Мясорубки VITEK VT-3628 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

15
ҚазаҚша
•
Етті немесе басқа тамақ өнімдерін итеру
үшін асыра күш салмаңыз.
•
Етті тарту барысында кептеліс пайда
болуы мүмкін, пайда болған кептелісті
жою үшін шнектің «REV» кері айналу
қызметін пайдалану керек. Иірмекті
кері айналдыру режиміне (REVERSE)
ауыстыру үшін ауыстырып-қосқышты (7)
«0» күйіне қойып еттартқышты өшіріңіз,
одан кейін ауыстырып-қосқышты (7) басып
«R» күйінде ұстап тұрыңыз.
•
Құрылғының өнімдерді өңдеу бойынша
үздіксіз жұмыс істеу уақыты 10 минуттан
аспауы тиіс.
•
10 минут үздіксіз жұмыс істегеннен кейін
құрылғыны сөндіру және оған 15-20 минут
бойы салқындауға уақыт беру керек, содан
кейін жұмысты жалғастыруға болады.
•
Сіз
жұмысты
аяқтағаннан
кейін,
ауыстырғышты (7) «0» күйіне белгілеп,
еттартқышты сөндіріңіз, еттартқышты
электр желісінен ажыратыңыз, және содан
кейін ғана оны бөлшектеуге кірісіңіз.
ЕТТІ ӨҢДЕУ
•
Еттартқыштың бастиегін (3) орнатылатын
орнына (4) салыңыз және бастиегін (3)
сағат тіліне қарсы бағытта бекітілгенше
бұраңыз (сур 1, 2).
•
Шнекті (8) еттартқыш бастиегінің
корпусына (3) орнатыңыз (сур. 3).
•
Айқаспалы пышақты (9) орнатыңыз (сур. 4).
•
Бір қажетті торкөзді (10 немесе 11) алып,
пышақтың үстінен торкөздегі дөңестер мен
еттартқыш бастиегінің (3) корпусындағы
ойықтарды сәйкестендіріп орнатыңыз,
сомынды (12) қатайтыңыз (сур. 5, 6).
Назар аударыңыз!
–
Пышақты кесетін жағымен торға
қаратып орнатыңыз.
Егер пышақ
дұрыс орнатылмаған болса, ол тарту
қызметін орындамайды.
–
Анағұрлым ірі саңылаулары бар
тор (11) шикі етті, көкөністерді,
кептірілген жемістерді, ірімшікті,
балықты және т.б. өңдеуге жарайды.
–
Ұсақ саңылаулары бар тор (10) шикі
және піскен етті, балықты және т.б.
өңдеуге жарайды.
•
Еттартқыш бастиегінің мойнына (3)
өнімдерге арналған науаны (2) орнатыңыз.
•
Ауыстырғышты (7) «ON» күйіне белгілеп,
еттартқышты іске қосыңыз.
•
Жұмыс кезінде тек итергішті (1)
пайдаланыңыз.
Ескерту:
–
Етті өңдеу процесін жақсарту үшін
оны жолақша немесе куб тәрізді етіп
тураңыз. Мұздатылған етті толық
еріту керек.
–
Жеткізілім жинағына кіретін итергішті
жұмыс істеу (1) уақытында пайдаланыңыз;
етті итеруге қандай да бір заттарды
пайдалануға тыйым салынады, ешбір
жағдайда етті қолмен итермеңіз.
•
Жұмыс
істеп
біткеннен
кейін,
ауыстырғышты (7) «0» күйіне белгілеп,
еттартқышты сөндіріңіз және оны желіден
ажыратыңыз, және содан кейін ғана оны
бөлшектеуге кірісіңіз.
•
Еттартқыш бастиегін (3) шешу үшін
бекіткіш (5) батырмасын басыңыз,
еттартқыш бастиегін (3) сағат тілі бойынша
бұраңыз және оны шешіңіз.
•
Еттартқыш бастиегін бөлшектеу үшін
бұранданы (12) бұрап алыңыз және еттар-
тқыш бастиегінің корпусынан орнатылған
торшаны (10 немесе 11), пышақты (9) және
шнекті (8) алып шығыңыз.
Шұжық толтыру
–
Тартылған етті дайындаңыз.
–
Еттартқыш бастиегін (3) орнату орнына (4)
орнатыңыз.
–
Шнекті (8) еттартқыш бастиегінің
корпусына (3) орнатыңыз, шнекке (8) крест
тәрізді пышақты (9), торлардың (10 немесе
11) біреуін, шұжықшаларды толтыруға
арналған қондырманы (13) орнатыңыз;
қондырмадағы (13) шығыңқылардың
еттартқыш бастиегінің корпусындағы (3)
ойықтармен сәйкес келуін қадағалаңыз
(сур. 7), содан кейін сомынды (12)
тартыңыз.
–
Азық-түлікке арналған астаушаны (2)
орнатыңыз.
–
Әзірленген фаршты азық-түлікке арналған
астаушаға (2) салыңыз.
–
Шұжықтарды әзірлеу үшін табиғи
қабықты пайдаланыңыз, оны жылы суы
бар ыдысқа алдын ала 10 минут бойы
салып қою керек.
IM VT-3628.indd 15
22.08.2018 12:57:06