Мультиварки Polaris PPC 0705AD - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

алу» тұтқышын жоғары қарата «Буды шығару» батырмасын басыңыз, клапаннан бу
шығу тоқтаймайынша сол күйінде қалдырыңыз.
•
Қақпақтың тұтқасы ЖАБУ жағдайында болғанда қақпақты ашу батырмасын басуға
болмайды. Бұл құралдың тостағы мен сыртқы бетінің зақымдануына алып келуі
мүмкін. ҚЫСЫМ режимінде қақпақтың үстіңгі жағынан немесе буды бөлетін
клапаннан басқа жерден будың шығуы құралдың істен шыққандығын білдіреді.
Мұндай жағдайда тостақтың жоғарғы ернеуін және құрал қақпағының ішкі бөлігін
тазалаңыз, құралдың жинақталуының дұрыстығын тексеріңіз, Егер бұл мәселе қайта
туындайтын болса, құралды пайдалануға болмайды. Жөндеу жұмыстарын жүргізу
үшін құралды қызмет көрсету орталығына апарған дұрыс.
Назар аударыңыздар!
Егер қысым клапанының астынан клапанның ось бойынша
айналуына алып келетін бу қарқынды шыға бастаса, бұл ішкі тостақтың қатты қызып
кеткендігін және құралдың ішіндегі максималды мүмкін қысымның тым көтеріліп
кеткендігін білдіреді. Мұндай жағдайда бағдарламыны бірден тоқтатып, орнатылған
жұмыс температурасын бәсеңдету керек. Тостақ суығаннан кейін ғана қайта іске қосуға
болады.
ҚЫСЫМСЫЗ режимінде құралды пайдалану жөніндегі жалпы ереже
•
Жалпы алғанда, қысымсыз әзірлеу режімі төменде көрсетілген жағдайлардың бірін
немесе бірнешеуін білдіреді, атап айтқанда:
-
Әзірлеу температурасы 98°С-тан аспайды;
-
Әзірленудің кез-келген температурасында әзірленетін өнімдерде су мөлшері
өте аз;
-
Әзірленіп жатқан тостақ ауа кірмейтіндей толық жабылмаған.
Осылайша, қысымсыз әзірлеу бағдарламасы 98°С-тан төмен болғанда жұмыс істейді
немесе суы аз мөлшердегі өнімдерді пайдалануды білдіреді. Кез келген жағдайда
қысымсыз әзірлеуді қамтамасыз ету үшін «Буды шығару» батырмасын басыңыз да,
«Буды шығару» батырмасын блоктан алу» тұтқышын жоғары қарату жолымен
бекітіңіз, бұл тостақтағы ауаның атмосфераға еркін шығуы үшін керек.
•
Қысымсыз әзірлеу режимі «Көже», «Қуыру», «Бұқтыру», «Сүт ботқасы», «Йогурт»,
«Пицца», «Пісірмелер», «Бұқтырып жұмсату», «Жылыту», «Фритюр», «Сұлы»,
«Қыздырып пісіру», «Соте», «Тұнба» бағдарламаларында қарастырылған. «Қуыру»
және «Фритюр» арнайы режимдер болып есептелінеді, мұнда пайдаланушының
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құралдың қақпағы ашық болғанда ғана әзірлеу
қарастырылған. «Пицца», «Пісірмелер», «Қыздырып пісіру» режимдері 100°С
градустан асатын температурада жұмыс істейді, сондықтан оларды қосқанда «Буды
шығару» батырмасын басып, бекітуге ұсыныс беріледі. Қалған режимдер үшін
«Буды шығару» батырмасы аса маңызды рөлді атқармайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Қысымсыз әзірлеу режимінде 100°С-тан жоғары
әзірлену температурасында суды қайнатуға тыйым салынады («Қуыру»,
«Фритюр», «Пицца», «Пісірмелер», «Қыздырып пісіру», сонымен қатар
«Мультиаспаз» және «Мультиаспаз Плюс»).
•
Тостақты мультипісіргішке орнатыңыз, оның қисық орналаспағанына көз жеткізіңіз
(осі бойынша сәл бұрып). Қыздыру қабатының және алынбалы тостақтың сыртқы
қабатының кірленуіне жол бермеңіз. Сонымен қатар тостақтың зақымдалмауын
және пішіннің бүлінбеуін қадағалаңыз. Замқымдалған алынбалы тостағы бар
құралды пайдалануға тыйым салынады!
•
Мультипісіргіштің жоғарғы қақпағын ашу/жабу батырмасы сырт еткенге дейін
жабыңыз. Тостақ дұрыс орнатылғанда және құралдың сыртқы қабаты іске жарамды
болғанда бұл операцияны іске асыру үшін аса күш салудың қажеті болмауы тиіс.
110