Холодильник Samsung RS68N8670SL - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

Қауіпсіздік туралы ақпарат
Қазақ
4
Қауіпсіздік туралы ақпарат
• Себебі төменде көрсетілген іске пайдалану нұсқаулары әр түрлі
құрылғыларға арналғандықтан, тоңазытқышыңыздың техникалық
сипаттамасы, осы нұсқаулықта көрсетілген құрылғылардан сәл өзгеше болуы
және ескерту белгілерінің барлығы бірдей сізге қатысты болмауы мүмкін.
Толғандырып жүрген мәселе немесе сұрағыңыз болса, жақын орналасқан
жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз немесе www.samsung.
com веб-сайтынан ақпарат немесе көмек алыңыз.
• Салқындатқыш ретінде R-600a немесе R-134a пайдаланылған.
Тоңазытқышыңызда қандай тоңазытқыш сұйық қолданылғанын, құрылғының
артындағы компрессордың жапсырмасынан немесе құрылғының ішіндегі
техникалық ақпарат тақтайшасынан қараңыз. Құрылғыда тұтанғыш газ
(R-600a салқындатқышы) қолданылса, құрылғыны дұрыс тастау үшін
жергілікті уәкілетті мекемеге хабарласыңыз.
• Салқындатқыш сұйық аққан жағдайда газ бен ауа аралас тұтанғыш қоспа
пайда болмас үшін, құрылғы тұратын бөлменің кеңдігі, салқындатқыш
сұйықтың мөлшеріне байланысты анықталады.
• Қандай да бір жері бүлінген құрылғыны ешқашан іске қоспаңыз. Егер
күмәндансаңыз, дилерге хабарласып кеңес алыңыз. Бөлменің көлемі
құрылғының ішіндегі R-600a тоңазытқыш сұйықтығының әр 8г үшін 1 м
3
болуы
керек.
Құрылғыңыздағы тоңазытқыш сұйықтың мөлшері, құрылғының ішіндегі
техникалық параметр тақтайшасында көрсетілген.
• Тоңазытқыш сұйық түтіктерден атқыласа, тұтануы немесе көзге зақым келтіруі
мүмкін. Тоңазытқыш сұйық түтіктен аққан кезде құрылғының қасында ашық
оттың болмауын қамтамасыз етіп, тұтанғыш заттарды алыс қойыңыз да,
бөлмені дереу желдетіңіз.
-
Бұлай істемесеңіз, өрт немесе жарылыс шығуы мүмкін.
Ескерту; Өрт қаупі бар / тұтанғыш материалдар
Untitled-14 4
6/28/2019 7:24:51 PM