Перфораторы Makita M8701 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

21 ҚАЗАҚША
Саңылау жоңқа немесе бөлшектерге толған кезде,
көбірек қысым түсірмеңіз. Оның орнына, құралды
бос жүріске салып, бұрғылау қашауын саңылаудан
ішінара шығарып алыңыз. Осы әрекетті бірнеше рет
қайталау арқылы саңылау тазарады және қалыпты
бұрғылау қалпына келуі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ:
Аспапты жүктемесіз пайдалану
кезінде бұрғылау қашауының айналуында
центрден ауытқу болуы мүмкін. Құрал жұмыс
кезінде өз-өзін автоматты түрде ортаға келтіреді.
Бұл бұрғылау дәлдігіне әсер етпейді.
Шабу/Кішірейту/Бұзу
Әрекет ету режимін өзгеру тетігін белгісіне орнатыңыз.
Құралды екі қолмен мықтап ұстаңыз. Құралды
іске қосыңыз және құрал ыршып кетіп, басқарусыз
қалмауы үшін оны кішкене басыңыз.
Құралды қатты басу өнімділікті арттырмайды.
►
Сурет13
Ағашты немесе металды
бұрғылау
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Бұрғы қашауы өңдеу
бөлшегін бұза бастағанда, құралды мықтап
ұстаңыз және сақ болыңыз.
Саңылаудың
бұзылуы кезінде құралға/бұрғылау қашауына
орасан зор күш түсіріледі.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Қыстырылып қалған
бұрғылау қашауын кері қарай шығуы үшін
реверсивті ауыстырып-қосқышты кері бағытта
айналу күйіне орнату арқылы оңай шығарып
алуға болады. Дегенмен құралды қатты
ұстамасаңыз, кенеттен артқа ыршуы мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Өңдеу бөлшектерін
әрқашан қысқышта немесе соған ұқсас ұстап
тұратын құрылғымен бекітіңіз.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
Құралда бұрғылау
қысқысы орнатылған кезде, ешқашан
"соққылау арқылы айналдыру" әрекетін
пайдаланбаңыз.
Бұрғылау қысқысы зақымдалуы
мүмкін.
Сондай-ақ, бұрғылау қысқысы құрылғыны кері
айналдыру кезінде ажырап кетуі мүмкін.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
Құрылғыны шамадан
тыс басу бұрғылауды тездетпейді.
Шындығында, шамадан тыс қысым тек бұрғылау
қашауыңыздың ұшын зақымдайды, құралдың
өнімділігін және құралдың қызмет ету мерзімін
қысқартады.
Әрекет ету режимін өзгерту тетігін белгісіне
орнатыңыз. Металды 13 мм-ге (1/2") дейінгі
диаметрде, ал ағашты 32 мм-ге (1-1/4") дейінгі
диаметрде бұрғылай аласыз.
Бұрғылау қысқысы жинағын пайдаланыңыз
(қосымша керек-жарақ). Оны орнату кезінде,
"Бұрғылау қашауы/қол қашауын орнату немесе алып
тастау" бөлімін қараңыз.
►
Сурет14:
1.
Бұрғылау қысқысы жинағы (қосымша
керек-жарақ).
Бұрғылау қашауын орнату үшін, қысқы ішіне
тірелетіндей етіп орналастырыңыз. Қысқыны қолмен
қысыңыз. Қысқының бүйірлік кілтін әр үш саңылауға
орналастырып, сағат тілі бағытымен бекітіңіз.
Барлық үш саңылауды міндетті түрде бірдей
қысыңыз.
Бұрғылау қашауын алып тастау үшін, тек бір
саңылаудағы қысқының бүйірлік кілтін сағат тіліне
қарсы бағытта бұрап, содан кейін қысқыны қолмен
босатыңыз.
►
Сурет15:
1.
Қысқының бүйірлі кілті
Алмастан жасалған бастиекпен
бұрғылау
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
Алмастан жасалған
бастиекпен бұрғылау жұмыстарын "соққылау
арқылы айналдыру" арқылы жүргізетін
болсаңыз, алмастан жасалған бастиек қашауы
зақымдалуы мүмкін.
Алмастан жасалған бастиекпен бұрғылау
жұмыстарын жүргізу кезінде, "тек айналдыру"
әрекетін қолдану үшін, өзгерту тетігін
әрқашан күйіне ауыстырыңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Тексеру немесе
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
жүргізбес бұрын, әрдайым құралдың өшірулі
екендігіне және токтан ажыратылғанына көз
жеткізіңіз.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
Жанармайды, бензинді,
сұйылтқышты, спиртті немесе соған
ұқсас заттарды ешқашан пайдаланбаңыз.
Нәтижесінде түссіздену, бүліну немесе
жарықтар пайда болуына әкелуі мүмкін.
Өнімнің ҚАУІПСІЗДІГІ мен СЕНІМДІЛІГІН
қамтамасыз ету үшін жөндеу жұмыстары, графитті
қылшақты тексеру және алмастыру, кез келген
басқа техникалық қызмет көрсету немесе реттеу
жұмыстары Makita компаниясының өкілетті немесе
Зауыттық қызмет көрсету орталықтары тарапынан
(Makita қосалқы бөлшектерін қолдана отырып)
орындалуы керек.
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)













