Сушилки для овощей и фруктов Polaris PFD 0505R - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

23
Толық кеппеген өнімдерді құралдың ішінде ұзақ уақытқа қалдырмаңыз, әйтпесе олар
құртылып кетуі мүмкін.
Құралды 40 сағаттан астам уақытқа қосуға болмайды. 40 сағат уақытқа тең үздіксіз
жұмыстан кейін құралды іске қосу/сөндіру батырмасына басу арқылы сөндіру қажет, содан
соң кептіргішті желіден ажыратыңыз, кем дегенде 2 сағатқа ол суығанша күте тұрыңыз.
Назар аударыңыз!
Кез келген түрдегі ақау орын алса, авторландырылған қызмет орталығына хабарласыңыз.
7.
ТҰРМЫСТЫҚ ЭЛЕКТР ТЕХНИКАСЫМЕН ЖҰМЫС БАРЫСЫНДАҒЫ
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
Құрал тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Құралды іске қоспас бұрын осы қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты толығымен мұқият
түрде оқып шығыңыз.
Әр жолы құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың және желілік сымның
ақауы анықталған жағдайда, құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Құрал мен оның желілік сымы жоғары температураның әсеріне, тікелей күн көзіне және
ылғалға ұшырамайтындай етіп сақталуы керек.
Жұмыс істеп тұрған құралды бақылаусыз қалдырмаңыз! Егер Сіз құралды
пайдаланбасаңыз, онда оны әркез сөндіріңіз.
Құралды зауыт қорабында, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Назар аударыңыз! Құралды ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен
толтырылған басқа ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды.
Құралды суға немесе басқа сұйықтықтарға салуға мүлдем болмайды. Ылғал қолмен
құралды ұстауға болмайды. Құрал дымқылданса, оны бірден желіден ажыратыңыз.
Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден ажыратыңыз. Және бұл кезде қолды
суға малуға болмайды. Құралды екінші мәрте пайдаланудың алдында оны білікті маман
тексеріп шығуы керек.
Құралды тек қана ауыспалы ток көзіне ғана қосыңыз (~). Қоспас бұрын, құралдың желіде
қолданылатын кернеуге арналғанына көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету
құқығынан айырады.
Құралды желіге қоспас бұрын, оның ауыстырып қосатын тетігі өшірілу белгісінде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралдың сүйiр бұрыштарға
соғылуынан сақтаңыз. Пайдаланып болғаннан кейін, тазартқанда немесе құрал сынып қалса
оны әрдайым желіден ажыратыңыз.
Құралды желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан ұстап
желіден ажыратуға тыйым салынады. Құралды желіден ажыратқанда штепсельді
айыршадан ұстаңыз.
Жинағына кірмейтін қосымша аксессуарларды пайдалану Сізді кепілдікті қызмет көрсету
құқығынан айырады.
Пайдаланып болғаннан кейін, электрмен қоректендіру сымын құралды айналдыра орауға
болмайды, себебі, уақыт өте келе бұл сымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін. Қашанда
сақтау үшін сымды жақсылап тарқатыңыз.
Сымды тек қана білікті мамандар – қызмет көрсету орталығының қызметкері ғана
ауыстыра алады. Біліктілілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу қолданушыны қауiп-
қатерге ұшыратуы мүмкін.
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының білікті
мамандары ғана жүзеге асыруы керек.
Құралды жөндеу үшін тек қана түпнұсқалы қосалқы бөлшектер пайдаланылады.