Makita DHS900Z - Инструкция по эксплуатации - Страница 52

Пилы дисковые Makita DHS900Z - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.

Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.

"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.
Страница:
/ 64
Загружаем инструкцию
background image

52 ҚАЗАҚША

12. 

Аккумуляторларды тек Makita компаниясы 

көрсеткен өнімдермен бірге пайдаланыңыз.

 

Аккумуляторларды үйлесімді емес өнімдерге 

орнату өртке, қызып кетуге, жарылысқа немесе 

электролит ағуына әкеп соқтыруы мүмкін.

13. 

Егер құрал ұзақ уақыт бойы 

пайдаланылмайтын болса, құралдағы 

аккумуляторды алып тастау керек.

ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ 

САҚТАҢЫЗ.

САҚ БОЛЫҢЫЗ:

 

Тек түпнұсқа Makita 

аккумляторларын пайдаланыңыз.

 Түпнұсқа 

емес Makita аккумуляторларын немесе өзгертілген 

аккумуляторларды пайдалану нәтижесінде өрт, 

жарақат алу немесе зақымдалуға себеп болатын 

аккумулятор жарылуына әкелуі мүмкін. Ол 

сондай-ақ Makita құралы мен зарядтау құрылғысы 

үшін Makita кепілдігінің күшін жояды.

Аккумулятордың максималды 

қызмет ету мерзімін сақтау 

бойынша кеңестер

1. 

Аккумулятор картриджін қуаты толығымен 

таусылмас бұрын зарядтаңыз. Электр 

құралының қуаты аз екендігін байқаған 

кезде, құрал жұмысын тоқтатып, 

аккумулятор картриджін зарядтаңыз.

2. 

Толығымен зарядталған аккумулятор 

картриджін ешқашан қайта зарядтамаңыз. 

Артық зарядтау аккумулятордың қызмет ету 

мерзімін қысқартады.

3. 

Аккумулятор картриджін 10 °C – 40 °C 

(50 °F – 104 °F) бөлме температурасында 

зарядтаңыз. Зарядтамас бұрын аккумулятор 

картриджін суытыңыз.

4. 

Егер аккумулятор картриджін ұзақ уақыт 

бойы (алты айдан артық) пайдаланбаған 

болсаңыз, оны зарядтаңыз. 

Сымсыз блокқа арналған 

маңызды қауіпсіздік нұсқаулары

1. 

Сымсыз блокты бөлшектемеңіз немесе өз 

бетінше ашып жөндемеңіз.

2. 

Сымсыз блокты кішкентай балалардан 

алшақ ұстаңыз. Кездейсоқ жұтып қойылса, 

дереу медициналық көмекке жүгініңіз.

3. 

Сымсыз блокты Makita құралдарымен ғана 

пайдаланыңыз.

4. 

Сымсыз блокты жаңбырдың астына немесе 

ылғалды жерлерге қоймаңыз.

5. 

Сымсыз блокты температурасы 50°C-ден 

(122°F) асатын жерлерде пайдаланбаңыз.

6. 

Сымсыз блокты кардиостимулятор сияқты 

медицина құралдары жақын орналасқан 

жерлерде қолданбаңыз.

7. 

Сымсыз блокты автоматтандырылған 

құрылғылар жақын орналасқан жерлерде 

қолданбаңыз.

 Қолданған жағдайда, 

автоматтандырылған құрылғылар дұрыс жұмыс 

істемеуі немесе қате пайда болуы мүмкін.

8. 

Температурасы жоғары жерлерде немесе 

статикалық электр қуаты немесе электрлік 

шу пайда болатын жерлерде сымсыз 

блокты қолданбаңыз.

9. 

Сымсыз блок электрмагниттік өрістер (EMF) 

шығарады, олар пайдаланушыға қауіпті емес.

10. 

Сымсыз блок дәл жұмыс істейтін аспап 

болып табылады. Сымсыз блокты құлатып 

немесе соғып алмаңыз.

11. 

Сымсыз блоктың клеммасын жалаң қолмен 

немесе металдан жасалған материалдармен 

ұстамаңыз.

12. 

Сымсыз блокты орнатқанда, 

аккумуляторды әрқашан өнімнен шығарып 

алыңыз.

13. 

Шаң мен судың ойыққа кірмейтін жерлерде 

ғана ойық қақпағын ашыңыз. Ойықтың 

кірісін әрқашан таза ұстаңыз.

14. 

Сымсыз блокты әрқашан дұрыс бағытта 

орнатыңыз.

15. 

Сымсыз блоктың сымсыз іске қосу түймесін 

тым қатты баспаңыз немесе ұшы өткір 

затпен баспаңыз.

16. 

Жұмыс істеп тұрған кезде, әрқашан 

ойықтың қақпағын жабыңыз.

17. 

Құрылғыға қуат беріліп тұрған кезде 

сымсыз блокты ойықтан шығармаңыз.

 

Бұлай істеу сымсыз блоктың ақаулығына себеп 

болуы мүмкін.

18. 

Сымсыз блоктағы жапсырманы алмаңыз.

19. 

Сымсыз блокқа ешқандай жапсырманы 

жабыстырмаңыз.

20. 

Сымсыз блокты статикалық электр қуаты 

немесе электрлік шу пайда болатын 

жерлерде қалдырмаңыз.

21. 

Сымсыз блокты қатты ыстық жерде қалдырмаңыз, 

мысалы, күн астында тұрған көлікте.

22. 

Сымсыз блокты шаңды не ұнтақты жерде 

немесе жемір газ пайда болатын жерде 

қалдырмаңыз.

23. 

Температураның кенет өзгеруінен сымсыз блокта 

ылғал пайда болуы мүмкін. Ылғал толығымен 

кепкенше сымсыз блокты пайдаланбаңыз. 

24. 

Сымсыз блокты тазалау кезінде құрғақ жұмсақ 

шүберекпен сүртіңіз. Бензинді, сұйылтқышты, 

ток өткізгіш майларды немесе сол сияқты 

заттарды пайдаланбаңыз.

25. 

Сымсыз блокты сақтаған кезде оны 

берілген қапта немесе статикалық электр 

қуатын өткізбейтін контейнерде ұстаңыз.

26. 

Құралдағы ойыққа Makita сымсыз блогынан 

басқа ешқандай құрылғыларды қоспаңыз.

27. 

Құралды ойық қақпағы зақымдалған 

жағдайда пайдаланбаңыз.

 Судың, шаңның 

және кірдің ойыққа түсуі ақау тудыруы мүмкін.

28. 

Ойық қақпағын күштеп тартпаңыз не 

бұрамаңыз.

 Қақпақ құралдағы орнынан шығып 

кетсе, орнына келтіріңіз.

29. 

Ойық қақпағы жоғалса немесе бұзылса, 

ауыстырыңыз.

ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ 

САҚТАҢЫЗ.

Характеристики

Оцените статью
tehnopanorama.ru
Остались вопросы?

Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)

Задать вопрос

Часто задаваемые вопросы
Как посмотреть инструкцию к Makita DHS900Z?
Необходимо подождать полной загрузки инструкции в сером окне на данной странице
Руководство на русском языке?
Все наши руководства представлены на русском языке или схематично, поэтому вы без труда сможете разобраться с вашей моделью
Как скопировать текст из PDF?
Чтобы скопировать текст со страницы инструкции воспользуйтесь вкладкой "HTML"