Мультиварки Polaris PPC 0705AD - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

-
Аталған бағдарламада әзірлеу барысында жоғарғы қақпақты азық өнімдерді қосу
және араластыру үшін аз ғана уақытқа ашуға мүмкіндік бар (ҚЫСЫМСЫЗ
режимінде құралды пайдаланудың жалпы ережесінің бөлімін толығырақ қараңыз).
-
Бағдарламаны іске қосу үшін “СТАРТ” батырмасына басыңыз, осы сәтте
бағдарламаның дыбысты сигналы шығып естіледі, сонымен мультипісіргіш
белгіленген бағдарлама бойынша әзірлеуді бастайды. Дисплейде «Жылыту»
жазбасы және “СТАРТ” батырмасының индикаторы үнемі жанып тұрады. Әзірлеу
уақытының кері есебі “СТАРТ” батырмасына басқаннан кейін бірден басталады.
-
Сонымен қатар “ЖЫЛЫТУ” батырмасының индикаторы жанады, бұл
бағдарламаның жұмысы аяқталғаннан кейін құралдың автоматты түрде ЖЫЛЫТУ
режиміне ауысатындығын білдіреді. ЖЫЛЫТУ режиміне автоматты түрде ауысуды
өшіру үшін “ЖЫЛЫТУ” батырмасына басыңыз, осы сәтте дыбысты сигнал шығады,
сонымен “ЖЫЛЫТУ” батырмасының индикаторы сөнеді. Егер қаласаңыз, Сіз
ЖЫЛЫТУ режиміне автоматты түрде ауысуды “ЖЫЛЫТУ” батырмасына қайта
басу арқыла қайтадан іске қоса аласыз.
-
Қажет болған жағдайда “БОЛДЫРМАУ” батырмасына басу арқылы бағдарламаның
жүруін тоқтатуға болады, осы кезде құрал күту режиміне ауысады.
-
Жұмыстың режимі аяқталғаннан кейін мультипісіргіш 5 (бес реттік) дыбысты сигнал
шығарады. Құрал автоматты түрде “ЖЫЛЫТУ” режиміне өтеді, егер бұл режим
бұрыннан сөндірілмеген болса. ЖЫЛЫТУ режимін сөндіру үшін “БОЛДЫРМАУ”
батырмасына басыңыз, құрал күту режиміне өтеді. Құралды сөндіріңіз.
-
«Буды шығару» батырмасына басыңыз да (егер бұл батырма басулы күйде болмаса),
және оны басылған күйде «Буды шығару» батырмасын блоктан алу» тұтқышын
жоғары қарату жолымен бекітіңіз. Сонымен қақпақтың тұтқасын АШУ жағдайына
дейін бұрыңыз. Қақпақты ашу/жабу батырмасын басу арқылы құралдың жоғарғы
қақпағын ашыңыз. Қауіпсіздік сақтап, мультипісіргіш ішіндегі әзірленген тағамы
бар ішкі тостақты шығарыңыз.
«
Тұшпара /Сосискалар» бағдарламасы
Аталған бағдарламасы тұшпара мен сосискаларды әзірлеу үшін арналған.
-
Құралды іске қосыңыз, “СТАРТ” батырмасының индикаторы жыпылықтай
бастайды.
-
Рецептураға сәйкес тостаққа суды құйыңыз. Ыдысты тек қана жартылай мөлшерде
толтыруға кенес беріледі.Тостағанды шамамен 2/3 литр мөлшерде сумен
толтырыңыз. «Құралды пайдалану» тарауының нұсқауларын басшылыққа алыңыз.
Құралдың қақпағын жабыңыз. Құралдың қақпағын жауып, қақпақтың тұтқасын
ЖАБУ жағдайына қарай бұрыңыз. «Буды шығару» батырмасы басулы емес күйінде
болуы керек.
-
Бағдарламалардың жалпы тізімінен “МӘЗІР” батырмаға кезек-кезегімен басу
арқылы «Тұшпара /Сосискалар» бағдарламасын таңдаңыз, сол кезде дисплей
бетінен «Тұшпара /Сосискалар» деген бағдарламаның атауы жыпылықтап шығады.
-
Бұл бағдарлама үшін белгіленген уақыт режимі бойынша тағамды әзірлеу уақыты -
5 минут. Әзірлеу уақытын тағамның рецептурасына сәйкес “САҒАТ” және
“МИНУТТАР” батырмаларына басып, 1 минут қадамымен уақыттық орнатуларын
орнатып белгілеңіз. Уақыттың диапазоны 5 минуттан бастап 20 минутқа дейін
өзгеріп тұруы мүмкін.
-
Белгіленген қысымның деңгейі бекітілген қысым режимі бойынша -3. Бұл әзірлеу
бағдарлама үшін қысымның денгейін өзгертуге (қол жетімсіз) қолданылмайды.
134