Пылесос Polaris PVCR 1226 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

60
2.
Электрлік тоқпен зақымданбау үшін бұл құрылғыны, оның зарядтау құрылғысын ешбір
жағдайда суға немесе басқа сұйықтықтарға батырып салуға мүлдем болмайды.
3.
Шаңсорғышты немесе оның бөлшектері мен керек-жарақтарын тазалау үшін бензин, спирт
және химиялық ерітінділерді пайдаланбаңыз.
4.
Шаңсорғыштың металл бөліктерін таза, құрғақ мата сулықпен сүртіп шығыңыз.
5.
Шаңсорғыштың пластик бөліктерін сәл ылғалды, сығылған мата сулықпен сүртіп шығыңыз.
Құрылғының сыртқы корпусында су тамшылары қалмауы тиіс.
6.
Шаңсорғыш құрғақ, салқын жерде сақталуы тиіс.
Ылғалды тазалауды жүргізуге арналған контейнерін дайындау
Назар аударыңыз! Егер сіз роботты ылғалды тазалау кезінде (оның контейнеріне су толтыру үшін)
тоқтатсаңыз, робот-шаңсорғыш бөлмедегі тазаланған еден аумағын қайтадан тазалауды бастайды.
Кілемнің бетінде ылғалды тазалау жүргізілмеуі керек.
Әрқашан ылғалды тазалауды жүргізу үшін қолданылатын контейнерін алдын-ала таза сумен
толтырыңыз. Робот-шаңсорғыш ылғалды тазалауды орындап болған соң, контейнердегі қалған суды
төгіп тастаңыз, оның ішінде суды қалдыруға болмайды. АКБ-ны қуаттандыру қажет болса, шаңсорғышты
зарядтау базасына орнатпас бұрын, құрылғыдан контейнерін шығарып алыңыз.
Шаңсорғыштың контейнеріне су толтыру алдында, құрылғының жеткізілім жиынтықтығына кіретін
шүберекті суретте көрсетілгендей, контейнердің түбіне салыңыз да, оның ұстағыштарына іліп, бекітіп
алыңыз.
Сур. 20
Шаңсорғыштың контейнерін сумен толтыру.
Шаңсорғыштың контейнерін сумен толтыру үшін, оның су қуюға арналған саңылауының қақпағын
ашыңыз. Контейнерді ең жоғары макс белгісі бар меже сызығына дейін таза сумен толтырыңыз, оның
су қуюға арналған саңылауына қақпағын орнатып, оны тығыздып жабыңыз.
ШАҢЖИНАҒЫШ КОНТЕЙНЕРІН ТАЗАЛАУ
Сур. 21
Шаңсорғышты әр пайдаланғаннан кейін:
-
Шаңсорғыштың корпусынан шаңжинағыш контейнерін шығарып алу үшін шаңжинағыш
контейнердің бекіткіш тетігін басып, оны төмен қарай тартыңыз,
-
содан кейін, шаңжинағыш контейнерін өзіңізге қарай тартып, шығарып алыңыз.
-
Оның арналарында тұрып қалған бөтен заттардың бар-жоғын тексеріңіз, арналарда бөтен
заттар бар болса оларды алып тастаңыз.
-
Шаңжинағыш контейнердің қақпағын ашуға арналған бекіткіш ілмегін ағытып алыңыз да,
шаңжинағыш контейнердің қақпағын ашыңыз.
-
Шаңжинағыш контейнерін қоқыс жәшігінің үстінен ұстап тұрып, оны сәл қағып-сілкіп шаң-тозан
мен қоқыстан босатыңыз.
-
HEPA-сүзгісін тазалау немесе алмастыру үшін, шаңжинағыш контейнердің қақпағында бекіткіш
ілмегін ағытып алыңыз да, сүзгіні шығарып алыңыз. HEPA-сүзгісін сілкіп шаңнан тазартыңыз немесе оны
тазарту үшін арнайы арналған қылшақты қолданыңыз. Қажет болса HEPA сүзгі мен поролонды сүзгісін
және оның жарғақшасын (мембранасын) бөлме температурасындағы таза судың жұқа ағын астында
жақсылап жуып-шайып шығыңыз, оларды жуу барысында жуғыш не тазартқыш заттарды
пайдаланбаңыз.
Сур. 22
-
Шаңжинағыш контейнерін тазалаңыз және оны таза сумен жақсылап жуып-шайып шығыңыз.
Сур. 23
-
Құрылғыға шаңжинағыш контейнерін және оның сүзгілерін орнатпас бұрын, оларды табиғи
түрде құрғатыңыз, яғни бөлме температурада үтік сияқты қыздырғыш немесе кептіргіш құрылғыларды
қолданбай кептіріңіз.
-
Сүзгі элементтерін шаңжинағыш контейнерге орнатыңыз,