Холодильник Samsung RS68N8670SL - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

Қазақ 11
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Пайдалануға қатысты қатаң ескертулер
ЕСКЕРТУ
• Қуат ашасын су қолыңызбен розеткаға сұқпаңыз.
-
Себебі электр қатері орын алуы мүмкін.
• Құрылғының үстіне зат қоймаңыз.
-
Есікті ашқанда немесе жапқанда, заттар құлап кетіп, адам жарақаттануы
немесе және/не мүлікке зиян келуі мүмкін.
• Қолдарыңызды, аяқтарыңызды немесе темір заттарды (мысалы, тіс шұқығыш
т.с.с.) тоңазытқыштың астыңғы немесе артқы жақтарына салмаңыз.
-
Себебі электр қатері орын алуы немесе жарақат алуыңыз мүмкін.
-
Кез келген өткір қырлар жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
• Мұздатқыш бөліктің ішкі қабырғасын немесе мұздатқыш бөліктің ішінде тұрған
заттарды су қолмен ұстамаңыз.
-
Теріні қарып кетуі мүмкін.
• Су құйылған сауытты тоңазытқыштың үстіне қоймаңыз.
-
Төгіліп қалса, өрт шығуы немесе электр қатері пайда болуы мүмкін.
• Тоңазытқыштың ішіне буланғыш немесе тұтанғыш нәрселерді немесе
заттарды (бензол, сұйылтқыш, пропан газы, спирт, эфир, СГ және тағы басқа
осы сияқты заттарды) сақтамаңыз.
-
Бұл тағам сақтауға ғана арналған тоңазытқыш.
-
Себебі өрт немесе жарылыс шығуы мүмкін.
• Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.
-
Саусақтарыңызды "қыстыратын аумақтардан" алыс ұстаңыз. Есіктер мен
корпустың арасына қажетіне орай шамалы орын қалдырылған. Балалар
жақын жерде болса, есіктерді байқап ашыңыз.
• Өзіңіздің немесе балалардың саусақтарын есіктердің арасына қыстырмаңыз.
-
Саусақтарыңызды есіктің сол және оң жақтарынан алыс ұстаңыз.
Саусақтарыңыз есіктердің арасында тұрса, есіктерді байқап ашыңыз.
• Балаларға есікке немесе есіктің сауыттарына тартылып тұруға рұқсат
бермеңіз. Ауыр жарақат алуы мүмкін.
Untitled-14 11
6/28/2019 7:24:52 PM