Пилы дисковые Bosch PKS 16 Multi (06033B3020) - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

Қaзақша |
63
Bosch Power Tools
1 609 92A 217 | (16.6.16)
Бойлай кесу кезінде әрқашан шектегішті немесе тік
бағыттағышты пайдаланыңыз.
Бұл кесу дәлдігін
жақсартады және аралау дискісінің тұрып қалу қаупін
азайтады.
Әрқашан дұрыс өлшемдері және сәйкес орнату
тесіктері бар аралау дискілерін пайдаланыңыз
(мысалы, ромб түріндегі немесе дөңгелек).
Араның
орнату бөлшектеріне сәйкес келмейтін аралау
дискілері эксцентрлі жұмыс істейді, бұл бақылауды
жоғалтуға әкеледі.
Ешқашан зақымдалған немесе дұрыс емес аралық
шайбаларды немесе болттарды пайдаланбаңыз.
Аралық шайбалар және болттар оңтайлы өнімділік және
сенімділік үшін араңыз үшін арнайы жасалған.
Кері соққы – Себептер және сәйкес қауіпсіздік
техникасы
– кері соққы бұл сыналанудың немесе дұрыс емес
орнатылған дискінің нәтижесінде пайда болатын кенет
реакция. Бұл бақыланбайтын араның көтеріліп, жұмыс
бөлшегінен операторға қарай қозғалуына әкеледі;
– қосылған аралау дискі тұрып қалса, сыналанса
немесе бұғатталса, мотордың күші араны операторға
қарай итереді;
– егер жүз араланған жерде айналып кетсе немесе
дұрыс емес орнатылса, артқы жиектің тістері
дайындаманың бетінде тұрып қалуы, нәтижесінде
аралау дискісі араланған жерден ығысуы және
оператор бағытында ыршуы мүмкін.
Кері соққы араны дұрыс емес немесе қате
пайдаланудың нәтижесі болып табылады. Мұны
төменде сипатталғандай тиісті сақтық шараларын
қолдану арқылы болдырмауға болады.
Араны екі қолмен ұстаңыз және қолдарды кері
күшті соққыларды қабылдай алатындай күйде
ұстаңыз. Әрқашан аралау дискісінен ары тұрыңыз,
аралау дискісін ешқашан денемен бір деңгейде
орнатпау керек.
Кері соққы тіпті оператор тиісті сақтық
шараларын қолданса да, кері соққы кезінде араның
ыршуына әкелуі мүмкін.
Аралау дискісі сыналанса немесе жұмыс істемей
қалса, араны өшіріңіз және оны жұмыс
материалында аралау дискісі тоқтағанша ұстаңыз.
Ешқашан жүз әлі қозғалып жатқанда араны
дайындамадан шығаруға немесе суыруға
тырыспаңыз, әйтпесе кері соққы орын алуы
мүмкін.
Аралау дискісінің сыналануының себебін
анықтаңыз және жойыңыз.
Егер ара бөлшекте болса, барлығын қайтадан
бастау керек, жұмысты жалғастырғыңыз келсе,
аралау дискісін араланған жерде ортаға келтіресіз
және араның тістері дайындамаға тимей тұрғаныне
көз жеткізесіз.
Аралау дискісі сыналанғанда, араны
қайтадан іске қосса, аралау дискісі дайындамадан
шығып кетіп, кері соққыға әкелуі мүмкін.
Аралау дискісінің сыналану және кері соққы қаупін
барынша азайту үшін үлкен тақталарды тіреңіз.
Үлкен тақталар әдетте өз салмағынан майысады.
Тақталарды екі жағынан, аралайтын жердің жанында,
сондай-ақ, жиектерінен тіреу керек.
Өтпес немесе зақымдалған аралау дискілерін
пайдаланбаңыз.
Аралау дискілері немесе ауытқыған
тістер енсіз кесуге, артық үйкеліске, тұрып қалуға және
кері соққыға әкелуі мүмкін.
Араламай тұрып кесу тереңдігінің орнатымын берік
орнатыңыз.
Егер аралау кезінде орнатым өзгерсе,
аралау дискісі сыналануы және кері соққы орын алуы
мүмкін.
Қабырғаларда немесе басқа көрінбейтін жерлерде
аралау кезінде әсіресе ұқыпты болыңыз.
Шығып
тұрған аралау дискісі көрінбейтін жерлерді аралау
кезінде бұғатталып, бұл кері соққыға әкелуі мүмкін.
Қорғағыш қаптама функциясы
Әр пайдалану алдында қорғағыш қаптама дұрыс
жабылғанын тексеріңіз. Қорғағыш қаптама еркін
қозғалмаса және бірден жабылмаса, араны
пайдаланбаңыз. Қорғағыш қаптаманы қыспаңыз
немесе бекітпеңіз, өйткені аралау дискісі
қорғалмайды.
Ара кездейсоқ түсіп кетсе, қорғағыш
қаптама майысуы мүмкін. Қорғағыш қаптама еркін
қозғалатынына және аралайтын жердің барлық
бұрыштарында және тереңдіктерінде аралау дискісі
басқа бөлшектерге тимейтініне көз жеткізіңіз.
Қорғағыш қаптаманың серіппесінің күйін және
қызметін тексеріңіз. Араны пайдаланбай тұрып
қорғағыш қаптама және серіппе дұрыс жұмыс
істегенше күте тұру керек.
Зақымдалған бөлшектер,
жабысқақ қалдықтар немесе жиналған жоңқалар
төменгі қорғағыш қаптаманың жұмысын кідіртеді.
Тік емес бұрышпен жүргізілуі мүмкін „ендіріп кесу“
кезінде араның тірек тақтасын бүйірлік ауытқудан
қорғаңыз.
Бүйірлік ауытқу тұрып қалуға, осылайша,
кері соққыға әкелуі мүмкін.
Қорғағыш қаптама аралау дискісін жаппауы үшін
араны жұмыс үстеліне немесе еденге қойыңыз.
Қорғалмаған, айналатын аралау дискісі араны аралау
бағытында жылжытады және өзінің жолындағы барлық
нәрсені аралайды. Араның инерциялық жүріс
уақытына назар аударыңыз.
Тегістеу-кесу машинасына арналған қауіпсіздік
нұсқаулары
Қорғаныш қаптамасы электр құралында берік
бекітілген, қауіпсіздік деңгейінің ең жоғары
көлеміне реттелген болуы қажет, сол арқылы
ажарлауыш шарықтың ең кіші бөлшегі
пайдаланушыға ашық көрінеді. Адамдардың
айланатын ажарлауыш шарық деңгейінен қашықта
болуын қамтамасыз етіңіз.
Қорғаныш қаптамасы
пайдаланушыны сынықтардан немесе ажарлау
шарығының тиюінен қорғайды.
Электр құралы үшін тек алмас салынған кесу
шеңберлерін пайдаланыңыз.
Электр құралында
берік бекіту мүмкіндігі бар жабдықтар ғана қауіпсіз
пайдалануды қамтамасыз етеді.
OBJ_BUCH-1935-004.book Page 63 Thursday, June 16, 2016 1:17 PM
Содержание
- 46 Описание продукта и услуг; Применение по назначению
- 47 Данные по шуму и вибрации; Заявление о соответствии; Сборка
- 48 Отсос пыли и стружки
- 49 Работа с инструментом; Режимы работы
- 50 Техобслуживание и сервис; Техобслуживание и очистка
- 51 Утилизация; Українська; Вказівки з техніки безпеки; Загальні застереження для електроприладів
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)