Блендеры Philips HR1377/90 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

Қосалқы құралдарға тапсырыс беру
Қосалқы құралдар немесе қосалқы бөлшектер сатып алу үшін,
www.shop.philips.com/service
сайтына кіріңіз немесе Philips
дилеріне барыңыз. Сондай-ақ,еліңіздегі Philips тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласыңыз (байланыс мәліметтерін дүниежүзілік кепілдік
парақшасынан қараңыз).
Қосалқы құрал ретінде Philips дилеріне немесе Philips қызмет көрсету
орталығына тікелей берілісті шағын турағышқа (4203 035 83450
нөмірі бойынша) тапсырыс беруге болады.
Өңдеу
-
Өнімдегі бұл белгі өнімнің 2012/19/EU санды Еуропалық директива
аясына кіретінін білдіреді. Электр және электрондық өнімдерге
арналған жергілікті бөлек қалдықтарды тастау жүйесін біліп алыңыз.
Жергілікті ережелердің талаптарын орындаңыз және өнімді
ешқашан қарапайым тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Ескірген өнімдерді тиісті жолмен тастау қоршаған орта мен адам
денсаулығына кері әсерлердің алдын алады (Cурет 1).
Кепілдік және қолдау
Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса,
www.philips.com/
support
сайтына кіріңіз немесе бөлек дүниежүзілік кепілдік парақшасын
оқыңыз.
Рецепттер
Нәресте тағамының рецепті
Азық түрлері
-
50 г әзірленген картоп
-
50 г әзірленген тауық
-
50 г әзірленген бадана
-
100 мл сүт
1
Барлық ингредиенттерді стаканға салыңыз.
2
Қалыпты жылдамдық түймесін басып тұрыңыз және блендерді
5 секунд бойы жұмыс істетіңіз.
Жемісті нан рецепті
Азық түрлері
-
150 г құрма
-
225 г қара өрік
-
50 гр. бадам
-
50 гр. жаңғақ
-
100 гр. мейіз
-
200 г әдеттегі қара ұн
-
100 гр. бидай ұны
-
100 г қоңыр қант
-
1 шымшым тұз
-
1 кішкене пакет пісіру содасы
-
300 мл қышқыл сүт
1
Іркіттен басқа ингредиенттерді табаққа келесі кезекпен салыңыз:
құрма, қара өрік, бадам, түйе жаңғақ, мейіз, әдеттегі қара ұн,
бидай ұны, қоңыр қант, тұз және пісіру содасы.
2
Қолыңызбен қоймалжың кесек затты ақырындап жайыңыз.
3
Іркітті қосыңыз.
4
Турбо жылдамдық түймесін басып тұрыңыз және ингредиенттерді
ең көбі 5 секунд бойы араластырыңыз.
5
Иленген қамырды тік бұрышты пісіру табағына салып,
170°C температурада 40 минут пісіріңіз.
Қол блендері
Өндіруші: “Филипс Консьюмер Лайфстайл Б.В.”,
Туссендиепен 4, 9206 АД, Драхтен, Нидерланды
Ресей және Кедендік Одақ территориясына импорттаушы:
“Филипс” ЖШҚ, Ресей Федерациясы, 123022 Мәскеу қаласы,
Сергей Макеев көшесі, 13-үй, тел. +7 495 961-1111
220-240V, 50-60Hz, 700W
Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған
-
Құралды қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулар
беріліп, басқа біреу қадағалаған және құралды
пайдалануға қатысты қауіп-қатерлер түсіндірілген
жағдайда, осы құралды физикалық, сезу немесе
ойлау қабілеті шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз
адамдар пайдалана алады.
-
Бұл құралды балалардың пайдалануына болмайды.
Құралды және сымды балалар жетпейтін жерде
сақтаңыз.
-
Балалар құралмен ойнамауы керек.
-
Жүздер блогының немесе тіркесім дискісінің
кесу жиектеріне ешбір жағдайда тимеңіз, әсіресе,
құрылғы розеткаға қосулы кезде. Кесу жиектері
өте үшкір.
-
Егер жүздер блогы немесе тіркесім дискі
тұрып қалса, жүздер блогын немесе тіркесім
дискін бітейтін ингредиенттерді алмай тұрып
құрылғыны розеткадан суырыңыз.
-
Блендер істеп тұрғанда, азық салатын түтікке
азықты саусақпен немесе басқа затпен
(мысалы, күрекшемен) тығындамаңыз. Бұл үшін
тығындағышты қолданыңыз.
-
Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай
орын алмауы үшін, оны тек Philips компаниясында,
Philips мақұлдаған қызмет орталығында немесе
білікті мамандар ауыстыруы керек.
-
Шашырамауы үшін қоспас бұрын блендерді
ингредиенттерге (әсіресе ыстық ингредиенттерді
өңдегенде) әрқашан батырыңыз.
-
Стаканға ыстық сұйықтық құйғанда сақ болыңыз,
өйткені ыстық сұйықтық және бу күйіп қалуға әкелуі
мүмкін.
Абайлаңыз
-
Қараусыз қалдырсаңыз немесе жинау, бөлшектеу
және тазалау алдында әрқашан құралды желіден
ажыратыңыз.
-
Philips арнайы ұсынбаған немесе Philips
компаниясынан басқа өндірушілер шығарған
қосалқы құралдарды немесе бөлшектерді қолдануға
болмайды. Қолданған жағдайда, өнімнің кепілдігі өз
күшін жояды.
-
Бұл құрылғыны тек пайдаланушы нұсқаулығында
көрсетілген арнайы мақсатта қолданыңыз.
-
Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған.
-
Кестеде көрсетілген мөлшер мен дайындау
уақытынан асырмаңыз.
-
Құрылғыны қосалқы құралдардың ешқайсысымен
3 минуттан артық үзіліссіз пайдаланбаңыз.
Өңдеуді жалғастырмастан бұрын құрылғыны
15 минут бойы салқындатыңыз.
-
Қол блендерінің жүздер болгын шүмек астында
тазалаңыз. Ешқашан қол блендерін суға батырмаңыз.
-
Тазалаудан кейін қол блендерін кептіріңіз. Оны
көлденең күйде немесе жүздерін жоғары қаратып
сақтаңыз. Қол блендерін сақтауға қоймай тұрып
жүздер болгы толығымен құрғақ екенін тексеріңіз.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)












