Мультиварки Polaris PPC 0705AD - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

•
Бұдан кейін қақпақтың тұтқасын ЖАБУ қалпында бұрыңыз. Жүйе дұрыс істегенде
экранда жүйенің тұтқаның жағдайын есептегендігі жөніндегі сәйкесінше индикация
пайда болады. Егер қақпақтың тұтқасы АШУ қалпында болса, мультипісіргіш іске
қосылмайды.
•
Әзірлеу барысында қақпақтың тұтқасын құралдың қақпағын ашу үшін аз уақытқа
АШУ қалпына қарай бұруға болады. Бұл өнімдердің әзірлену барысына бақылау
жасау, араластыру немесе өзге өнімдерді қосу үшін қажет болады. Құралдың
жоғарғы қақпағын ашу үшін «Буды шығару» батырмасына басыңыз да (егер ол
басылмаған болса), «Буды шығару» батырмасын блоктан алу» тұтқышын жоғары
қарату жолымен бекітіңіз, қақпақтың тұтқасын АШУ қалпына қарай бұрыңыз (осы
сәтте мультипісіргіш 5 дыбысты сигнал шығарады), қақпақты ашу/жабу батырмасын
басу арқылы құралдың қақпағын ашыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қақпақтың тұтқасын бұрағанда оған тым қатты күш
салудың қажеті жоқ! Егер қақпақтың тұтқасы бұралмайтын болса,
мультипісіргіш ішінде артық қысым бар немесе қақпақ тұтқасын блоктау
құрылғысы жақын арада температураның үлкен өзгеруіне түсті деген сөз.
Қақпақты ашу немесе жабу үшін мультипісіргіш ішіндегі температура
атмосферадағы температурамен тең болмайынша, блоктау құрылғысы
температураның жаңа көрсеткішіне бейімделмейінше күту қажет.
Қақпақтың тұтқасысының ашық жағдайына бұрылғанына 30 секунд өткеннен кейін
мультипісіргіш 10 рет ескерту дыбысын шығарады. Бұл сигнал бойынша қақпақты
бірден жапқан дұрыс (ол әдеттегі дыбыс, сырт ету арқылы жабық күйінде бекітілуі
тиіс). Қақпақтың тұтқасын жабық күйіне ауыстыру үшін блоққа қою құралы
тостақтағы температураға бейімделмегенше, 15-20 минут күте тұрған дұрыс.
Бейімделу уақыты өткеннен кейін мультипісіргіш үзілмелі дыбыс шығарады,
дыбыстың шығуы тоқтағаннан кейін көп кешіктірмей қақпақтың тұтқасын ЖАБУ
күйіне ауыстырған жөн. Егер қақпақтың тұтқасы АШЫҚ күйінде қалатын болса,
қысқа мерзім аралығында мультипісіргіш бағдарламаның орындалуын үзіп жібереді
және күту режиміне ауысады.
Ескерту:
Қақпақтың тұтқасын ашық күйіне ауыстыру уақытысында қыздыру элементі
сөнеді, бұл пайдаланушының қауіпсіздігін сақтау үшін қажет. Сондықтан
бағдарламаны орындау барысында жоғарғы қақпақты 1-2 реттен артық ашпауға
ұсыныс беріледі, өйткені ол әзірлену үдерісіне әсерін тигізуі мүмкін.
•
Қысымсыз әзірлеу бағдарламаларында бағдарламаның жұмыс істеуі барысында
әзірлеудің уақытын өзгертуге болады (сәйкесінше бағдарламалардың сипаттамасын
толығырақ қараңыз).
•
Егер Сіз бағдарламаның жүруін тоқтатқыңыз келсе, “БОЛДЫРМАУ” батырмасын
басыңыз, бұдан кейін «Буды шығару» батырмасын басыңыз да (егер ол басылмаған
болса), «Буды шығару» батырмасын блоктан алу» тұтқышын жоғары қарату
жолымен бекітіңіз, қақпақтың тұтқасын АШУ жағдайына бұрыңыз, қақпақты
ашу/жабу батырмасын басыңыз.
•
Егер қақпақтың тұтқасы ЖАБУ күйінде тұрса, қақпақты ашу батырмасын басуға
болмайды. Бұл тостақтың және құралдың сыртқы бетінің зақымдануына алып келуі
мүмкін.
111