Мультиварки Polaris PPC 0705AD - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

«
Қыздырып бұқтыру» бағдарламасы
«Қыздырып бұқтыру» бағдарламасы орыс пешінде тағамды әзірлеу үдерісін ұқсатады.
Тағам өте ұзақ және баяу бұқтыру әдісімен үнемі жоғарылайтын температурада
әзірленеді, бұл өнімдердің пайдалы құрамын сақтауға мүмкіндік және оларға қайталанбас
дәм береді.
-
Құралды іске қосыңыз, “СТАРТ” батырмасының индикаторы жыпылықтай
бастайды.
-
Рецептураға сәйкес қажетті ингредиенттердің барлығын тостаққа салыңыз.
«Құралды пайдалану» тарауының нұсқауларын басшылыққа алыңыз. Құралдың
қақпағын жауып, қақпақтың тұтқасын ЖАБУ жағдайына қарай бұрыңыз.
-
Бағдарламалардың жалпы тізімінен “МӘЗІР” батырмаға кезек-кезегімен басу
арқылы «Қыздырып бұқтыру» бағдарламасын таңдаңыз, сол кезде дисплей бетінен
« Қыздырып бұқтыру» деген бағдарламаның атауы жыпылықтап шығады.
-
Бұл әзірлеу бағдарлама үшін ҚЫСЫМ режимі (қол жетімсіз) қолданылмайды.
Аталған бағдарламада «Буды шығару» батырмасын басып тұрып та, баспай да
әзірлеуге болады.
-
Бұл бағдарлама үшін белгіленген уақыт режимі бойынша тағамды әзірлеу уақыты -
5 сағат. Әзірлеу уақытын тағамның рецептурасына сәйкес “САҒАТ” және
“МИНУТТАР” батырмаларына басып, 20 минут қадамымен уақыттық орнатуларын
орнатып белгілеңіз. Уақыттың диапазоны 1 сағаттан бастап 8 сағатқа дейін өзгеріп
тұруы мүмкін.
-
Бұл бағдарлама үшін белгіленген уақыт режимі бойынша әзірлеудің температурасы
45°С градустан бастап 95°С градусқа дейін жоғарылайды.
-
Бағдарламаны іске қосқанға дейін температуралық орнатуларды өзгерту, сонымен
қатар әзірлеу барысында уақыттық орнатуларды өзгерту бұл бағдарлама үшін қол
жетімсіз.
-
Аталған бағдарламада әзірлеу барысында жоғарғы қақпақты азық өнімдерді қосу
және араластыру үшін аз ғана уақытқа ашуға мүмкіндік бар (ҚЫСЫМСЫЗ
режимінде құралды пайдаланудың жалпы ережесінің бөлімін толығырақ қараңыз).
-
Бағдарламаны іске қосу үшін “СТАРТ” батырмасына басыңыз, осы сәтте
бағдарламаның дыбысты сигналы шығып естіледі, сонымен мультипісіргіш
белгіленген бағдарлама бойынша әзірлеуді бастайды. Дисплейде «Қыздырып
бұқтыру» жазбасы және “СТАРТ” батырмасының индикаторы үнемі жанып тұрады.
Әзірлеу уақытының кері есебі “СТАРТ” батырмасына басқаннан кейін бірден
басталады.
-
Сонымен қатар “ЖЫЛЫТУ” батырмасының индикаторы жанады, бұл
бағдарламаның жұмысы аяқталғаннан кейін құралдың автоматты түрде ЖЫЛЫТУ
режиміне ауысатындығын білдіреді. ЖЫЛЫТУ режиміне автоматты түрде ауысуды
өшіру үшін “ЖЫЛЫТУ” батырмасына басыңыз, осы сәтте дыбысты сигнал шығады,
сонымен “ЖЫЛЫТУ” батырмасының индикаторы сөнеді. Егер қаласаңыз, Сіз
ЖЫЛЫТУ режиміне автоматты түрде ауысуды “ЖЫЛЫТУ” батырмасына қайта
басу арқыла қайтадан іске қоса аласыз.
-
Қажет болған жағдайда “БОЛДЫРМАУ” батырмасына басу арқылы бағдарламаның
жүруін тоқтатуға болады, осы кезде құрал күту режиміне ауысады.
-
Жұмыстың режимі аяқталғаннан кейін мультипісіргіш 5 (бес реттік) дыбысты сигнал
шығарады. Құрал автоматты түрде “ЖЫЛЫТУ” режиміне өтеді, егер бұл режим
бұрыннан сөндірілмеген болса. ЖЫЛЫТУ режимін сөндіру үшін “БОЛДЫРМАУ”
батырмасына басыңыз, құрал күту режиміне өтеді. Құралды сөндіріңіз.
-
«Буды шығару» батырмасына басыңыз да (егер бұл батырма басулы күйде болмаса),
және оны басылған күйде «Буды шығару» батырмасын блоктан алу» тұтқышын
131