Кофемашина DeLonghi ECAM550.85.MS - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

390
дұрыс жүргізілуі үшін, машинаны ешқашан
қуат көзінен ажыратпау керек).
Маңызды! Күйіп қалу қаупі бар
Егер бірнеше каппучиноны бірінен соң бірін
жасасаңыз, металдан жасалған кесе науасы
(A11) қызады. Оны ұстамас бұрын суығанын
күтіп, тек алдынан ғана ұстаңыз.
Тазалау үшін (тек құрылғымен):
• Тамшы науасын (A14) шығарыңыз (24-
сурет), босатыңыз және тазалаңыз.
• Тартылған кофе ыдысын (A10) босатып,
түбінде қалған барлық қалдықтарды кетіру
үшін мұқият тазалаңыз. Оны берілген
щеткадағы (C5) қырғышпен орындауға
болады.
• Қызыл су жиналу науасын (A21) тексеріңіз
және қажет болса босатыңыз.
Маңызды!
Тамшы науасын алып жатқан кезде тартылған
кофе ыдысын тіпті онда шамалы кофе қалса
да босату КЕРЕК. Егер босатылмаса, келесі
кофелерді жасаған кезде, тартылған кофе
ыдысы шамадан тыс толып кетіп, құрылғы
арналарын бітеуі мүмкін.
14.4 Тамшы науасын және су жиналу
науасын тазалау
Маңызды!
Тамшы науасына (A14) ондағы су деңгейін
көрсететін деңгей көрсеткіші (A12) (қызыл)
бекітілген (25-сурет). Осы көрсеткіш кесе
науасынан (A11) шығып тұрғанға дейін тамшы
науасы босатылуы және тазалануы керек,
әйтпесе су жиектен тасып, құрылғыны, ол
орналасқан бетті немесе қоршаған аймақты
зақымдауы мүмкін.
Тамшы ағатын науаны шығарып алу үшін,
мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Тамшы науасы мен тартылған кофе
ыдысын (A10) шығарыңыз (24-сурет);
2. Кесе науасын (A11) және тамшы науасының
торын (A13) алып, тамшы науасы мен
тартылған кофе ыдысын босатып, барлық
бөліктерін жуыңыз.
3. Қызыл су жиналу науасын (A21) тексеріңіз
және қажет болса босатыңыз.
4. Тамшы ағатын науаны торымен бірге және
тартылған кофе ыдысын құрылғыға қайта
салыңыз.
14.5 Кофе құрылғысын ішін тазалау
Ток соғу қаупі бар!
Ішкі бөліктерді тазаламас бұрын, құрылғыны
өшіру ("5. Құрылғыны өшіру" бөлімін көріңіз)
және розеткадан ажырату керек. Кофе
құрылғысын ешқашан суға батырмаңыз.
1. Құрылғының іші (тамшы науасын алған
соң қол жетімді болады - A14) кірлемегенін
тұрақты түрде (шамамен аптасына бір рет)
тексеріп отырыңыз. Қажет болса, кофе
қалдықтарын берілген щеткамен (C5) және
губкамен тазалаңыз.
2. Барлық қалдықтарды шаңсорғышпен
тазалаңыз (26-сурет).
14.6 Су ыдысын тазалау
1. Су ыдысын (A16) тұрақты түрде (шамамен
айына бір рет және су жұмсартқыш
сүзгіні (C4) (егер бар болса) орнына салған
сайын) дымқыл шүберекпен және шамалы
жұмсақ ыдыс жуғыш сұйық затпен
тазалап отырыңыз. Ыдысты толтыру және
құрылғыға салу алдында мұқият шайыңыз;
2. Сүзгіні алыңыз (егер бар болса) және
ағынды сумен шайыңыз;
3. Сүзгіні орнына салыңыз (егер болса),
ыдысты таза сумен толтырып, орнына
салыңыз;
4. Сүзгіні (тек су жұмсартқыш сүзгісі бар
үлгілер) қайта белсендіру үшін шамамен
100 мл ыстық су ағызыңыз.
14.7 Кофе шүмектерін тазалау
1. Кофе шүмектерін (A8) губкамен немесе
шүберекпен тұрақты түрде тазалаңыз (27A
сур.);
2. Кофе шүмектеріндегі тесіктердің бітеліп
қалмағанын тексеріңіз. Қажет болса, кофе
қалдықтарын тіс тазартқышпен кетіріңіз
(27B сур.).
14.8 Тартылған кофе воронкасын тазалау
Тартылған
кофе
воронкасының
(A4)
бітелмегенін тұрақты түрде (шамамен айына
бір рет) тексеріп тұрыңыз. Қажет болса,
кофе қалдықтарын берілген щеткамен (C5)
тазалаңыз.
14.9 Демдеу торын тазалау
Демдеу торын (A19) кемінде айына бір рет
тазалап отыру керек.













