Микроволновые печи DeLonghi MW 20 (G) (WH) - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

17
ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІ
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы
пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып
шығыңыз. Пайдалану нұсқаулығын сақтап
қойыңыз.
Ескеріңіз:
Бұл таңба пайдаланушыға арналған маңызды кеңесті немесе
ақпаратты білдіреді.
• Бұл қысқа толқынды пеш тек тамақтар мен сусындарды
ғана қыздыруға арналған. Тағамды немесе киімді кептіру
және жылыту жастықшаларын, тәбішкелерді, губкаларды,
дымқыл шүберекті және сол сияқты нәрселерді қыздыру
жарақаттануға, тұтануға немесе өртенуге әкеп соқтыруы
мүмкін. Оны ешқашан басқа мақсаттар үшін пайдалануға,
кез келген түрде құрылымын өзгертуге немесе жасанды
түрі жасалмауы керек. Бұл қысқа толқынды пешті ас бөлме
құрылғысының ішінде немесе қисық орнатылған күйде
пайдалануға болмайды.
• Пешті пайдаланбас бұрын, таңдалған ас пісіру құралдары
мен ыдыстарының қысқа толқынды пешпен пайдалануға
жарамды екеніне көз жеткізіңіз ("Отқа төзімді ыдыс-аяқ"
бөлімін қараңыз).
• Пештің шыны есігін тазалау үшін қырғыш тазалау өнімдерін
немесе металл қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар
есік бетінің зақымдануына және сынып қалуына әкеп
соқтыруы мүмкін.
• Барлық қысқа толқынды пештер ағымдағы
электромагниттік қауіпсіздік және сәйкестілік ережелері
мен стандарттарына сай сыналған және мақұлданған.
Алдын алу шарасы ретінде, электростимуляторға қысқа
толқындардың кедергі келтіруіне жол бермес үшін
электростимулятор жасаушылары электростимулятор
пайдаланушыларына жұмыс істеп тұрған қысқа толқынды
пеш пен электростимулятор арасында кемінде 20-30 см
қашықтық болуын қадағалауды ұсынады. Егер кедергі бар
деп күдіктенсеңіз, қысқа толқынды пешті дереу өшіріп,
электростимулятор жасаушысымен хабарласыңыз.
• Егер пеш шамадан тыс қызып кетсе (ұзақ уақыт бойы, бос
күйінде және т.б. пайдаланудан), қауіпсіздік термостаты
пешті өшіруі мүмкін. Салқындатылған соң, пеш әдеттегідей
жұмыс істейтін болады.
•
Бұл тек үйде пайдалануға арналған
құрылғы. Дүкендердегі, офистердегі
және басқа жұмыс орталарындағы
қызметкерлер
тамақтанатын
орындарда; фермаларда; қонақүйлердегі,
мотельдердегі және басқа қонақ күту
орталарындағы клиенттерге; төсек және
таңғы ас беретін орталарда.
•
Бұл құрылғыны таймермен немесе
бөлек қашықтан басқару жүйесімен
пайдаланылмауы керек.
• Бұл құрылғыны артын қабырғаға қаратып орналастыру
арқылы пайдалану керек.
• Пеш бірінші рет пайдаланылған кезде, алғашқы 10 минутта
не одан көбірек уақытта "жаңа" иіс шығуы немесе аз
мөлшерде түтін шығуы мүмкін. Бұл қалыпты нәрсе және
ол гриль элементіне жағылған қорғаныш зат қабатынан
туындайды.
Маңызды!
Мұндай ескертуді елемеу өмірге қауіп төндіретін жарақаттануға
немесе құрылғының зақымдануына әкеп соқтыруы мүмкін
•
Маңызды! Егер есік немесе есік
тығыздағыштары зақымданса, оны
білікті қызмет инженері (өнім жасаушысы
немесе делдалдың тұтынушылар қызметі
оқытқан) жөндемейінше құрылғыны
пайдаланбаңыз.
•
Маңызды! Қысқа толқын қуатының
әсерінен қорғайтын жапқышты алу
арқылы қызмет көрсету немесе жөндеу
жұмыстарын орындау білікті қызмет
көрсетуші инженерден басқалар үшін
қауіпті болып табылады.
•
Маңызды! Бұл құрылғыны 8 жастан асқан
балаларға, қозғалу, сезу немесе ойлану
мүмкіндіктері шектелген адамдарға
немесе осы құрылғыға қатысты
тәжірибесі немесе білімі жоқ адамдарға
тек оларға ықтимал қауіп-қатерлер мен
құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалану
туралы нұсқау берілгенде және олар
бақыланғанда ғана пайдалануға болады.












