Мультиварки Redmond RMC-PM380 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

36
Аспап корпусын суға батыруға немесе су ағыны астына салуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Аспапты тазалағанда қатты майлықты немесе губканы, абразивті пастаны пайдалануға
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Сонымен қатар, кез келген химиялық агрессивті немесе асқа тиетін
заттар үшін қолдануға кеңес берілмеген басқа заттарды пайдалануға болмайды.
• Мультипісіргіштің резина бөлшектерін тазалағанда мұқият болыңыз: олар зақымдан-
са немесе майысса, аспап дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
• Бұйым корпусын ластанған сайын тазалауға болады. Таба, ішкі қақпақ және шешілмелі
бу клапанын аспапты пайдаланған сайын тазалау керек. Муільтипісіргіште ас әзірлену
барысында қалыптасатын конденсатты құрылғы пайдаланылған сайын кетіріңіз. Жұ-
мыс камераның ішкі беттерін қажет болғанда тазалаңыз.
Корпусты тазалау
Бұйым копусын жұмсақ ылғал асханалық майлықпен немесе губкамен тазалаңыз. Жұмсақ
тазалау құралын қолдануға болады. Корпуста аққан су іздері мен айғыздарды болдырмау
үшін оның бетін құрғатып сүртуге кеңес береміз.
Табаны тазалау
Сіз табаны жұмсақ губка мен ыдысты жуу құралын пайдаланып, қолмен де, ыдыс жуатын
машинада да тазалай аласыз (өндіруші кеңестеріне сәйкес).
Қатты кірлегенде табаға жылы су құйып, біраз уақыт жібітіп қойыңыз, одан кейін тазалап
шығыңыз. Табаны мультипісіргіш корпусына қоюдың алдында сыртқы бетін міндетті түрде
кептіріп сүртіңіз.
Табаны үнемі пайдаланғанда оның күйікке қарсы ішкі жабындысының түсі толық немесе
жартылай өзгеруі мүмкін. Бұл өзімен өзі таба ақауының белгісі болып табылмайды.
Қақпақтың ішкі беті мен тығыздауыш сақинаны тазалау
1. Мультипісіргіш–жылдам пісіргіш қақпағын ашыңыз. Сақина-тұтқыштан тығыздауыш
сақинаны алыңыз.
2. Ішкі қақпақ бетін ылғалды ас үй майлығын немесе ысқышпен сүртіңіз. Қажет болған
жағдайда ыдысты жууға арналған құралды қолдана отырып, алынған тығыздауыш
сақинаны су ағынына жуыңыз.
3. Қақпақты, сақина-тұтқыш пен тығыздауыш сақинаны құрғатып сүртіңіз.
4. Тығыздауыш сақинаны сақина-тұтқышқа орнатыңыз.
Алмалы бу және тірек қақпақшасын тазалау
Бу және тірек қақпақшалары аспаптың үстіңгі қақпағындағы арнайы ұяшықта орнатылған.
Қақпақшалардың құрамдас бөлігі қақпақтың ішкі бетіндегі қорғаныш торы болып табылады.
1. Бу қақпақшасын жоғары қарай ұқыпты тартыңыз және оны шешіңіз.
2. Қақпақтың ішкі жағындағы қорғаныш торын өзіңізге қарай тарта отырып шешіңіз.
3. Тірек қақпақшасының резеңкесін ұқыпты шешіңіз және қақпақшаның өзін шығарыңыз.
Бу және тірек қақпақшаларының барлық бөліктерін жуыңыз.
4. Жинақтауды кері тәртіпте жүргізіңіз: тірек қақпақшасын орнына салыңыз және оған
резеңкені кидіріңіз, бу қақпақшасының қорғаныш торын тірекке тірелгенше орна-
тыңыз. Бу қақпақшасын аспап қақпағының ұяшығына нық орнатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Клапан резинасы майысып қалмауы үшін оны шешу, тазалау және
орнату кезінде бұрмаңыз және тартпаңыз.
Конденсатты жою
Осы үлгіде конденсат тостаған айналасында аспап корпусының арнайы қуысында
жинақталады. Оны жою үшін ас үй майлығын қолданыңыз.
Жұмыс камерасын тазалау
Осы нұсқаулықтың нұсқаулары қатаң ұстанғанда сұйықтық, ас бөліктері немесе қоқыстың аспаптың
жұмыс камерасының ішіне түсу мүмкіндігі аз. Егер қаты ластанса, аспаптың қате жұмысынан
немесе аспап бұзылуынан бас тарту үшін жұмыс камерасының беттерін тазалау керек.
Мультипісіргіштің жұмыс камерасын тазалаудың алдында аспап электр желісінен
ажыратылып, толық суығанына көз жеткізіңіз!
Жұмыс камерасының бүйірлік қабырғаларын, қыздыру дискісі бетін және орталық тер-
моқадаға қабығын (қыздыру дискісінің ортасында орналасқан) ылғал (су емес) губкамен
немесе майлықпен тазалауға болады. Егер сіз жуу құралын қолдансаңыз, кейін ас әзірле-
генде керексіз иісті болдырмау үшін оның қалдықтарын мұқият кетіру керек.
Бөтен заттар орталық термоқадаға айналасындағы қуысқа түскенде оларды қадаға қа-
бығына баспай, пинцетпен мұқият алып тастаңыз. Қыздыру дискісінің беті кірлегенде ылғал
орташа қатты губканы немесе синтетикалық ыскерамикалықты пайдалануға болады.
Аспапты үнемі пайдаланғанда қыздыру дискісінің түсі уақыт өте келе толық немесе
жартылай өзгеруі мүмкін. Бұл өзімен өзі құрылғы ақауының белгісі болып табылмайды
және оның дұрыс жұмысына әсер етпейді.
Сақтау және тасымалдау
Сақтау және қайта пайдаланудың алдында құралдың барлық бөліктерін тазалап, түгел
құрғатыңыз. Құралды құрғақ желденетін жерде жылыту аспаптарынан алыс және тікелей
күн сәулелерден алыс сақтаңыз.
Тасымалдау және сақтау кезінде құралдың зақымдануына және/немесе ораманың
бүтіндігіне әкелуі мүмкін құралды механикалық әсерлерге ұшарытуға тыйым салынады.
Құралдың орамасын су мен басқа да сұйықтықтардан сақтау қажет.
V I. Қ О С Ы М Ш А А К С Е ССУА Р Л А Р
(бөлек сатып алынады)
RMC-РМ380 мультипісіргіш-жылдам пісіргіштеріне қосымша аксессуарлар сатып алып,
REDMOND өнімдерінің жаңалықтары туралы www.redmond.company сайтынан немесе
ресми дилерлер дүкенінен білуге болады.
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)