Микроволновые печи DeLonghi MW 20 (G) (WH) - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

23
CHILD SAFETY (БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ)
Балалар байқаусызда төңкеруіне жол бермес үшін, пеш қауіпсіздік
құрылғысына бекітіледі.
Қауіпсіздік құрылғысын іске қосу үшін:
• STOP (Тоқтату) түймесін (8) (10-сурет) 3 секунд басып
тұрыңыз.
• Құрылғы қысқаша дыбысты сигнал шығарады дисплейде
белгіше шамдары
жанады. Пешті іске қосу мүмкін
болмайды.
• Қауіпсіздік құрылғысын ажырату үшін, STOP түймесін (8)
(10-сурет) 3 секунд басып тұрыңыз.
ENERGY SAVING FUNCTION (ҚУАТ ҮНЕМДЕУ ФУНКЦИЯСЫ)
Әр жыл сайын технологиялық прогресс көбірек электрлік өнімдерді
қажет етеді. Ластағыш заттардың (CO2, күкірт, т.б.) көбеюінің және
қалпына келтірілмейтін табиғи ресурстардың (көміртегі, газ, мұнай)
пайдаланылуына байланысты, оның нәтижесінде қоршаған ортаға
бұрынғыдан бетер үлкен зардап тиюде.
Электр қуатын рәсуалауды азайту үшін (мысалы, құрылғыны
күту режимінде пайдалануды азайту арқылы), қуатты үнемдеуді
барлығы үшін дереу және қол жетімді "виртуалды" қалпына
келтірілетін елеулі қуат көзі етуге болады.
Пеш пайдаланылмаған кезде қуат тұтынуды азайту үшін:
• POWER LEVEL (ҚУАТ ДЕҢГЕЙІ) түймесін (6) (11-сурет) 2-3
секунд басып тұрыңыз. Құрылғы дыбысты сигнал шығарады.
• Егер ешбір түйме басылмаса, 10 минуттан кейін дисплей
автоматты түрде өшіріледі (сағат параметрлері сақталады).
Жылжымалы "-" белгісі көрсетіледі.
• Егер есік 10 минуттан астам уақытқа ашық қалса, пеш шамы
(В) автоматты түрде өшеді.
• Дисплейді қайта іске қосу үшін, кез келген түймені басыңыз.
• Қуат үнемдеуді ажырату және уақытты қайта көрсету үшін,
POWER LEVEL (ҚУАТ ДЕҢГЕЙІ) түймесін (6) (11-сурет) 2-3
секунд басып тұрыңыз; құрылғы дыбысты сигнал шығарады.
DEFROST (ЕРІТУ)
• Пластик қалталардағы, үлдірлердегі немесе пешке салуға
дайын ыдыстардағы қатқан тағамдарды тікелей пешке
сала беруге болады. Оларда металл қыстырғыштар немесе
байламдар болмауы керек.
• Жасыл көкөністер және балық сияқты кейбір тағам түрлерін
пісіру алдында толық еріту міндетті емес.
• Ет және басқа соустардағы тағамдар тезірек ериді және
оларды араластырсаңыз, төңкерсеңіз және/немесе
бөлшектесеңіз, анағұрлым біркелкі ериді.
• Еріту барысында ет, балық және жемістер сөлін жоғалтады.
Осы тағамдарды әрқашан ыдысқа салып ерітіңіз.
• Етті қатырған кезде, оны бірнеше бөлікке бөліп, бөлек
қалталарға салуды ұсынамыз.
Бұл дайындау барысында уақытыңызды үнемдейді.
• Еріту және пісіру арасында әрқашан күту уақыты болуы керек.
Күту уақыты дегеніміз тағамды пісіру алдында қоя тұру
уақыты. Күту уақыты пісіру басталған кезде тағамның барлық
бөлігінде біркелкі температура болуын қамтамасыз етеді.
HEATING (ЫСЫТУ)
Қысқа толқынды пеш тағамды ысытқан кезде өте пайдалы және
тиімді. Дәстүрлі әдістермен салыстырғанда, қысқа толқындар
уақытты да, электр қуатын да үнемдейді.
• Тамақты (қатқан болса ішінара) кемінде 70°C дейін қыздыру
ұсынылады (ол күйдіретіндей ыстық болуы керек!).
Тамақ өте ыстық болғандықтан, оны бірден жеу мүмкін
болмайды, бірақ ол толық залалсыздандырылады.
• Бұрын пісірілген немесе қатырылған тамақты ысыту үшін,
әрқашан мына ережелерді ұстаныңыз:
- тамақты металл ыдыстардан алыңыз;
- үлдірмен (тек қысқа толқынды пешке арналған) немесе май
өткізбейтін қағазбен жабыңыз. Сонда тағамның барлық
табиғи дәмдері сақталады және пеш таза күйінде қалады.
Төңкерілген табақшамен жабуға да болады;
- мүмкін болса, ысыту процесін жылдам және біркелкі ету үшін
тамақты жиі араластырып немесе төңкерістіріп тұрыңыз.
- орамда бақылау уақыттары көрсетілген кезде аса сақ
болыңыз. Кейбір жағдайларда осы уақыттарды ұзарту
керектігін есте сақтаңыз;
• Ысытуды бастамас бұрын қатқан тағамды еріту керек.
Тағамның бастапқы температурасы неғұрлым төмен болса,
ысыту уақыты соғұрлым ұзақ болады.
ТІСБАСАРЛАР МЕН БІРІНШІ ТАМАҚТЫ ДАЙЫНДАУ
Сорпаларды аз су пайдаланып жасауға болады, себебі қысқа
толқынды пештерде су булану арқылы көп жоғалмайды.
Тұзды тамақ піскен соң немесе күту уақытында қосыңыз, себебі
тұздың сусыздандыру әсері бар.Күрішті (немесе пастаны) қысқа
толқынды пеште пісіруге дәстүрлі пісіру әдісімен пісіруге кеткендей
уақыт кететінін ескеріңіз. Қысқа толқынды пеште ризотто
дайындау артықшылығы оны үздіксіз араластыру қажеттігінің
жоқтығында (екі-үш рет араластырған жетеді).
ЕТ ПІСІРУ
Пісіру уақыты тікелей тағамның көлеміне және біртектілігіне
тәуелді. Кәуаптар бүтін етке қарағанда тезірек піседі, себебі бөліктер
шағын және көлемдері бірдей.
Қуырылған етті, тауық етін және кәуаптарды жұмсағырақ ету үшін,
пісіруді бастаған кезде 1/2 кесе су қосыңыз.
ГАРНИРЛЕР МЕН КӨКӨНІСТЕРДІ ПІСІРУ
Дәстүрлі пісіру әдістерімен салыстырғанда, көкөністер қысқа












