Шуруповерты Makita G-серия HP488DWE - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

23 ҚАЗАҚША
3.
Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде,
оны қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер,
шегелер, бұрандалар сияқты металл заттар мен
бір клеммадан екіншісіне қосылыс жасау мүмкін
басқа шағын металл заттардан аулақ ұстаңыз.
Аккумулятор клеммаларының қысқа тұйықталуы
күйік шалуға немесе өртке әкеп соғуы мүмкін.
4.
Дұрыс пайдаланбаған кезде аккумулятордан
сұйықтық ағуы мүмкін; оған тимеуге
тырысыңыз. Егер абайсызда тиіп кетсеңіз,
сумен шайыңыз. Егер сұйықтық көзге тиген
болса, медициналық көмекке жүгініңіз.
Аккумулятордан шыққан сұйықтық тітіркену
немесе күйікке себеп болуы мүмкін.
5.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумулятор блогын пайдаланбаңыз.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумуляторлардан нәтижесінде өрт, жарылыс
немесе жарақат алу қаупіне әкелетін күтпеген
жағдайлар туындауы мүмкін.
6.
Аккумулятор блогын немесе құралды от
немесе шамадан тыс жоғары температура
шығаратын заттың жанына қоймаңыз.
Отқа
түссе немесе температура 130 °C-тан жоғары
болса, жарылуы мүмкін.
7.
Зарядтауға қатысты нұсқаулардың
барлығын орындаңыз және аккумулятор
блогын немесе құралды нұсқауларда
көрсетілген температура ауқымынан тыс
зарядтамаңыз.
Дұрыс зарядтамалмаса
немесе көрсетілген ауқымнан тыс
температурада зарядталса, аккумулятор
зақымдалуы және өрт шығу қаупі артуы мүмкін.
Қызмет көрсету
1.
Электрлік құралға қызмет көрсетуді тек қаа
жөндеу бойынша білікті аман тиісті қосалқы
бөлшектерді пайдаланып жүзеге асыруы
қажет.
Бұл электрлік құралдың қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді.
2.
Зақымдалған аккумулятор блоктарына
қызмет көрсетуге болмайды.
Аккумулятор
блоктарына қызмет көрсетуді өндіруші немесе
өкілетті қызмет маманы орындауы тиіс.
3.
Керек-жарақтарды майлау және ауыстыру
нұсқауын орындаңыз.
Аккумуляторлы соқпалы бұрғы-
бұрама шегені бұрағышты
бұрғылауға қатысты қауіпсіздік
ескертулері
Барлық жұмыстарға қатысты қауіпсіздік нұсқаулары
1.
Соққылау арқылы бұрғылау кезінде құлақ
қорғанышын киіңіз.
Шуылдың әсері есту
қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін.
2.
Жұмыс істеп жатқанда, кесуге арналған
керек-жарақ немесе бекіткіштер
жасырын сымға тиіп кетуі мүмкін болса,
электрлік құралды оқшауланған арнайы
қысқыштармен ұстаңыз.
Кесу құралы немесе
бекіткіштер кернеулі сымға тиіп кетсе, электр
құралының ашық металл бөлшектерінде кернеу
пайда болады, нәтижесінде операторды ток
соғуы мүмкін.
3.
Әрдайым тұрақты жерде тұрғаныңызға көз
жеткізіңіз. Құралды биіктікте пайдаланған
кезде, төменгі жақта адамдардың жоқтығын
тексеріңіз.
4.
Құралды мықтап ұстаңыз.
5.
Қолыңызды айналмалы бөлшектерден
аулақ ұстаңыз.
6.
Құралды қосулы күйде қалдырмаңыз.
Құралды тек қолмен ұстап пайдаланыңыз.
7.
Ұштықты, өңдеу бөлшегін немесе
жоңқаларын пайдаланғаннан кейін бірден
ұстауға болмайды; олар өте ыстық болып,
теріні күйдіруі мүмкін.
8.
Кейбір материалдарда улы болуы мүмкін
химиялық заттар бар. Шаң жұтуға жол
бермей, теріге тигізбеңіз. Материал
жеткізушісінің қауіпсіздік туралы деректерін
қараңыз.
9.
Егер жұдырықшаны ашқан кезде де
бұрғы ұштығын босату мүмкін болмаса,
оны тартып алу үшін қысқыштарды
пайдаланыңыз.
Мұндай жағдайда, бұрғы
ұштығын қолмен тартқан кезде, оның өткір
шеттерінен жарақат алуыңыз мүмкін.
10.
Құралды пайдалану арқылы электр
кабельдері, су құбырлары, газ
құбырлары және т.б. зақымдалса, қауіп
төндіретіндіктен, олардың жоқ екеніне көз
жеткізіңіз.
Ұзын бұрғы ұштықтарын пайдалану кезіндегі
қауіпсіздік нұсқаулары
1.
Бұрғы ұштығының максималды
жылдамдығынан жоғары жылдамдықта
ешқашан жұмыс істемеңіз.
Жоғары
жылдамдықта ұштық өңдеу бөлшегіне тимей
еркін айналатын болса майысуы мүмкін және
ол дене жарақатына себеп болуы мүмкін.
2.
Бұрғылауды әрдайым төменгі
жылдамдықта және бұрғы ұштығын өңдеу
бөлшегіне тигізіп тұрып бастаңыз.
Жоғары
жылдамдықта ұштық өңдеу бөлшегіне тимей
еркін айналатын болса майысуы мүмкін және
ол дене жарақатына себеп болуы мүмкін.
3.
Қысымды тек ұштыққа тікелей түсіріңіз
және шамадан тыс қысым қолданбаңыз.
Ұштықтар майысып, сынуға немесе басқарудың
жоғалуына әкеліп соғуы мүмкін, нәтижесінде
дене жарақатының пайда болуы ықтимал.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАҢЫЗ.
ЕСКЕРТУ:
Бұл өнімді әбден пайдаланып
үйренген (қайта-қайта пайдаланғанның
нәтижесінде) болсаңыз да және сізге
қолайсыздық тудырса да, осы өнімді қолдану
кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң
түрде сақтау қажет. Осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта келтірілген қауіпсіздік ережелерін
ДҰРЫС ПАЙДАЛАНБАУ немесе орындамау
ауыр жарақаттарға әкеп соқтыруы мүмкін.













