Шуруповерты Makita DF032DZ - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

28
ҚАЗАҚША
Бұрама шегені бұрау жұмыстары
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Реттеу сақинасын жұмысыңыз
үшін тиісті айналу моментінің деңгейіне реттеңіз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Бұрағыш ұштығының
ұшы тікелей бұранда бастиегіне салынғанына
көз жекізіңіз, әйтпесе бұранда және/немесе
бұрағыш ұштығы зақымдалуы мүмкін.
Бұрағыш ұштығының ұшын бұранда бастиегіне орналастырып,
құралға қысым қолданыңыз. Құралды ақырын іске
қосыңыз, содан кейін жылдамдығын біртіндеп арттырыңыз.
Жалғанғаннан кейін, ауыстырып-қосқыш шүріппесін жіберіңіз.
ЕСКЕРТПЕ:
Ағаш бұрандасын бұрғылағанда,
бұранда диаметрінің 2/3 бөлігіне сәйкес келетін
сынамалы саңылауды алдын ала бұрғылап тесу
керек. Бұл бұрғылауды оңайлатады және өңдеу
бөлшегінің бөлініп кетуіне жол бермейді.
Бұрғылау жұмыстары
Ең алдымен, реттеу сақинасын көрсеткіні
белгісіне
бағыттап бұраңыз. Содан кейін келесі әрекеттерді орындаңыз.
Ағашта бұрғылау
Ағашта бұрғылау кезінде, бағыттаушы бұрандамен
жабдықталған ағаш бұрғысы көмегімен жақсы нәтижеге қол
жеткізуге болады. Бағыттаушы бұранда бұрғы ұштығын өңдеу
бөлшегіне қарай тарту арқылы, бұрғылауды оңайлатады.
Металды бұрғылау
Саңылау жасауды бастау кезінде, бұрғы ұштығының
сырғып кетуіне жол бермеу үшін бұрғылау қажет нүктені
балғамен ортасынан ұру арқылы қуыс жасау қажет. Бұрғы
ұштығының ұшын қуысқа қойып, бұрғылауды бастаңыз.
Металды бұрғылау кезінде кесу майын
пайдаланыңыз. Құрғақ күйде бұрғылау қажет темір
мен мыс ерекше жағдай болып табылады.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құрылғыны шамадан тыс
басу бұрғылауды тездетпейді.
Шындығында,
шамадан тыс қысым тек бұрғылау қашауыңыздың
ұшын зақымдайды, құралдың өнімділігін және
құралдың қызмет ету мерзімін қысқартады.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Бұрғы қашауы өңдеу
бөлшегін бұза бастағанда, құралды мықтап ұстаңыз
және сақ болыңыз.
Саңылаудың бұзылуы кезінде
құралға/бұрғылау қашауына орасан зор күш түсіріледі.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Қыстырылып қалған
бұрғылау қашауын кері қарай шығуы үшін
реверсивті ауыстырып-қосқышты кері бағытта
айналу күйіне орнату арқылы оңай шығарып
алуға болады. Дегенмен құралды қатты
ұстамасаңыз, кенеттен артқа ыршуы мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Өңдеу бөлшектерін
әрқашан қысқышта немесе соған ұқсас ұстап
тұратын құрылғымен бекітіңіз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құрал аккумулятор
картриджінің заряды таусылғанға дейін үздіксіз
жұмыс жасаса, жаңа аккумулятормен жұмыс бастамас
бұрын, құралдың 15 минут тұруына мүмкіндік беріңіз.
Құралды қол бұрама шегені
бұрағыш ретінде пайдалану
►
Сурет15
Құралды өшіріңіз.
Кері айналдыру тетігін бейтарап күйге ауыстырыңыз.
Реттеу сақинасын көрсеткіні
белгісіне
бағытталатындай бұраңыз.
Құралды бұраңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Осы пайдалану әдісі бұрама шегені
бұрауды тексеруге ыңғайлы.
ЕСКЕРТПЕ:
Құралды бұранданы қатайту немесе
тот басқан бұрандаларды алып тастау сияқты
шамадан тыс күш қажет ететін жұмыс үшін
пайдаланбаңыз.
Қапты пайдалану
Қосымша керек-жарақ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Қапты пайдалану кезінде,
құралдан бұрағыш ұштығын/бұрғы ұштығын
алып тастаңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралды қаптың ішіне
салмас бұрын, оны өшіріңіз және толықтай
тоқтағанша күтіңіз.
Құралды мықтап ұстап тұру үшін міндетті
түрде қаптың түймесін бекітіңіз.
1.
Бел буатын белдікті немесе соған ұқсас затты
қап ұстағышы арқылы өткізіңіз.
►
Сурет16:
1.
Қап ұстағышы
2.
Бел буатын белдік
2.
Құралды қаптың ішіне салып, түймесін бекітіңіз.
►
Сурет17
►
Сурет18
Қаптың алдыңғы жағына екі бұрағыш ұштығын
салып қоюға болады.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Тексеру немесе
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
жүргізуге әрекеттенбес бұрын, әрдайым
құралдың өшірулі екендігіне және аккумулятор
картриджінің алынғанына көз жеткізіңіз.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
Жанармайды, бензинді,
сұйылтқышты, спиртті немесе соған
ұқсас заттарды ешқашан пайдаланбаңыз.
Нәтижесінде түссіздену, бүліну немесе
жарықтар пайда болуына әкелуі мүмкін.
Өнімнің ҚАУІПСІЗДІГІ мен СЕНІМДІЛІГІН
қамтамасыз ету үшін, жөндеу жұмыстары, кез келген
басқа техникалық қызмет көрсету немесе реттеу
әрдайым Makita қосалқы бөлшектерін пайдалану
арқылы Makita компаниясының өкілетті немесе
зауыттық қызмет көрсету орталықтары тарапынан
орындалуы керек.
Содержание
- 12 ТЕХНИЧЕСКИЕ ХАРАКТЕРИСТИКИ; Символы; Вибрация
- 13 Декларация о соответствии ЕС; Общие рекомендации по; Сохраните брошюру с инструк-
- 14 Меры безопасности при
- 15 СОХРАНИТЕ ДАННЫЕ ИНСТРУКЦИИ.; Важные правила техники; СОХРАНИТЕ ДАННЫЕ
- 16 Советы по обеспечению мак-; ОПИСАНИЕ РАБОТЫ
- 17 Включение передней лампы
- 18 Регулировка крутящего момента затяжки; СБОРКА; Установка или снятие насадки для
- 19 Установка крючка; ЭКСПЛУАТАЦИЯ; Работа в режиме шуруповерта
- 20 Использование инструмента в; ОБСЛУЖИВАНИЕ












