Кофемашина DeLonghi ECAM550.85.MS - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

384
2. Тартылған кофе воронкасының қақпағын
(А2) ашыңыз.
3. Воронканың
бітеліп
қалмағанына
көз жеткізіп, бір деңгей мөлшеріндегі
тартылған кофені (A4) салыңыз (12-сурет).
4. Кофе шүмегінің астына бір кесе қойыңыз
(A8) (11-сурет).
5. Қажетті кофені таңдаңыз:
Тікелей таңдалатын сусындар:
- Espresso
(ЭСПРЕССО)
(B7)
- Coffee
(Кофе)
(B8)
- Long
(Лунго) (
B9)
Сусын таңдау мәзірінен (В3) таңдауға болады:
- AMERICANO (АМЕРИКАНО)
6. Дайындау
басталады.
Дисплейде
таңдалған сусын суреті кофе дайындау
барысында бірте-бірте толатын жолақпен
бірге көрсетіледі.
Ескеріңіз:
• Құрылғы кофе жасап жатқан кезде,
құюды кез келген сәтте " STOP" (Тоқтату)
селекторын (В2) басу арқылы тоқтатуға
болады.
Жеткізу аяқталған бойда, кеседегі кофе
мөлшерін арттыру үшін жай ғана " EXTRA"
(Қосымша) селекторын (В2) басыңыз.
Қажетті мөлшерге жеткен соң, " STOP"
(Тоқтату) селекторын басыңыз.
Кофе жасалған соң, құрылғы келесі сусынды
жасауға дайын болады.
Маңызды! LONG (Лунго) кофесін дайындау:
Дайындау процесінің ортасында "ADD PRE-
GROUND COFFEE, MAXIMUM ONE MEASURE" (Ең
көбі бір өлшеуіш тартылған кофе қосыңыз)
хабары көрінеді. Тартылған кофенің бір
деңгейдегі мөлшерін салып, " OK" селекторын
(В2) басыңыз.
Ескеріңіз!
• Құрылғыны пайдалану барысында әр
түрлі хабарлар көрсетілуі мүмкін (fill tank
(ыдысты толтырыңыз), empty grounds
container (ТАРТЫЛҒАН КОФЕ ЫДЫСЫН
БОСАТЫҢЫЗ), т.б.). Олардың мағыналары
"19. Көрсетілетін хабарлар" бөлімінде
түсіндірілген.
• Ыстығырақ кофе туралы "7.6 Ыстығырақ
кофе алу туралы кеңестер" бөлімінен
көріңіз.
• егер "Қуат үнемдеу" режимі белсенді болса,
бірінші кофе құйылмас бұрын бірнеше
секунд күту керек болуы мүмкін.
7.5 Кофе тартқышты реттеу
Кофе тартқыш әдепкі параметр бойынша
кофені
дұрыс
дайындайтындай
етіп
орнатылады және оны реттеудің қажеті жоқ.
Дегенмен, алғашқы бірнеше кесе кофені
жасағаннан кейін кофенің өте әлсіз және
кілегейлі емес екендігі немесе оның өте жай
құйылатыны байқалса (тамшылап тұрса), оны
тартуды реттеу дөңгелегін (A5) (9-сурет) реттеу
арқылы түзетуге болады.
Ескеріңіз!
Тартуды реттеу дөңгелегін тек кофе тартқыш
кофе дайындаудың бастапқы кезеңінде жұмыс
істеп тұрған кезде ғана бұрау керек.
Егер кофе өте баяу құйылса
немесе мүлдем құйылмаса,
дөңгелекті
сағат
тілі
бағытымен "7" санына қарай
бір рет "сырт" еткізіп бұраңыз.
Толық кілегейлі кофе жасау
үшін, сағат тілі бағытына қарсы 1 санына қарай
бір рет "сырт" еткізіп бұраңыз (бір бұрағанда
бір реттен артық "сырт" еткізіп бұрамаңыз,
әйтпесе кофе тамшылап құйылуы мүмкін).
Бұл реттеулердің нәтижесі тек 2 кесе кофе
жасалғаннан кейін ғана байқалады. Егер бұл
реттеу қажетті нәтижені бермесе, дөңгелекті
тағы бір рет "сырт" еткізіңіз.
7.6 Ыстығырақ кофе алу туралы
кеңестер
Кофе ыстық болуы үшін, мыналарды
орындауыңыз керек:
• шаю циклін параметрлер мәзірінде
"Rinsing" (Шайылуда) функциясын таңдау
арқылы орындау ("6.1 Rinsing (Шаю)"
бөлімі);
• кеселерді ыстық су функциясымен
жылытыңыз ("9.
Ыстық су құю" бөлімін
көріңіз);
• параметрлер мәзірінде "
" (B5) кофе
температурасын көтеріңіз ("6.7 Кофе
температурасы " бөлімін көріңіз).













