Мультиварки Redmond RMC-M140 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

41
RMC-M140
KAZ
41
• Тағам дайындау үшін қысымда міндетті түрде тостағанның
көлемінен 1/5 –тен кем емес су немесе басқа сұйықтық болуға тиіс.
Жоғары қысым астында қуаруға және пісіруге тыйым
салынады!
• Бу шығару қақпақшасының бітелуіне жол бермеу үшін тостағанды
азық-түлікпен және сумен оның көлемінен 4/5 аса толтырмаңыз.
Ыстық суда бөрту немесе көбік шығару қасиеті бар өнімдерді
пісірген кезде тостаған көлемінен 3/5 аса толтырмаңыз.
Құрал қақпағы толық бекітілмесе, жоғары қысым
астында әзірлеу бағдарламасын қосуға қатаң түрде
тыйым салынады!
• Бу шығару қақпақшасын ашқан кезде немесе әзірлеу үдерісі
аяқталған кезде ыстық буды тігінен қатты лақтыру орын алуы
мүмкін. Қақпақтың үстінен еңкеймеңіз және қақпақшаны ашқан
кезде оның үстінен қолды ұстамаңыз.
• Жұмыс камерасында қысым артқан кезде, қақпаққа блок қою
жүйесі автоматты түрде қосылады. Құрал қақпағын жұмыс
камерасындағы қысымды алдын ала қалыпқа келтірмей ашуға
тырыспаңыз.
• Сұйық немесе езбе тәрізді тағамдарды әзірлеу аяқталғаннан кейін,
буды шығару қақпақшасы арқылы ыстық сұйықтықтың
лақтырылуына жол бермеу үшін, қысымды лақтырар алдында
10-15 минут ішінде құралды суынуға қалдырыңыз.
• Құрал қақпағын оның үстінде орнатылған пластикалық тұтқадан
ұстап қана ашыңыз. Құрылғыны корпус бүйіріндегі арнайы
тұтқалардан ұстап және ажыратылған күйінде ғана көтеруге болады
• Аспапты жұмсақ бетке орнатпаңыз, оны жұмыс кезінде жаппаңыз —
бұл құрылғының қызуына және бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
• Аспапты ашық ауада пайдалануға тыйым салынады — құрылғы
корпусының ішіне ылғал немесе бөтен заттар тисе, қатты зақымдар
болуы мүмкін.
• Аспапты тазалаудың алдында ол электр желіден ажыратылғанына
және толық суығанына көз жеткізіңіз. Аспапты тазалау бойынша
нұсқаулықтарды қатаң ұстаныңыз.
Аспап корпусын суға батыруға немесе су ағынына
түсіруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
• Бұл аспап физикалық, жүйке немесе психикалық ауытқулары бар
немесе тәжірибесі мен білімі жетіспейтін адамдардың (оның
ішінде балалардың) қолдануына арналмаған, мұндай тұлғалар
қадағаланып, олардың қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлға осы
аспапты қолдануға қатысты нұсқау жасалған жағдайлардан басқа.
Балалардың аспаппен, оның жинақтаушыларымен, сонымен қатар
зауыттық орамымен ойнауына жол бермеу мақсатында қадағалап
отыру қажет. Құрылғыны тазалау және қызмет көрсетуді балалар
ересектердің қарауынсыз жасамауы тиіс.
• Аспапты өздігіңізбен жөндеуге немесе құрылымына өзгеріс ен-
гізуге тыйым салынады. Қызмет көрсету және жөндеу бойынша
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)