Кофемашина DeLonghi ECAM550.85.MS - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.
379
• Құрылғының тиімділігін жақсарту үшін,
біз "17. Су жұмсартқыш сүзгі" бөлімінде
сипатталғандай, су жұмсартқыш сүзгіні
(С4) орнатуды ұсынамыз. Егер сіздегі
үлгі сүзгімен келмесе, оны De'Longhi
тұтынушыларды қолдау орталығынан
талап ете аласыз.
4.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ІСКЕ ҚОСУ
Ескеріңіз!
Құрылғы іске қосылған сайын, ол кедергі
жасауға болмайтын алдын ала қыздыру және
шаю циклін автоматты түрде орындайды.
Құрылғы тек осы цикл аяқталған соң ғана
пайдалануға дайын болады.
• Құрылғыны іске қосу үшін
түймесін
(A7) (8-сурет) басыңыз. Дисплейде
"HEATING UP UNDERWAY PLEASE WAIT"
(Қызуда, күте тұрыңыз) хабары көрсетіледі.
• Қызып болған соң, хабар мынаған
ауысады: "RINSING UNDERWAY, PLEASE
WAIT" (Шайылуда, күте тұрыңыз); ыстық
су айналымының әсерінен су қайнату
бөлігімен қоса, бұл ішкі ағын түтіктерін де
қыздырады.
Құрылғы басты экран (басты бет) пайда болған
температурада болады.
5. ҚҰРЫЛҒЫНЫ ӨШІРУ
Құрылғы кофе жасау үшін пайдаланылғаннан
кейін кез келген уақытта ол автоматты шаю
процесін орындайды.
• Құрылғыны өшіру үшін
түймесін (A7)
(9-сурет) басыңыз.
• "TURNING OFF UNDERWAY, PLEASE WAIT"
(Өшірілуде...Күтіңіз) хабары көрсетіледі,
сосын құрылғы шаю циклін орындайды да,
ажыратылады (күту режиміне өтеді).
Ескеріңіз!
Құрылғыны біраз уақыт бойы пайдаланбайтын
босаңыз, розеткадан ажыратыңыз.
Маңызды!
Құрылғыны өшіру алдында
(күту)
түймесімен
ешқашан
розеткадан
ажыратпаңыз.
6.
МӘЗІР ПАРАМЕТРЛЕРІ
6.1 Rinsing (Шаю)
Бұл функцияны кофе шүмегінен (A8) және
ыстық су/бу шүмектерінен (С6), енгізілген
болса, ыстық су ағызу үшін пайдаланыңыз,
құрылғының ішкі айналымын тазалау және
қыздыру үшін пайдаланыңыз.
Ыстық су және кофе шүмегінің (7-сурет)
астына ең аз сыйымдылығы 100 мл болатын
ыдысты қойыңыз.
Бұл функцияны іске қосу үшін, мына
әрекеттерді орындаңыз:
1. Мәзірге кіру үшін "
" белгісіне (B5)
қатысты селекторды (B2) басыңыз;
2. " RINSING" (Шаю) селекторын басыңыз;
3. Бірнеше секундтан соң, құрылғының ішкі
айналымын тазалау және қыздыру үшін
алдымен кофе шүмектерінен ыстық су
ағады, сосын барып ыстық су/бу шүмегінен
ағады (егер ол енгізілген болса). Дисплейде
"RINSING
UNDERWAYPLEASE
WAIT"
(Шайылуда, күте тұрыңыз) хабары кофе
дайындау барысында бірте-бірте толатын
прогресс жолағымен бірге көрсетіледі;
4. Шаюды тоқтату үшін, " STOP" (Тоқтату)
селекторын басыңыз немесе шаюдың
автоматты түрде тоқтатылуын күтіңіз.
Ескеріңіз!
• Егер
құрылғы
3-4
күн
бойы
пайдаланылмаған болса, қайта іске
қосылған кезде, оны пайдаланбас бұрын
2/3 рет шаюды қатаң ұсынамыз;
• Тазалап болғаннан кейін кофе тарту
ыдысында (A10) судың болуы қалыпты
жағдай.
6.2 Қақ тазалау
Қақ тазалау үшін орындалатын әрекеттерді
"15. Descaling (Қақ тазалау)" бөлімінен көріңіз.
6.3 Су сүзгісі
Сүзгіні (С4) орнату әдісі туралы нұсқауларды
"17. Су жұмсартқыш сүзгі" бөлімнен көріңіз.
6.4 Сусындар параметрлері
Бұл бөлімде таңдаулы параметрлер туралы
кеңесуге, қаласаңыз, әрбір сусын үшін әдепкі
мәндерді қайта орнатуға болады.
1. Мәзірге кіру үшін "
" белгісіне (B5)
қатысты селекторды (B2) басыңыз;