Перфораторы Makita M8701 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

19 ҚАЗАҚША
ЕСКЕРТУ:
Өнімді қайта пайдалану
барысында САЛҒЫРТТЫҚ ТАНЫТПАЙ, қауіпсіздік
ережелерін ұстаныңыз. Осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта келтірілген қауіпсіздік ережелерін
ДҰРЫС ПАЙДАЛАНБАУ немесе орындамау ауыр
жарақаттарға әкеп соқтыруы мүмкін.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралдың жұмысын
реттемес және тексермес бұрын, әрдайым
құралдың өшірулі екендігіне және
ажыратылғандығына көз жеткізіңіз.
Ауыстырып-қосқыштың әрекеті
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралды қоспас
бұрын, әрдайым ауыстырып-қосқыш
шүріппесінің дұрыс жұмыс істеп тұрғанына
және босатылған кезде "ӨШІРУЛІ" күйіне
қайтарылатынына әрқашан көз жеткізіп
тұрыңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Ұзақ пайдалану кезінде
оператордың ыңғайлылығы үшін ауыстырып-
қосқыш "ҚОСУЛЫ" күйінде құлыптала алады.
Құралдың "ҚОСУЛЫ" күйінде құлыпталуы
кезінде сақтық танытыңыз және құралдан
қатты ұстаңыз.
►
Сурет1:
1.
Ауыстырып-қосқыш шүріппесі
2.
Құлыптау түймесі
Құралды іске қосу үшін жай ғана ауыстырып-қосқыш
шүріппесін басыңыз. Құралдың жылдамдығы ауыстырып-
қосқыш шүріппесіндегі қысымды арттырған сайын артады.
Тоқтату үшін ауыстырып-қосқыш шүріппесін жіберіңіз.
Үздіксіз жұмыс істеу үшін ауыстырып-қосқыш шүріппесін
тартып, құлыптау түймесін басып, ауыстырып-қосқыш
шүріппесін босатыңыз. Құралды құлыпталған күйден
тоқтату үшін, ауыстырып-қосқыш шүріппесін толығымен
тартыңыз, содан кейін оны босатыңыз.
Ауыстырып-қосқыш жұмыс
бағытын кері айналдыру
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Жұмыс алдында
әрдайым айналым бағытын тексеріңіз.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
Кері айналдыру
ауыстырып-қосқышын құрал толығымен тоқтағаннан
кейін ғана қолданыңыз.
Құрал тоқтамас бұрын айналым
бағытын өзгерту құралдың зақымдалуына әкелуі мүмкін.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
Айналу бағытын
өзгерту кезінде, реверсивті ауыстырып-
қосқышты күйіне (А жағы) немесе күйіне (В
жағы) толықтай орнатқаныңызға көз жеткізіңіз.
Олай болмаған жағдайда, ауыстырып-қосқыш
шүріппесін тартқанда, қозғалтқыш айналмауы
мүмкін немесе құрал дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
►
Сурет2:
1.
Кері айналдыру ауыстырып-қосқыш
тетігі
Бұл құралда айналым бағытын өзгерту үшін кері
айналдыру ауыстырып-қосқышы бар. Реверсивті
ауыстырып-қосқыш тетігі сағат тілімен айналу
үшін күйіне (А жағы) немесе сағат тіліне қарсы
айналуы үшін күйіне (B жағы) жылжытыңыз.
Әрекет ету режимін таңдау
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
Құрал жұмыс істеп
тұрған кезде әрекет режимін өзгерту тетігін
бұрмаңыз.
Құрал зақымдалуы мүмкін.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
Режимді өзгерту тетігінің
тез тозуына жол бермеу үшін, әрекет ету
режимінің өзгеру тетігінің әрқашан әрекет ету
режимінің үш позициясының біреуінде оң
екендігіне көз жеткізіңіз.
Соққылау арқылы айналу
Бетон, тас қалауын және т.б. бұрғылау кезінде
әрекет ету режимін ауыстыратын тетікті
белгісіне
қарай бұраңыз. Карбидті вольфраммен ұшталған
қашауды (қосымша керек-жарақ) пайдаланыңыз.
►
Сурет3:
1.
Әрекет ету режимін ауыстыру тетігі
Тек айналу
Ағаш, металл немесе пластик материалдарды
бұрғылау кезінде әрекет ету режимін ауыстыратын
тетікті белгісіне қарай бұраңыз. Спиральді
бұрғылау қашауын немесе ағаш бұрғылау қашауын
пайдаланыңыз.
►
Сурет4:
1.
Әрекет ету режимін ауыстыру тетігі
Тек соққылау
Шабу, кішірейту немесе бұзу жұмыстары кезінде
әрекет ету режимін ауыстыратын тетікті белгісіне
қарай бұраңыз. Шашақты қашау, қол қашауын,
кішірейту қашауын және т.б. пайдаланыңыз.
►
Сурет5:
1.
Әрекет ету режимін ауыстыру тетігі
Айналу моментін шектеуші
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
Айналу моментін
шектеуші қосылған кезде, құралды дереу
өшіріңіз.
Бұл құралдың мерзімінен бұрын тозуына
жол бермеуге көмектеседі.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
Бұл құралға
қыстырылып қалатын немесе саңылауда оңай
тұрып қалатын сақиналы ара секілді бұрғылау
қашаулары жарамайды.
Бұл айналу моментін
шектеушіні тым жиі іске қосқанға байланысты.
Айналу моментін шектеуші айналу моментінің белгілі
бір деңгейіне жеткенде іске қосылады. Қозғалтқыш
шығыс біліктен ажыратылады. Ондай болған
жағдайда, бұрғылау қашауы айналуды тоқтатады.
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)













