Мультиварки Scarlett SC-MC410S16 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

IM015
www.scarlett.ru
13
SC-MC410S16
Өндірілген күні өнімде және/немесе қорапта, сондай-ақ қосымша құжаттарда көрсетілген.
ОРНАТУ
Көп тағамдық қасқанның ішінде орауыш материалдар мен бөгде заттардың жоқ екенін тексеріңіз.
Тасымалдау кезінде төмендегілердің бүлінбегенін тексеріңіз: қақпақ; корпус; қосымша керек-жарақтар;
алмалы кәстрөл. Кез келген ақаулық анықталған жағдайда аспапты тоққа қоспаңыз; сат ушыға немесе
сервис орталығына хабарласыңыз. Аспапты құрғақ, біртегіс әрі ыстыққа төзімді беткі қабатқа орнатыңыз.
Аспапты жанғыш материалдардың, жарылғыш заттардың және өздігінен тұтанғыш газдардың жанында
орнатпаңыз. Аспапты газ немесе электр пештерінің, сондай-ақ басқа жылу көздерінің қасына қоймаңыз.
Аспапты қабырғаға немесе жиһазға тым жақын жерде орналастырмаңыз.
Көп тағамдық қасқанның үстіне ештеңе қоймаңыз. Желдеткіш саңылауларды бітеп тастамаңыз.
Көп тағамдық қасқанды шкафтың ішіне орналастыруға болмайды. Аспаптың қалыпты жұмыс істеуі үшін
ауа еркін айналатын бос кеңістікті қамтамасыз ету қажет: кем дегенде: үстінен 20 см, артқы панелі
жағынан 10 см және екі бүйірінен кем дегенде 5 см. Алғаш рет пайдаланар алдында алмалы кәстрөлді, бу
қасқан сауытты, өлшер тостақты, қасықты, көп тағамдық қасқанның ішкі және сыртқы бөліктерін таза
дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Кәстрөлдің ішінде жарма мен судың мөлшері көрсетілген шартты шәкіл көрсетілген: оң жақта – күріш
салынған тостақ саны; сол жақта – судың литрмен өлшенген мөлшері. Пісірілетін жарманың ең үлкен
мөлшері - 10 тостақ және 1,8 л сұйықтық.
ЖҰМЫСЫ
Ең бірінші кезекте шараны, қыздырғыштың беткі қабатын және көп тағамдық қасқанның ішкі жағының беткі
қабатын сүртіңіз.
Шараға су құйып, азық-түлікті салыңыз. Азық-түлікті көп тағамдық қасқанның шарасының 3/5 көлемінен
асырмай салыңыз. Ыстық суда бөрте алатын (күріш, құрғақ көкөніс) немесе көбік түзетін азық-түлікті
пісірген кезде, кәстрөлдің көлемінің жартысынан асыра толтыруға болмайды. Бұл орайда азық-түлік пен
судың жалпы көлемі шараның толық көлемінің кем дегенде 1/5 бөлігіндей болуға тиіс.
Шараны көп тағамдық қасқанның ішіне қойыңыз.
Қақпағын сырт еткенше жабыңыз.
Көп тағамдық қасқанды электр желісіне жалғаңыз. Бейнебетте 88:88 көрінеді.
Көп тағамдық қасанның 59 бағдарламасы, олардың толық суреттемесі кестеде келтірілген.
«ПАРОВАРКА» (БУҒА ПІСІРУ) бағдарламасы жұмыс істеп тұрғанда бу қасқанға арналған торды
пайдалану қажет. Шараға су құйыңыз, тордың үстінен азық-түлікті салыңыз да, шараның үстінен торды
орнатыңыз.
Бағдарламалардың толығырақ сипаттамасы рецепттер кітабында келтірілген.
ЖҰМЫСЫ
Тиісті түймешікті басып, «Тушение» (бұқтыру), «Томление» (демдеу), «Пароварка» (бу қасқан), «Мой
рецепт» (менің рецептім), «Жарка» (қуыру), «Суп» (көже), «Холодец» (дірілдек), «Йогурт», «Выпечка»
(қамырдан пісіру), «Глинтвейн» бағдарламаларының бірін таңдаңыз.
Содан кейін «ВЫБОР ПРОГРАММЫ» (бағдарлама таңдау) түймешігін неше рет керек болса, сонша рет
басып, «Рис» (күріш), «Дикий рис» (жабайы күріш), «Пшеничная» (бидай), «Овсяная» (сұлы), «Молочная»
(сүт), «Гречневая» (қарақұмық), «Плов» (палау), «Ризотто», «Паста» (макарон), «Ребрышки» (қабырға),
«Баранина» (қой еті), «Свинина» (шошқа еті), «Говядина» (сиыр еті), «Дичь» (жабайы құс еті), «Курица»
(тауық), «Рыба» (балық), «Морепрод.» (теңіз өнімдері), «Овощи» (көкөніс) қосалқы бағдарламаларының
бірін таңдаңыз. Бұл орайда таңдалған бағдарлама мен қосалқы бағдарламаның жарық индикаторы
жанады. Бейнебетте алдын ала орнатылған тамақ пісіру уақытын көресіз.
«+», «-» түймешіктерінің көмегімен сіз пісіру уақытын рецептке сәйкес өзгерте аласыз. Әр бағдарлама
бойынша дайындау уақытын реттеу аралықтары кестеде келтірілген.
Жарық индикаторлары жыпылықтай бастағанда, көп тағамдық қасқан жұмыс істей бастайды.
Жұмысы аяқталғаннан кейін көп тағамдық қасқан автоматты түрде жылыту режиміне ауысады.
«ТАЙМЕР» ФУНКЦИЯСЫ
Бұл функция тағам дайындай бастау уақытын кейінге қалдыруға мүмкіндік береді.
Керекті тамақ пісіру бағдарламасын таңдаңыз, қажет болған жағдайда «+», «-» түймешіктерінің көмегімен
керекті тамақ пісіру уақытын белгілеңіз.
Функцияны реттеу үшін «ТАЙМЕР» түймешігін басыңыз да, «+», «-» түймешіктерінің көмегімен бастауды
кейінге қалдыру уақытын орнатыңыз. Бейнебетте бағдарлама қанша уақыттан кейін жұмысын бастайтын
болса, сол уақыт бейнеленеді.
Жұмысты бастау үшін бірнеше секунд күтіңіз.
«ПОДОГРЕВ/ОТМЕНА» (жылыту болдырмау) функциясы
Қажет болған жағдайда, «ПОДОГРЕВ/ ОТМЕНА» (жылыту/ болдырмау) түймешігін басу арқылы сіз тамақ
дайындауды тоқтата аласыз.
Жылыту функциясы автоматты түрде жұмыс істейді де, дайындау аяқталғаннан кейін іске қосылады.
Бұл функцияны тағамды жылыту үшін пайдалануға болады. Бұл үшін жылытылатын тағамды көп
тағамдық қасқанның шарасына салыңыз да, «ПОДОГРЕВ/ ОТМЕНА» (жылыту/ болдырмау) түймешігін
басыңыз.
Жылытудың ең ұзақ уақыты 24 сағатты құрайды, бұл орайда көп тағамдық қасқанның ішіндегі
температура 60°C мәніне дейін жететін болады. Жылыту уақыты бейнебетте «- -» болып көрсетіледі.
МУЛЬТИҚАЙНАТҚЫШ АСПАПТЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Пісіру, буға пісіру, бұқтыру, қамырдан пісіру сияқты көп функциялы бағдарламалар.