Шуруповерты Makita G-серия HP488DWE - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

25 ҚАЗАҚША
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралдың функциясын
реттемес және тексермес бұрын, әрдайым
құралдың өшірулі екендігіне және аккумулятор
картриджінің алынғанына көз жеткізіңіз.
Аккумулятор картриджін орнату
немесе алу
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Аккумулятор картриджін
орнатпас немесе алмас бұрын, әрдайым
құралды өшіріңіз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Аккумулятор картриджін
орнатқан немесе алған кезде құралды және
аккумулятор картриджін мықтап ұстаңыз.
Құралды және аккумулятор картриджін мықтап
ұстамау, олардың қолыңыздан сырғанап түсіп,
нәтижесінде құралдың және аккумулятор
картриджінің зақымдалуына және жарақат алуға
әкеп соқтыруы мүмкін.
►
Сурет1:
1.
Қызыл индикатор
2.
Түйме
3.
Аккумулятор картриджі
Аккумулятор картриджін алу үшін картридждің
алдыңғы жағындағы түймені сырғытып, оны
құралдан сырғытып шығарып алыңыз.
Аккумулятор картриджін орнату үшін, аккумулятор
картриджіндегі тілшені корпустағы жырашықпен
туралап, оны орнына сырғытып салыңыз. Сырт еткен
дыбыс естілмейінше оны орнына итеріп салыңыз.
Егер түйменің жоғарғы жағында қызыл индикатор
көрініп тұрса, демек ол толығымен құлыпталмаған.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Аккумулятор картриджін
әрдайым қызыл индикатор көрінбейтіндей
етіп, толығымен орнатыңыз.
Олай жасамаған
жағдайда, ол құралдан кездейсоқ түсіп қалып, сізді
немесе айналаңыздағы адамдарды жарақаттауы
мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Аккумулятор картриджін
күштеп орнатпаңыз.
Егер картридж жеңіл
сырғымаса, демек ол дұрыс салынбаған.
Аккумулятордың қорғау жүйесі
Аккумулятор картриджі ұзақ уақыт қызмет көрсетуі
үшін шығыс қуатты автоматты түрде оқшаулайтын
қорғаныс жүйесімен жабдықталған.
Құрал және/немесе аккумулятор төмендегі
жағдайларға тап болған жағдайда, құрал жұмыс
істеу барысында тоқтайды. Бұл қорғаныс жүйесін
іске қосумен байланысты және ешқандай қауіп-
қатерді білдірмейді.
•
Құрал/аккумулятор шамадан тыс жүктелгенде:
Бұл жағдайда ауыстырып-қосқыш шүріппесін
жіберіңіз де, аккумулятор картриджін алып,
шектен тыс жүктелу себептерін жойыңыз, содан
кейін қайта іске қосу үшін ауыстырып-қосқыш
шүріппесін тартыңыз.
•
Аккумулятор элементтері қызып кетсе:
Ауыстырып-қосқыш шүріппесінің кез келген
іс-әрекетінде де мотор тоқтатылған күйде
тұрады. Бұл жағдайда, құралды пайдалануды
тоқтатып, аккумулятор картриджін суытыңыз.
•
Аккумулятордың қалған қуаты төмендеген кезде:
Ауыстырып-қосқыш шүріппені тартсаңыз,
қозғалтқыш қайтадан іске қосылады, бірақ көп
ұзамай тоқтайды. Мұндай жағдайда шамадан
тыс зарядталуға жол бермеу үшін, аккумулятор
картриджін құралдан алып тастап зарядтаңыз.
Ауыстырып-қосқыштың әрекеті
►
Сурет2:
1.
Ауыстырып-қосқыш шүріппесі
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Аккумулятор картриджін
құралға орнатпас бұрын, әрдайым ауыстырып-
қосқыш шүріппесінің дұрыс жұмыс істеп
тұрғанын және босатылған кезде “OFF”
(ӨШІРУЛІ) күйіне оралатындығын тексеріңіз.
Құралды іске қосу үшін жай ғана ауыстырып-қосқыш
шүріппесін басыңыз. Құралдың жылдамдығы
ауыстырып-қосқыш шүріппесіндегі қысымды
арттырған сайын артады. Тоқтату үшін ауыстырып-
қосқыш шүріппесін жіберіңіз.
Ауыстырып-қосқыш жұмыс
бағытын кері айналдыру
►
Сурет3:
1.
Кері айналдыру ауыстырып-қосқыш
тетігі
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Жұмыс алдында
әрдайым айналым бағытын тексеріңіз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Кері айналдыру
ауыстырып-қосқышын құрал толығымен
тоқтағаннан кейін ғана қолданыңыз.
Құрал
тоқтамас бұрын айналым бағытын өзгерту
құралдың зақымдалуына әкелуі мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралды пайдаланбаған
кезде, кері айналдыру тетігін әрдайым
бейтарап күйге орнатыңыз.
Бұл құралда айналым бағытын өзгерту үшін кері
айналдыру ауыстырып-қосқышы бар. Кері айналдыру
ауыстырып-қосқыш тетігін сағат тілі бағытында
айналдыру үшін A жағынан немесе сағат тіліне қарсы
бағытта айналдыру үшін B жағынан басыңыз.
Кері айналдыру ауыстырып-қосқыш тетігі бейтарап
күйде болған кезде ауыстырып-қосқыш шүріппесі
тартылмайды.
Жылдамдықты өзгерту
►
Сурет4:
1.
Жылдамдықты өзгерту тетігі
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Тетікті әрқашан дұрыс
күйіне толықтай орнатыңыз.
Егер құралмен
жылдамдықты өзгерту тетігі "1" және "2" жақ
аралықтарының ортасында орналасқан кезде
жұмыс жасасаңыз, құрал зақымдалуы мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құрал жұмыс істеп
тұрған кезде жылдамдықты өзгерту тетігін
пайдаланбаңыз.
Құралға зақым келуі мүмкін.













