Сушилки для овощей и фруктов Polaris PFD 0505R - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

20
Құралды алғаш рет пайдаланудың алдында құралды өнімдерді жүктеусіз 30 минутқа қосып
қоюға кеңес беріледі.
Құралды алғаш рет қосу барысында түтіннің аз ғана мөлшері шығуы
мүмкін, бұл қалыпты нәрсе және құралдың ақаулы екендігін білдірмейді.
ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ батырмасына басу арқылы құралды сөндіріңіз, желіден ажыратыңыз
және ол суығана күте тұрыңыз. Өнімдерге арналған алынбалы себбетер мен қақпақты сумен
шайыңыз және кептіріңіз.
4.
ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
Құралды тегіс, қатты, құрғақ қабатқа орнатыңыз.
Алдын-ала әзірленген өнімдерді алынбалы себеттерге салыңыз.
Алынбалы себеттерді құралдың негізіне орнатыңыз.
Назар аударыңыз!
Құралдың жұмысы барысында барлық бес алынбалы себеттерді орнатуға кеңес беріледі,
егер бұл себеттерге ештене салынбаса да, олар бос болғанымен оларды орнату қажет.
Желдеткіші бар құрал негізіне су немесе шырыны сорғалайтын өнімдер салынған алынбалы
себетті орналастырмаңыз.
Кептіру барысында өнімдерге арналған себеттерді негізінде бұруға және олардың орнын
алмастыруға болады.
Себеттер ауаның олардың арасында еркін түрде таралатындай етіп орнатылуы тиіс. Себетке
шамадан көп өнім мөлшерін салмаңыз, өнімдер арасындағы қашықтық 1 см-ден кем болмауы
тиіс.
Қабаттардың арасындағы қашықтықты реттеу үшін әрбір себет жоғары және төменнен
шеңбер бойынша шығыңқы жерлерге ие. Себеттің жүктеу кеңістігін ұлғайту үшін әрбір
келесі себетті төменгі шығыңқы жерімен төменде орналасқан себеттің жоғарғы шығыңқы
жеріне орналастырыңыз, 2 суретті басшылыққа алыңыз.
2-сурет.
Құралдың қақпағын жабыңыз. Жұмыс барысында құралдың қақпағын шешуге тыйым
салынады.
Құралды желіге жалғастырып қосыңыз. Құралды электр желісіне қоспас бұрын оның
параметрлері электр желісінің параметрлеріне сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз
(«Техникалық сипаттамалар» 9 бөлімді қараңыз).
Температураны ретейтін тетігін қажетті режимге бұрап, орнатыңыз:
1
30°C-39°C
Дәрі шөптер
2
36°C-44°C
Жасыл хош иісті шөптер
3
40.5°C-49.5°C
Нан
4
45°C
Йогурт
5
49.5°C-60.5°C
Көкөніс
6
54°C-66°C
Жеміс
7
58.5°C-71.5°C
Балық