Кофемашина DeLonghi ECAM550.85.MS - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

388
5. "NEXT>" (Келесі) селекторын (B2) дисплейде
"TEA FUNCTION" (Шәй функциясы) белгісі
көрінгенше басыңыз;
6. Қажетті шайға қатысты селекторды
басу арқылы қажетті су температурасын
таңдаңыз; әрбір шәй (ақ, көк, қызыл немесе
қара шәй) арнайы бір су температурасына
сай болады. Дисплейде (В1) көрсетілетін
сәйкес сурет кофе дайындау барысында
бірте-бірте толатын прогресс жолағымен
бірге көрсетіледі;
7. Құрылғы шамамен таңдалған көлемдегі
ыстық суды құяды, сосын құю автоматты
түрде тоқтайды. Қолмен тоқтату үшін "
STOP" (Тоқтату) селекторын басыңыз.
Ескеріңіз!
• Егер "Energy Saving" (Қуат үнемдеу) режимі
белсенді болса, ыстық су құйылмас бұрын
бірнеше секунд күту керек болуы мүмкін.
• Кеседегі су көлемін реттеуге болады
("12. Сусындарды реттеу" және "13. Жеке
профиліңізді есте сақтау" бөлімдерін
көріңіз).
• Құюды кез келген сәтте " STOP" (Тоқтату)
түймесін басу арқылы тоқтатуға болады;
• Құю аяқталған бойда кеседегі су мөлшерін
арттыру үшін жай ғана " EXTRA"
(Қосымша) түймесін басыңыз. Қажетті
мөлшерге жеткен соң, " STOP " (Тоқтату)
түймесін басыңыз.
12.
СУСЫНДАРДЫ РЕТТЕУ
Сусындардың дәмі (қажет кезде) мен мөлшерін
реттеуге болады.
1. Сусын реттелетін профильдің (B4) іске
қосулы екеніне көз жеткізіңіз. 6 профильдің
әрқайсысы үшін "MY" (Менің) сусындарын
таңдай аласыз;
2. Басты беттен "
"
(B6) селекторын (B2)
басыңыз;
3. Реттеу экранына кіру үшін реттегіңіз
келген сусынды таңдаңыз (тікелей немесе
сусындар таңдау мәзірінен таңдалатын
сусын - В3). Тиісті керек-жарақтар енгізілуі
керек;
4. (Тек кофесі бар сусындар) "CHOOSE
COFFEE AROMA" (Кофе дәмін таңдаңыз): "-"
немесе "+" таңдау көрсеткісін басу арқылы
қажетті дәмді таңдап, " OK" селекторын
таңдаңыз;
5. "CUSTOMISING COFFEE (OR WATER)
QUANTITY, STOP TO SAVE" (Кофе (немесе су)
мөлшерін реттеу, сақтау үшін тоқтатыңыз):
Дайындау басталады және құрылғы тік
жолақ түрінде мөлшердің реттелетін
экранын көрсетеді. Жолақ бойындағы
жұлдызша ағымдағы мөлшерді көрсетеді.
6. Мөлшер орнатылатын ең аз мөлшерге
жеткен кезде, дисплейде (B1) " STOP"
(Тоқтату) хабары көрсетіледі.
7. Қажетті мөлшерге жеткен соң, " STOP"
(Тоқтату) селекторын басыңыз.
8. "SAVE NEW SETTINGS?" (Жаңа параметрлер
сақталсын ба?): Сақтау үшін " OK"
селекторын (немесе бас тарту үшін "
ESC" селекторын) таңдаңыз.
Құрылғы
мәндердің
сақталғанын
не
сақталмағанын растайды (алдыңғы таңдауға
байланысты). " OK" селекторын басыңыз.
Құрылғы басты бетке оралады.
Ескеріңіз!
• Каппучинолар және сүт негізіндегі кофелер:
алдымен кофе дәмі сақталады, одан кейін
алғашқы сүт мөлшерлері, одан кейін кофе
мөлшері орындалады;
• Americano (Американо): алдымен кофе
дәмі, одан кейін алғашқы кофе мөлшері,
сосын ыстық су сақталады;
• Ыстық су: құрылғы ыстық суды құяды.
Қажетті мөлшерді сақтау үшін " STOP"
(тоқтату) селекторын (B2) басыңыз.
• Сусындарды DeLonghi Coffee Link App
қолданбасымен қосылу арқылы да реттей
аласыз.
• Бағдарламадан шығу үшін " ESC" түймесін
басыңыз. Бұл мәндер сақталмайды.
Сусын мөлшері кестесі
Сусын
Қалыпты
мөлшер
Бағдарламаланатын
мөлшер
E S P R E S S O
(ЭСПРЕССО)
40 мл
20-80 мл
LONG (Лунго)
160 мл
115-250 мл
COFFEE (Кофе) 180 мл
100-240 мл
D O P P I O +
(Доппио+)
120 мл
80-180 мл













