Makita G-серия HP488DWE - Инструкция по эксплуатации - Страница 27

Шуруповерты Makita G-серия HP488DWE - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.

Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.

"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.
Страница:
/ 28
Загружаем инструкцию
background image

27 ҚАЗАҚША

Ең алдымен, әрекет ету режимін ауыстыру 

сақинасын көрсеткі 

 белгісіне бағытталатындай 

бұраңыз.

Бұрағыш ұштығының ұшын бұранда бастиегіне 

орналастырып, құралға қысым қолданыңыз. 

Құралды ақырын іске қосыңыз, содан кейін 

жылдамдығын біртіндеп арттырыңыз. Жалғанғаннан 

кейін, ауыстырып-қосқыш шүріппесін жіберіңіз.

► 

Сурет8

ЕСКЕРТПЕ:

 Ағаш бұрандасын бұрғылағанда, 

бұранда диаметрінің 2/3 бөлігіне сәйкес келетін 

сынамалы саңылауды алдын ала бұрғылап тесу 

керек. Бұл бұрғылауды оңайлатады және өңдеу 

бөлшегінің бөлініп кетуіне жол бермейді.

Соқпалы бұрғылау жұмыстары

САҚ БОЛЫҢЫЗ:

 

Саңылау бұзылып 

жатқан сәтте саңылау жоңқа мен бөлшектерге 

толған кезде немесе соққылаушы шыбықты 

арматуралар бетонға кіріктірілген кезде, 

құралда/бұрғы ұштығында кенеттен үлкен 

бұралу күші пайда болады.

Ең алдымен, әрекет ету режимін ауыстыру 

сақинасын көрсеткі 

 белгісіне бағытталатындай 

бұраңыз. Бұл жұмыстар үшін реттеу сақинасын 

кез келген айналу моменті деңгейінде туралауға 

болады.

Міндетті түрде карбидті вольфраммен ұшталған 

бұрғы ұштығын пайдаланыңыз.

Бұрғы ұштығын саңылау жасалатын қажетті орынға 

қойыңыз, содан соң ауыстырып-қосқыш шүріппесін 

тартыңыз. Құралға артық күш түсірмеңіз. Аз қысым 

жақсы нәтижелер береді. Құралды орнында ұстап, 

оны саңылаудан сырғып кетуіне жол бермеңіз.

Саңылау жоңқа немесе бөлшектерге толған кезде, 

көбірек қысым түсірмеңіз. Оның орнына, құралды 

бос жүріске салып, бұрғылау қашауын саңылаудан 

ішінара шығарып алыңыз. Осы әрекетті бірнеше рет 

қайталау арқылы саңылау тазарады және қалыпты 

бұрғылау қалпына келуі мүмкін.

Үрлеуіш баллон

Қосымша керек-жарақ

► 

Сурет9:

    

1.

 Үрлеуіш баллон

Саңылауды бұрғылаудан кейін, үрлеуіш баллонды 

пайдаланып, саңылауды шаңнан тазалаңыз.

Бұрғылау жұмыстары

Алдымен әрекет ету режимін ауыстыру сақинасын 

көрсеткі 

 белгісіне бағытталатындай бұраңыз. 

Содан кейін келесі әрекеттерді орындаңыз.

Ағашта бұрғылау

Ағашта бұрғылау кезінде, бағыттаушы бұрандамен 

жабдықталған ағаш бұрғысы көмегімен жақсы 

нәтижеге қол жеткізуге болады. Бағыттаушы 

бұранда бұрғы ұштығын өңдеу бөлшегіне қарай 

тарту арқылы, бұрғылауды оңайлатады.

Металды бұрғылау

Саңылау жасауды бастау кезінде, бұрғы ұштығының 

сырғып кетуіне жол бермеу үшін бұрғылау қажет 

нүктені балғамен ортасынан ұру арқылы қуыс 

жасау қажет. Бұрғы ұштығының ұшын қуысқа қойып, 

бұрғылауды бастаңыз.

Металды бұрғылау кезінде кесу майын 

пайдаланыңыз. Құрғақ күйде бұрғылау қажет темір 

мен мыс ерекше жағдай болып табылады.

САҚ БОЛЫҢЫЗ:

 

Құрылғыны шамадан тыс 

басу бұрғылауды тездетпейді.

 Шындығында, 

шамадан тыс қысым тек бұрғылау қашауыңыздың 

ұшын зақымдайды, құралдың өнімділігін және 

құралдың қызмет ету мерзімін қысқартады.

САҚ БОЛЫҢЫЗ:

 

Бұрғы қашауы өңдеу 

бөлшегін бұза бастағанда, құралды мықтап 

ұстаңыз және сақ болыңыз.

 Саңылаудың 

бұзылуы кезінде құралға/бұрғылау қашауына 

орасан зор күш түсіріледі.

САҚ БОЛЫҢЫЗ:

 

Қыстырылып қалған 

бұрғылау қашауын кері қарай шығуы үшін 

реверсивті ауыстырып-қосқышты кері бағытта 

айналу күйіне орнату арқылы оңай шығарып 

алуға болады. Дегенмен құралды қатты 

ұстамасаңыз, кенеттен артқа ыршуы мүмкін.

САҚ БОЛЫҢЫЗ:

 

Өңдеу бөлшектерін 

әрқашан қысқышта немесе соған ұқсас ұстап 

тұратын құрылғымен бекітіңіз.

САҚ БОЛЫҢЫЗ:

 

Құрал аккумулятор 

картриджінің заряды таусылғанға дейін 

үздіксіз жұмыс жасаса, жаңа аккумулятормен 

жұмыс бастамас бұрын, құралдың 15 минут 

тұруына мүмкіндік беріңіз.

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ 

КӨРСЕТУ

САҚ БОЛЫҢЫЗ:

 

Тексеру немесе 

техникалық қызмет көрсету жұмыстарын 

жүргізуге әрекеттенбес бұрын, әрдайым 

құралдың өшірулі екендігіне және аккумулятор 

картриджінің алынғанына көз жеткізіңіз.

НАЗАР САЛЫҢЫЗ:

 

Жанармайды, бензинді, 

сұйылтқышты, спиртті немесе соған 

ұқсас заттарды ешқашан пайдаланбаңыз. 

Нәтижесінде түссіздену, бүліну немесе 

жарықтар пайда болуына әкелуі мүмкін.

Өнімнің ҚАУІПСІЗДІГІ мен СЕНІМДІЛІГІН 

қамтамасыз ету үшін, жөндеу жұмыстары, кез келген 

басқа техникалық қызмет көрсету немесе реттеу 

әрдайым Makita қосалқы бөлшектерін пайдалану 

арқылы Makita компаниясының өкілетті немесе 

зауыттық қызмет көрсету орталықтары тарапынан 

орындалуы керек.

Полезные видео

Характеристики

Оцените статью
tehnopanorama.ru
Остались вопросы?

Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)

Задать вопрос

Часто задаваемые вопросы
Как посмотреть инструкцию к Makita G-серия HP488DWE?
Необходимо подождать полной загрузки инструкции в сером окне на данной странице
Руководство на русском языке?
Все наши руководства представлены на русском языке или схематично, поэтому вы без труда сможете разобраться с вашей моделью
Как скопировать текст из PDF?
Чтобы скопировать текст со страницы инструкции воспользуйтесь вкладкой "HTML"