сақтау
процесінде дәмнің өзгеруіне әкелетін ферменттерді
жояды.
Көкөністерді бумен немесемикротолқынды пеште
өңдеу қайнаған сумен өңлегеннен тиімдірек.
–
Көкөністерді кептіргішті жрғағы табағына салыңыз
және 2-3 минут жылытыңыз. Көкөністерді
секцияларға (7) бірден салыңыз.
–
Көкөністерді АЖЖ-пештерінде пайдалануға
жарамды ыдысқа салыңыз және оған шамалы
су қосыңыз. Ыдысты қақпақпен жабыңыз және
оны микротолқынды пешке салыңыз. Сіздің АЖЖ-
пешіңіздің нұсқаулығында көрсетілген пісіру
уақытынан ¼ бөлігін белгілеңіз. Дайын тағамдарды
секцияларға (7) салыңыз.
VT-5050.indd 16
12.03.2014 12:19:30
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)