Makita M8701 - Инструкция по эксплуатации - Страница 18

Перфораторы Makita M8701 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.

Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.

"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.
Страница:
/ 24
Загружаем инструкцию
background image

18 ҚАЗАҚША

6. 

Жұмысқа сай киініңіз. Бос киім кимеңіз 

және әшекей тақпаңыз. Шаш, киім және 

қолғабыңызды қозғалмалы бөлшектерден 

алшақ ұстаңыз.

 Бос киім, әшекейлер немесе ұзын 

шаш қозғалмалы бөлшектерге ілініп қалуы мүмкін.

7. 

Шаң тұту және жинау құрылғылары 

қамтамасыз етілген болса, олардың 

қосулы екендігіне және дұрыс қолданылып 

жатқанына көз жеткізіңіз.

 Шаң жинау 

құрылғысын пайдалану шаңмен байланысты 

қауіпті азайтуы мүмкін.

Электрлік құралды пайдалану және күтім жасау

1. 

Электрлік құралға артық күш түсірмеңіз. 

Орындалатын жұмысқа сәйкес келетін 

электрлік құралды пайдаланыңыз.

 Дұрыс 

таңдалған электрлік құрал өзіне жүктелген 

жұмысты жақсы және қауіпсіз істейді.

2. 

Ауыстырып-қосқышы ақаулы электрлік 

құралды пайдаланбаңыз.

 Ауыстырып-

қосқышы ақаулы кез келген электр құрал қауіп 

төндіреді және оны жөндеу керек.

3. 

Кез келген реттеулер жасамас бұрын, керек-

жарақтарды ауыстырмас бұрын немесе 

электр құралдарды ұзақ уақытқа сақтамас 

бұрын, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз 

және/немесе аккумулятор блогы бар болса, 

оны шығарып алыңыз.

 Осындай алдын алу 

шаралары электрлік құралдың кездейсоқ іске 

қосылу қаупін азайтады.

4. 

Электрлік құралдарды балалардың қолы 

жетпейтін жерде сақтаңыз, сонымен қатар 

электрлік құралмен жұмыс істей алмайтын 

және осы нұсқауларды оқымаған тұлғаларға 

құралды пайдалануға рұқсат етпеңіз.

 

Арнайы жаттығудан өтпеген пайдаланушылар 

үшін электрлік құрал қауіп төндіреді.

5. 

Электр құралдарға техникалық қызмет 

көрсетіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің 

ауытқуы және оралуы, зақымдалған 

бөлшектер және электрлік құралдың 

жұмысына кері әсер ететін басқа 

жағдайлардың бар-жоғын тексеріңіз. Зақымы 

болса, электрлік құралды жөндеген соң бірақ 

пайдаланыңыз.

 Жазатайым оқиғалардың көбі 

электрлік құралдарға дұрыс техникалық қызмет 

көрсетілмеу себебінен болады.

6. 

Кесу құралдары өткір және таза болуы 

керек.

 Кескіш жиектері өткір кесу құралдарын 

дұрыс пайдалансаңыз, олар тұрып қалмайды 

және басқаруға оңай.

7. 

Электрлік құралды, керек-жарақтарды және 

қондырмаларды, т.б. жұмыс жағдайы мен 

орындалатын жұмысты ескере отырып, 

осы нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз.

 

Электрлік құралды басқа мақсатта пайдаланған 

жағдайда, қауіпті жағдай туындауы мүмкін.

Қызмет көрсету

1. 

Электрлік құралды білікті маманға жөндетіп 

алыңыз, ол тиісті қосалқы бөлшектерді 

пайдалануы керек.

 Бұл электрлік құралдың 

қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

2. 

Керек-жарақтарды майлау және ауыстыру 

нұсқауын орындаңыз.

3. 

Тұтқаларды құрғақ, таза ұстаңыз және 

майлы болмауын қамтамасыз етіңіз.

ПЕРФОРАТОРҒА ҚАТЫСТЫ 

ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІ

1. 

Қорғаныс құлаққабын киіңіз.

 Шуылдың әсері 

есту қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін.

2. 

Егер құралмен бірге берілген болса, 

қосалқы тұтқа(лар)ды пайдаланыңыз.

 

Құралға ие бола алмай қалсаңыз, жарақат 

алуыңыз мүмкін.

3. 

Жұмыс істеп жатқанда, кесуге арналған 

керек-жарақ жасырын сымға немесе 

өз шнурына тиіп кетуі мүмкін болса, 

электр құралды оқшауланған арнайы 

қысқыштармен ұстаңыз.

 Кесу құралы кернеулі 

сымға тиіп кетсе, электрлік құралдың ашық 

металл бөлшектерінде кернеу пайда болады, 

нәтижесінде операторды ток соғуы мүмкін.

4. 

Қатты дулығаны (қорғаныш каскасы), 

қорғаныш көзілдірігін және/немесе бет 

қалқаншасын пайдаланыңыз. Қарапайым 

көзілдірік немесе күннен қорғайтын 

көзілдірік қорғаныс көзілдірігі болып 

ТАБЫЛМАЙДЫ. Сондай-ақ, шаңнан 

қорғайтын маска және қалың тығыздалған 

қолғап киген жөн.

5. 

Жұмысты бастамай тұрып, қашау орнына 

бекітілгеніне көз жеткізіңіз.

6. 

Қалыпты жұмыс жағдайында, құрал діріл 

шығаратындай етіп жасалған. Бұрандалар 

оңай босап кетіп, ақау немесе жазатайым 

оқиға тудыруы мүмкін. Жұмысты бастамай 

тұрып, бұрандалардың тартып бұрау 

дәрежесін мұқият тексеріңіз.

7. 

Суық ауа-райында немесе құрал ұзақ 

уақыт пайдаланылмаған кезде, құралды 

жүктемесіз жұмыс істетіп, біраз уақыт 

қыздырыңыз. Бұл майлауды жібітеді. 

Дұрыс қыздырылмаған жағдайда, соққылау 

жұмыстары қиындайды.

8. 

Әрдайым тұрақты жерде тұрғаныңызға көз 

жеткізіңіз. Құралды биіктікте пайдаланған 

кезде, төменгі жақта адамдардың жоқтығын 

тексеріңіз.

9. 

Құралды екі қолмен мықтап ұстаңыз.

10. 

Қолдарыңызды айналмалы бөлшектерден 

аулақ ұстаңыз.

11. 

Құралды қосулы күйде қалдырмаңыз. 

Құралды тек қолмен ұстап пайдаланыңыз.

12. 

Жұмыс істеп тұрған кезде, құралды кез 

келген аймаққа бағыттамаңыз. Қашау ұшып 

кетіп, біреуді ауыр жарақаттауы мүмкін.

13. 

Қашауды, қашауға немесе өңдеу бөлшегіне 

жақын бөлшектерді пайдаланғаннан кейін 

бірден ұстауға болмайды; олар қатты 

ыстық болуы және теріні күйдіруі мүмкін.

14. 

Кейбір материалдарда улы болуы мүмкін 

химиялық заттар бар. Шаң жұтуға жол 

бермей, теріге тигізбеңіз. Материал 

жеткізушісінің қауіпсіздік туралы деректерін 

қараңыз.

15. 

Қуат ашасын су қолыңызбен ұстамаңыз.

ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ 

САҚТАҢЫЗ.

Характеристики

Оцените статью
tehnopanorama.ru
Остались вопросы?

Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)

Задать вопрос

Часто задаваемые вопросы
Как посмотреть инструкцию к Makita M8701?
Необходимо подождать полной загрузки инструкции в сером окне на данной странице
Руководство на русском языке?
Все наши руководства представлены на русском языке или схематично, поэтому вы без труда сможете разобраться с вашей моделью
Как скопировать текст из PDF?
Чтобы скопировать текст со страницы инструкции воспользуйтесь вкладкой "HTML"