DeLonghi MW 20 (G) (WH) - Инструкция по эксплуатации - Страница 20

Микроволновые печи DeLonghi MW 20 (G) (WH) - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.

Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.

"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.
Страница:
/ 28
Загружаем инструкцию
background image

20

ОРНАТУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ЖАЛҒАУ 

•  Пешті  қораптан  шығарып,  айналма  табақша  (G),  айналма 

табақша  тұғыры  (H/D)  және  барлық  қосымша  құралдар 

салынған  қорғаныш  қаптаманы  алыңыз.  Тіректің  (H/D) 

айналмалы табақшаға дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.

•  Пештің ішін жұмсақ, дымқыл шүберекпен тазалаңыз.

•  Тасымалдау  барысында  пештің  зақымданбағанын 

тексеріңіз.  Әсіресе  есіктің  дұрыс  ашылатынын  және 

жабылатынын тексеріңіз.

•  Пешті биіктігі кемінде 85 см беті жалпақ және қозғалмайтын 

және  балалардың  қолдары  жетпейтін  нәрсеге  қойыңыз, 

себебі пісіру барысында есік қатты қызады.

•  Пешті жұмыс істейтін жерге қойған кезде, пештің арты мен 

бүйірлері  мен  үй  қабырғалары  арасына  5  см,  ал  пештің 

үстіңгі жағына кемінде 30 см бос орын қалдырыңыз.

•  Ауа кіретін саңылаулар бітеліп қалмасын.

 

Әсіресе,  пештің  үстіне  ешнәрсе  қоймаңыз,  ауа  және 

бу  шығатын  саңылаулардың  (құрылғының  үстіндегі, 

астындағы және артындағы) ашықтығын әрқашан тексеріп 

жүріңіз.

•  Айналмалы  табақша  тірегін  (H/D)  дөңгелек  пішінді  орнына 

салып, айналмалы табақшаны (G) үстіне орналастырыңыз.

 

Тірек (H/D) айналмалы табақша ортасындағы тиісті орнына 

салынуы керек.

 

Ескеріңіз: пешті ешқашан қызу көздеріне не олардың 

жанына қоймаңыз (мысалы, тоңазытқыштың үстіне).

•  Құрылғыны  ең  төменгі  кернеуі  16  А  болатын  розеткаларға 

ғана қосыңыз. Пешті пайдалану барысында оның күтпеген 

жерден  ажыратылуына  жол  бермес  үшін  үйдегі  розеткада 

кемінде 16 А электр қуаты бар екеніне көз жеткізіңіз.

•  Пешті  қосқыш  пен  розеткаға  оңай  қол  жеткізуге  болатын 

жерге орналастырыңыз.

•  Пешті қоспас бұрын, электр желісі кернеуінің құрылғыдағы 

төлқұжат  тақташасындағы  кернеуге  сәйкестігін  және  қуат 

розеткасының жерге дұрыс тұйықталғанын тексеріңіз. Өнім 

жасаушысы  осы  қауіпсіздік  үшін  алдын  алу  шараларын 

орындамауға  қатысты  барлық  жауапкершіліктерден  бас 

тартады.

•  Қазіргі  заманғы  электрондық  құрылғылардың  көбісі 

(теледидар,  радио,  стерео  жүйелер  және  т.б.)  радио 

жиілігі  (РЖ)  сигналдарынан  қорғалған.  Дегенмен,  кейбір 

электрондық  құрылғылар  қысқа  толқынды  пештен 

шығатын радио жиілігі сигналдарынан қорғалмауы мүмкін. 

Сондықтан,  осындай  құрылғыларды  жұмыс  істеп  тұрған 

қысқа толқынды пештен кемінде 1-2 метр алыста ұстаңыз. 

ӘДЕТТЕГІ КЕРЕК-ЖАРАҚТАР 

Жоғарғы сым текше (F) (тек 

кейбір үлгілерде)

Етті тез қыздыру үшін 

Grill (Гриль) функциясын 

пайдаланыңыз.

Айналмалы табақша (G) 

Айналмалы табақшаны 

барлық функцияларда 

пайдаланыңыз.

ОТҚА ТӨЗІМДІ ЫДЫС-АЯҚ 

Microwave  Only  (Тек  қысқа  толқын)  және  Combi  with  Microwave 

(Қысқа толқынмен аралас) функцияларында құрамында металл 

бөліктері немесе әшекейлері (мысалы, алтын әшекейлер, металл 

құлақтар,  аяқтар,  т.б.)  жоқ  кез  келген  шыныдан  (мүмкін  болса 

пирекс), керамикадан, фарфордан немесе терракотадан жасалған 

отқа  төзімді  ыдыс-аяқты  пайдалануға  болады.  Ыстыққа 

төзімді  пластмасса  табақшаларды  да  пайдалануға  болады, 

бірақ  олар  "Microwave  Only"  (Тек  қысқа  толқын)  режимінде 

тамақ  пісіруге  жарамды  болуы  керек.  Егер  белгілі  бір  ыдыстың 

жарамдылығына  күмәндансаңыз,  мына  сынақты  орындаңыз: 

бос  ыдысты  пеш  ішіне  ең  жоғарғы  қуат  деңгейінде  ("Microwave 

Only"  (Тек  қысқа  толқын)  функциясы)  60  секундқа  қойыңыз. 

Егер ыдыс салқын күйде қалса немесе аз ғана қызса, ол қысқа 

толқынды  пеште  пісіруге  жарамды  деген  сөз.  Егер  ол  қатты 

қызса  (немесе  ұшқындар  шығарса),  ыдыс  жарамсыз  болғаны. 

Қысқа  уақыт  қыздырған  кездері  қағаз  майлықтарды,  қатырма 

қағаз  науаларын  немесе  бір  рет  пайдаланылатын  пластмасса 

табақшаларды  тағам  астына  салып  пайдалануға  болады.  

Ыдыстардың  көлемі  мен  пішімі  пеш  ішінде  еркін  айналатындай 

болуы  керек.    Металл,  ағаш,  қамыс  және  хрусталь  шыны 

ыдыстармен  қысқа  толқынды  пеште  тамақ  пісіруге  болмайды. 

Есте  сақтаңыз,  қысқа  толқындар  ыдысты  емес,  тағамның  өзін 

қыздырады.  Сондықтан,  тағамды  кастрөлді  пайдаланып  және 

тазартып жатпай, табақшада тікелей пісіруге болады.

Өте  ыстық  тағамнан  температура  табақшаға  өтетіндіктен, 

әрқашан  асхана  қолғабын  пайдаланыңыз.  Егер  пеш  Grill  (Гриль) 

режиміне  орнатылса,  барлық  қызуға  төзімді  ыдыс-аяқтарды 

пайдалануға  болады.    Мына  кестеде  отқа  төзімді  ыдыс-аяқты 

таңдауға қатысты пайдалы нұсқаулар бар: 

Полезные видео

Характеристики

Оцените статью
tehnopanorama.ru
Остались вопросы?

Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)

Задать вопрос

Часто задаваемые вопросы
Как посмотреть инструкцию к DeLonghi MW 20 (G) (WH)?
Необходимо подождать полной загрузки инструкции в сером окне на данной странице
Руководство на русском языке?
Все наши руководства представлены на русском языке или схематично, поэтому вы без труда сможете разобраться с вашей моделью
Как скопировать текст из PDF?
Чтобы скопировать текст со страницы инструкции воспользуйтесь вкладкой "HTML"