Мультиварки Redmond RMC-FM4520 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

38
Басқару панелі A2
1. «Отмена/Разогрев» («Болдырмау/Қыздыру») түймешігі — ысыту функ-
циясын қосу/өшіру, әзірлеу бағдарламасы жұмысын үзу, пайдала-
нушылық теңшелімдерді түсіру.
2. «Отсрочка» («Шегеру») түймешігі — стартты шегеруді орнату режимін
қосу.
3. «Меню» («Мәзір») түймешігі — автоматты әзірлеу бағдарламасын таңдау.
4. Дисплей.
5. «Мин/–» түймешігі — әзірлеу уақытын орнату және стартты шегеру
режимдерінде минут мәндерін таңдау.
6. «Час/+» («Сағат/+») түймешігі — әзірлеу уақытын орнату және стартты
шегеру режимдерінде сағат мәндерін таңдау.
7. «Старт» түймешігі — тапсырылған әзірлеу режимін қосу.
Дисплей құрылымы A2
a. Автоматты бағдарламалардың
индикаторлары.
b. Стартты шегеру режмінің инди-
каторы.
c. Әзірлеу режмінің индикаторы.
d. Уақыт мәнінің индикаторы.
e. Автоысыту режмінің индикаторы.
f. «ЭКСПРЕСС» бағдарламасының
индикаторы.
g. Ысыту режмінің индикаторы.
h. Дыбыс сигналдарын өшіру ин-
дикаторы.
i. Температура мәнінің индикаторы.
I. А Л ҒА Ш Қ Ы Қ О СА Р А Л Д Ы Н Д А
Бұйымды орамынан шығарып, барлық орау материалдары мен жарнамалық
жапсырмаларды алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш (бар болса)
және бұйымның сериялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті
түрде сақтаңыз! Бұйымда сериялық нөмірі жоқ болса, кепілдік қызмет
көрсету құқығынан автоматты түрде айырыласыз.
Тасымалдаған немесе төмен температураларда сақтаған соң
аспапты қосар алдында кем дегенде 2 сағат бөлме температурасында
ұстау қажет.
Электр бауды толық жайыңыз. Аспап корпусын ылғал матамен сүртіңіз.
Шешілмелі бөлшектерді сабынды сумен жуыңыз, аспаптың барлық
элементтерін электр желіге қосар алдында мұқият кептіріңіз.
Аспапты бу к лапанынан шығатын ыстық бу түсқағаз, декоративті
жабындылар, электрондық аспаптар мен жоғары ылғалдылық пен
температурадан зардап шегуі мүмкін басқа заттарға немесе материалдарға
тимейтіндей қатты тегіс көлденең бетке орнатыңыз.
Әзірлеудің алдында мультипісіргіштің сыртқы және көзге көрінетін ішкі
бөліктерінде зақым, жарық және басқа ақау жоқтығына көз жеткізіңіз.
Табақ пен қыздыру элементі арасында бөтен зат болмауы керек.
I I. М УЛ ЬТ И П І С І Р Г І Ш Т І П А Й Д А Л А Н У
MASTERFRY функциясы А3
Мультиварка REDMOND RMC-FM4520 көтерме қыздыру элементтерімен
жабдықталған.Осының арқасында мультиваркада сіз тек тостаған ғана емес,
сонымен қатар табаны да қолдана аласыз (жеткізу жиынтығына кіреді).
Қыздыру элементінің күйін өзгерту үшін қауіпсіздік мақсаттарында шым
-
шуырды қолданыңыз (жеткізу жиынтығына кіреді).
Жоғары айқындамаға қыздыру элементін орнату үшін, оны тірегінен мұқият
көтеріңіз және жұмыс камераларының қабырғаларындағы қиманы сенімді
бекітуіне сағат тіліне қарсы бойымен жеңіл айналдырыңыз.
Төменгі айқындамаға дискілік қыздырғышты орнатуда бекіту жұмыс камера-
сының қабырғаларындағы қимасынан шығуы үшін, жайлап көтеріңіз және
дейін сағат тілі дискіні жеңіл айналдыра отырып, мұқият түсіріңіз.
Егер аспап электр желісіне қосылған болса, қыздыру элементінің күйін
өзгертуге тырыспаңыз!
Егер дискілік қыздырғыш элементін жоғары айқындамада орнатылған
болса, аспап қақпағын жабуға рұқсат етілмейді.
Мультиваркада дайындау үшін, жеткізілім жиынтығына кіретін
REDMOND FP-C501 табасын ғана пайдаланыңыз.
Сағатты теңшеу
Аспапты электржеліге қосыңыз. «Час/+» немесе «Мин/–» түймешігін басып
ұстаңыз. Дисплейде ағымдағы уақыт индикаторы жыпылықтай бастайды.
Сағат мәнін орнату үшін «Час/+» түймешігін, минут мәнін орнату үшін
«Мин/–» түймешігін басыңыз. Сағат және минут мәндері біріне бірі байла-
ныссыз көбейеді. Ең үлкен мән болғанда орнату диапазон басынан жалғаса-
ды. Мәнді тез өзгерту үшін қажетті түймешікті басып ұстаңыз. Ағымдағы
уақытты орнату аяқталғанда панельдегі түймешіктерді 5 секунд ішінде
баспаңыз. Теңшелімдер автоматты түрде сақталады.
Дыбыс сигналдарын өшіру
Дыбыс сигналдарын өшіру үшін «Меню» түймешігін кез келген режимде
басып ұстаңыз. Дисплейде дыбыс сигналдарын өшіру индикаторы жанады.
Дыбыс сигналдарын қосу үшін «Меню» түймешігін қайта басып ұстаңыз.
Әзірлеу уақытын орнату
REDMOND RMC-FМ4520 мультипісіргішінде «ЭКСПРЕСС» бағдарламасынан
басқа, әр бағдарлама үшін әзірлеу уақытын өзіңіз орната аласыз. Тапсырылған
уақыттың өзгеру қадамы мен ықтимал диапазоны таңдалған әзірлеу бағдар-
ламасына байланысты.
Автоматты бағдарлама таңдалып, «Меню» түймешігі басылған соң сағат мәнін
орнату үшін «Час/+» түймешігін және минут мәнін орнату үшін «Мин/–»
түймешігін пайдаланыңыз. Сағат және минут мәндері біріне бірі байланыссыз
өзгереді. Параметрдің ең үлкен мәні болғанда орнату диапазон басынан
жалғасады. Мәнді тез өзгерту үшін қажетті түймешікті басып ұстаңыз.
Кейбір автоматты бағдарламаларда орнатылған әзірлеу уақытының
есебі тек аспап тапсырылған жұмыс температурасына шыққан соң баста
-
лады. Мысалы, суық су құйылып, «НА ПАРУ» бағдарламасында әзірлеу уақы
-
ты 5 минут орнатылса, бағдарламаның іске қосылуы мен тапсырылған
әзірлеу уақытының керісінше есебі тек су қайнап, табада жеткілікті
тығыз бу қалыптасқан соң басталады. «МАКАРОНЫ» бағдарламасында
орнатылған уақыттың есебі су қайнап, «Старт» түймешігі қайта ба
-
сылған соң басталады.
Бағдарлама стартын шегеру
«Отсрочка старта» функциясы тағам дайын болуы керек уақытты тапсыруға
мүмкіндік береді (бағдарлама жұмысы уақытын ескеріп). Стартты шегерудің ең
ұзақ уақыты 24 сағат құрайды. Стартты әдепкі шегеру уақыты бағдарламаның
жұмыс уақыты мен мультипісіргішке жұмыс параметрлерге шығу үшін қажетті
уақытты құрайды (егер бұл бағдарламаның зауыт теңшелімдерімен қарастырыл-
са). Стартты шегеру уақытын орнату қадамы — 1 минут.
Автоматты бағдарламаны таңдауды растаған соң стартты шегеру уақытын
өзгерту үшін «Отсрочка» түймешігін басыңыз. Сағат мәндерін көбейту үшін
«Час/+» түймешігін басыңыз. Минут мәнін өзгерту үшін «Мин/–» түймешігін
пайдаланыңыз. Сағат және минут мәндері біріне бірі байланыссыз өзгереді.
Параметрдің ең үлкен мәні болғанда орнату диапазон басынан жалғасады.
Мәнді тез өзгерту үшін қажетті түймешікті басып ұстаңыз.
«Отсрочка старта» функциясы жұмыс істеп тұрғанда дисплейде ағымдағы
уақыт мәні көрінеді. Тағам дайын болу уақытын көру үшін «Отсрочка»
түймешігін басып ұстаңыз. Стартты шегеру функциясы «ЖАРКА», «МА
-
КАРОНЫ» және «ЭКСПРЕСС» бағдарламаларынан басқа, барлық автомат
-
ты түрде әзірлеу бағдарлама үшін қол жетімді.
Егер рецептте тез бұзылатын азық (жұмыртқа, сүт, ет, ірімшік және т.б.)
болса, «Отсрочка старта» фнукциясын пайдалануға кеңес берілмейді.
Дайын тағам температурасын ұстау (автоысыту)
Осы функция әзірлеу бағдарламасының жұмысы аяқталысымен бірден ав-
томатты түрде қосылады және дайын тағам температурасын 70-75°С ара-
сында 12 сағат ішінде ұстай алады. Автоысыту жұмыс істеп тұрғанда «Отме-
на/Разогрев» түймешігінің индикаторы жанады, дисплейде «Подогрев»
(«Ысыту») индкаторы мен осы режимде жұмыс істеудің тура есебі көрінеді.
Қажет болғанда «Отмена/Разогрев» түймешігін басып, бірнеше секунд ұстап,
автоысытуды өшіруге болады.
Автоысытуды алдын ала өшіру
Әзірлеу бағдарламасының жұмысы аяқталысымен автоысытуды қосқан ылғи
дұрыс болмайды. Мұны есепке алғанда, REDMOND RMC-FМ4520 мультипісір-
гішінде «Отсрочка старта» функциясының немесе негізгі әзірлеу бағдарламасы-
ның жұмысы кезінде бұл функцияны адын ала өшіру мүмкіндігі қарастырылған.
Бұл үшін бағдарламаның жұмысы кезінде «Старт» түймешігін басыңыз. Автоы-
сытуды жаңадан қосу үшін «Старт» түймешігін қайта басыңыз.
«ЙОГУРТ», «МАКАРОНЫ», «ЭКСПРЕСС» бағдарламалары пайдаланылғанда
және «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында әзірлеу температурасы 80°С
төмен орнатылғанда автоысыту функциясы қол жетімді емес.
Тағамды ысыту
REDMOND RMC-FМ4520 мульитпісіргішін суық тағамды ысыту үшін пайда-
лануға болады. Бұл үшін:
1. Азық-түлікті табаға салыңыз, оны мультипісіргіш корпусына қойыңыз.
2. Қақпақты жауып, аспапты электр желісіне қосыңыз.
3. «Отмена/Разогрев» түймешігін басып, бірнеше секунд ұстаңыз. Дисплей
мен түймешікте тиісті индикаторлар жанады. Таймер ысыту уақытын
тура есептей бастайды.
Аспап тағамды 70-75°С ысытады және ыстық күйінде 12 сағат ішінде ұстай-
ды. Қажет болғанда «Отмена/Разогрев» түймешігін басып және тиісті инди-
каторлар өшкенінше бірнеше секунд ұстап, ысытуды тоқтатуға болады.
Мультипісіргіш автоысыту және ысыту функциялары арқасында азықты
ыстық күйде 12 сағатқа дейін сақтай алады, алайда тағамды ыстық
күйде екі-үш сағаттан артық ұстауға кеңес бермейміз, өйткені бұл кей
кезде оның дәмін өзгертуі мүмкін.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясы
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» жаңа функциясымен аспаздық шығармашылық үшін
өзіңізге көбірек мүмкіндік ашыңыз! Егер «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы
бағдарламаның жұмыс параметрлерін оны қосуға дейін тапсыруға мүмкіндік
берсе, «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясын пайдаланып, теңшелімдерді тура
әзірлеу үдерісі кезінде өзгерте аласыз.
Сіз кез келген бағдарлама жұмысын дәл сіздің қалауыңызға сәйкес келетіндей
теңшей аласыз. Көженің суы қайнап азайды ма? Сут ботқасы тасыды ма? Көкөніс
өте ұзақ әзірлене ма? Сіз плитада немесе пісіру шкафында әзірлегендей,
бағдарлама жұмысын үзбей, әзірлеу температурасы мен уақытын өзгертіңіз.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясын тек әзірлеген кезде пайдалана аласыз.
«ЭКСПРЕСС» бағдарламасы пайдаланылған кезде «Отсрочка старта» функ
-
циясының жұмысы мен «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясының жұмыс параме
-
трлеріне шығуды күту қол жетімді емес.
Содержание
- 6 У В А Ж А Е М Ы Й П О К У П АТ Е Л Ь!; работы программы (функция «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ»); Хотите узнать больше? Посетите наш сайт
- 7 Меры безопасности
- 9 «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» (настройка времени и температуры приготов-; Комплектация; Производитель имеет право на внесение изменений в дизайн, ком
- 10 I. П Е Р Е Д Н АЧ А Л О М И С П О Л Ь З О В А Н И Я; Обязательно сохраните на месте предупреждающие наклейки, на
- 11 I I. Э К С П Л УАТА Ц И Я М УЛ ЬТ И В А Р К И; Функция MASTERFRY; «Меню»
- 12 Установка времени приготовления; , чтобы установить значение часов, и кнопку; Отсрочка старта программы; «Отсрочка»; ния значения часов нажимайте кнопку
- 13 Поддержание температуры готовых блюд (автоподогрев); Подогрев; Предварительное отключение автоподогрева; «Старт»; ТИПОВАР» температуры приготовления ниже 80°С.; Разогрев блюд
- 14 Функция «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ»; приготовления недоступна.
- 15 , для уменьшения — кнопку; End
- 16 что чаша плотно соприкасается с нагревательным элементом.
- 17 Программа «СУП»; 0 минут до 8 часов с шагом в 5 минут.; Программа «МАКАРОНЫ»
- 18 Программа «ТУШЕНИЕ»; от 20 минут до 12 часов с шагом в 5 минут.; Программа «ВЫПЕЧКА»; 0 минут до 4 часов с шагом в 10 минут.; Программа «ЖАРКА»; с открытой крышкой — это позволит добиться хрустящей корочки.; Программа «ЙОГУРТ»
- 19 от 5 минут до 12 часов с шагом в 10 минут.; Программа «ЭКСПРЕСС»; . Загорятся индикаторы режима приготовления и подсвет-
- 20 Общие правила и рекомендации
- 21 Очистка чаши, сковороды; Само по себе это не является признаком дефекта.; Очистка внутренней алюминиевой крышки; нажмите на фиксаторы до щелчка.; Очистка съемного парового клапана
- 22 Очистка рабочей камеры; ректной работы или поломки прибора.; V. С О В Е Т Ы П О П Р И Г ОТО В Л Е Н И Ю; Ошибки при приготовлении и способы их устранения; причины и пути решения.; Блюдо не приготовилось до конца; Возможные причины
- 23 ПРОДУКТ ПЕРЕВАРИЛСЯ
- 24 При жарке; ПРОДУКТ ПОТЕРЯЛ ФОРМУ НАРЕЗКИ
- 25 Рекомендуемое время приготовления различных продуктов на пару; Продукт
- 27 Сводная таблица программ приготовления (заводские установки); Программа
- 29 Также смотрите прилагаемую книгу рецептов.; V I. Д О П О Л Н И Т Е Л Ь Н Ы Е А К С Е С С УА Р Ы; ках продукции REDMOND можно на сайте; RAM-CL1 — щипцы для чаши; использование с мультиварками других брендов.; RAM-ST5 — стальной контейнер для приготовления на пару
- 30 V I I. П Е Р Е Д О Б РА Щ Е Н И Е М В С Е Р В И С-Ц Е Н Т Р; Неисправность
- 31 V I I I. ГА РА Н Т И Й Н Ы Е О Б Я З АТ Е Л Ь С Т В А