Обогреватели Timberk T-IR2000-A12SI - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

IM2022
18
Құрметті сатып алушы!
Сәтті таңдау жасап, осы аспапты сатып алғаныңыз үшін алғыс айтамыз. Ол Сізге ұзақ
қызмет етеді.
1.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
Аспапты пайдалану алдында пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысуыңызды
сұраймыз. Бұл пайдалану нұсқаулығында сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат,
сондай-ақ аспапты дұрыс пайдалану және оны күтіп ұстау жөнінде ұсыныстар бар.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты кепілдік талонмен, кассалық чекпен, мүмкіндігінше
картон қорабымен және орау материалымен бірге сақтаңыз. Осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта осы үлгідегі құрылғы түрлері сипатталады. Сіз сатып алған аспап нұсқаулықта
сипатталғаннан өзгеше болуы мүмкін, бұл оны қолдану мен пайдалану тәсілдеріне әсер
етпейді. Өндіруші қосымша ескертусіз бұйымның конструкциясына оның қауіпсіздігіне,
жұмыс қабілеті мен функционалына түбегейлі әсер етпейтін елеусіз өзгерістер енгізу
құқығын өзіне қалдырады. Осы Нұсқаулықтың мәтінінде және цифрлық белгілерінде
елеусіз қателер жіберілуі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Маңызды сақтық шаралары және осы нұсқаулықтағы нұсқаулар кез-келген болуы мүмкін
режимдер мен жағдайларды қамтымайды. Дайындаушы аспап немесе оның жекелеген
бөліктері оны тасымалдау кезінде, дұрыс орнатылмауы нәтижесінде, кернеу ауытқуы
нәтижесінде бүлінген жағдайда, сондай-ақ аспаптың қандай да бір бөлігі өзгертілген
немесе модификацияланған жағдайда жауапты болмайды.
ЕСКЕРТПЕ
Бұйымда аспап туралы барлық қажетті техникалық деректер мен басқа да пайдалы
ақпарат көрсетілген заттаңба бар. Аспапты осы Нұсқаулықта көрсетілген мақсаттарда ғана
пайдаланыңыз.
2.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Электрлік инфрақызыл жылытқышты пайдаланған кезде қауіпсіздік қағидаларын сақтаңыз.
Сол қағидаларды ескермеу салдарынан дұрыс пайдаланбау пайдаланушының және басқа
да адамдардың денсаулығына зиян келітуріне, сонымен қатар мүлікке нұқсан келітуріне
әкеп соқтыруы мүмкін. Өндіруші дұрыс орнатпау және аспапты дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде денсаулыққа келтірілген зиян мен мүліктің бұзылуы үшін жауапты болмайды
1.
Аспапты пайдаланбас бұрын, пайдалану кезінде ақауларды болдырмас үшін, осы
нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
2.
Алғашқы іске қосу алдында бұйымда көрсетілген техникалық сипаттамалардың
электр желісінің параметрлеріне сәйкес келуін тексеріңіз.
3.
Орынжайлардан
тыс
жерде
немесе
ылғалдылығы
жоғары
жағдайда
пайдаланбаңыз.
4.
Құрылғыны жинақтау, бөлшектеу және тазалау алдында, не болмаса егер Сіз оны
пайдаланбайтын болсаңыз, үнемі электр желісінен ажыратып отырыңыз.
5.
Жеткізу жинағына кірмейтін керек-жарақтарды пайдаланбаңыз.
6.
Аспапты электр желісінен сөндірген кезде қоректендіру баусымынан тартпаңыз,
ашасынан ұстаңыз. Оны бұрамаңыз және ешнәрсеге орамаңыз.