Пылесос Polaris PVCR 1226 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

55
Робот-шаңсорғышты пайдаланбас бұрын, үйіңіздегі не бөлмедегі тазалау аймағында барлық кедергі
жасап тұрған заттарды жылжытыңыз және еденнің үстінен электр құрылғылардың тарқатылған желілік
баусымдарын не электрлік кабельдерін, сондай-ақ балалардың ойыншықтарын жинап алыңыз.
Сур. 5
Робот-шаңсорғышты тек түктері төмен (түксіз) тықыр кілемдерді тазалау үшін пайдаланыңыз.
Шаңсорғыш жұмыс істеп тұрған кезде, оған кедергі жасамайтындай етіп тұрыңыз, робот өтетін жолда,
яғни тазалау аймақта немесе есіктің ойығында тұрмаңыз, әйтпесе робот-шаңсорғыш бұл аймақтарды
тазаламай қалдырып кетуі мүмкін
Егер робот-шаңсорғыш баспалдақ аралықтарының арасындағы аумақты тазалайтын болса ( роботтың
баспалдақтан құлап кетуін болдырмау үшін) немесе бөлмедегі жиһаздың арасындағы арақашықтық
шағын болса, осындай шаңсорғыш үшін әрен жететін орындарда бөгеттерді жасап орнатыңыз.
Сур. 6
Шаңсорғыштың артқы жағында орналасқан ішкі бөлігіне шаң-тозан мен қоқыстан тазартылған таза
сүзгілермен бірге құрастырып жиналған шаңжинағыш контейнерін орнатыңыз немесе ылғалды
тазалауды жүргізуге арналған контейнерін шағын шүберекпен бірге орнатыңыз, бірақ бұл контейнерін
алдын ала таза сумен оның ең жоғарғы деңгейдегі макс белгісі бар меже сызығына дейін толтырыңыз,
осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың («Құрылғының сипаттамасы») тарауында көрсетілген
нұсқауларын қарап шығыңыз.
Сур. 7
Назар аударыңыз: ылғалды тазалаудың алдында тазаланатын бөлмеде еденнің бетін шаң мен
қоқыстан тазалап алу керек.
Назар аударыңыз: Шаңсорғышты шаң мен қоқыс жинауға арналған контейнерсіз немесе ылғалды
тазалауды жүргізуге арналған контейнерсіз пайдалануға қатаң тыйым салынады!
1.
Шаңсорғышты еденде орналастырыңыз, роботтың үсті жағында орналасқан басқару панелі
жоғары қарайтындай етіп орналасуы қажет.
Сур. 8
Құрылғының корпусындағы электрлік қоректендіруді ауыстырып қосатын ажыратып-қосқыш
батырмасын «I» қалпына орнатыңыз, сол кезде іске қосу/сөндіру батырмасының жарық индикаторы
көк түспен жанады.
2.
Шаңсорғыштың негізгі тазалау бағдарламасын іске қосу үшін, шаңсорғыштың басқару панелінде
орналасқан мына
белгісі бар батырмасын басыңыз немесе оның қашықтан басқару пультіндегі
мына
белгісі бар батырмасын бір мәрте ғана қысқа басыңқырап жіберіңіз, оны ұзақ басып
тұрмаңыз. Шаңсорғыштың корпусында орналасқан батырмасы жылт-жылт етіп жанып, жыпылықтай
бастайды. Құрылғыдағы старт батырмасының жыпылықтауы тоқтаған кезде, яғни старт батырмасы
үздіксіз жанған кезде робот-шаңсорғыш негізгі тазалау режимінде бөлмежайдағы еден аумағын
тазалауды бастайды.
Сур. 9
Тазалау үдерісі барысында, шаңсорғыштың басқару панелінде орналасқан мына
белгісі бар
батырмасын немесе оның қашықтан басқару пультіндегі мына
белгісі бар батырмасын қайтадан бір
рет басу арқылы шаңсорғыштың жұмысын үзіп, тазалауды тоқтатуға болады. Робот-шаңсорғыштың
тазалау жұмысын үзіп тастаған соң, шаңсорғыш «Үзіліс» (күту) режиміне ауысады.
3.
Робот-шаңсорғышты оның зарядтау базасына бағыттап қайтарып жіберу үшін, шаңсорғыштың