Шуруповерты Makita DF0300+D-58833 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

22
ҚАЗАҚША
Ілмек құралды уақытша іліп қоюға ыңғайлы. Оны
құралдың екі жағында орнатуға болады. Ілмекті
орнату үшін, оны құрал корпусының екі жағындағы
ойыққа салыңыз, содан кейін бұрандамен бекітіңіз.
Оны шығару үшін, бұранданы босатып, содан кейін
оны шығарып алыңыз.
Бұрағыш ұштығының ұстағышын
орнату
Қосымша керек-жарақ
►
Сурет7:
1.
Бұрағыш ұштығының ұстағышы
2.
Бұрағыш ұштығы
Бұрағыш ұштығының ұстағышын аспаптың
табанындағы дөңес жерінің оң немесе сол жағына
орнатып, бұрандамен бекітіңіз.
Бұрағыш ұштығы пайдаланылмайтын болса, оны
Бұрағыш ұштығының ұстағышында сақтаңыз.
Ұзындығы 45 мм бұрағыш ұштықтарын сақтауға
болады.
ПАЙДАЛАНУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Жылдамдығы
аса төмендеп кеткен кезде, құралдың
зақымдалуын болдырмау үшін жүктемені
азайтыңыз немесе құралды тоқтатыңыз.
►
Сурет8:
1.
Желдеткіш
Құралды бір қолыңызбен тұтқасынан мықтап
ұстаңыз.
Бұрылу әрекеті болған жағдайда, тұтқаны екі
қолыңызбен мықтап ұстаңыз.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
Желдеткіштерді жаппаңыз,
әйтпесе құралдың қызып кетуі немесе зақымдалуы
мүмкін.
Бұрама шегені бұрау жұмыстары
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Реттеу сақинасын
жұмысыңыз үшін тиісті айналу моментінің
деңгейіне реттеңіз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Бұрағыш ұштығының
ұшы тікелей бұранда бастиегіне салынғанына
көз жекізіңіз, әйтпесе бұранда және/немесе
бұрағыш ұштығы зақымдалуы мүмкін.
Бұрағыш ұштығының ұшын бұранда бастиегіне
орналастырып, құралға қысым қолданыңыз.
Құралды ақырын іске қосыңыз, содан кейін
жылдамдығын біртіндеп арттырыңыз. Жалғанғаннан
кейін, ауыстырып-қосқыш шүріппесін жіберіңіз.
ЕСКЕРТПЕ:
Ағаш бұрандасын бұрғылағанда,
бұранда диаметрінің 2/3 бөлігіне сәйкес келетін
сынамалы саңылауды алдын ала бұрғылап тесу
керек. Бұл бұрғылауды оңайлатады және өңдеу
бөлшегінің бөлініп кетуіне жол бермейді.
Бұрғылау жұмыстары
Ең алдымен, реттеу сақинасын көрсеткіні
белгісіне
бағыттап бұраңыз. Содан кейін келесі әрекеттерді орындаңыз.
Ағашта бұрғылау
Ағашта бұрғылау кезінде, бағыттаушы бұрандамен
жабдықталған ағаш бұрғысы көмегімен жақсы нәтижеге қол
жеткізуге болады. Бағыттаушы бұранда бұрғы ұштығын өңдеу
бөлшегіне қарай тарту арқылы, бұрғылауды оңайлатады.
Металды бұрғылау
Саңылау жасауды бастау кезінде, бұрғы ұштығының
сырғып кетуіне жол бермеу үшін бұрғылау қажет нүктені
балғамен ортасынан ұру арқылы қуыс жасау қажет. Бұрғы
ұштығының ұшын қуысқа қойып, бұрғылауды бастаңыз.
Металды бұрғылау кезінде кесу майын
пайдаланыңыз. Құрғақ күйде бұрғылау қажет темір
мен мыс ерекше жағдай болып табылады.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құрылғыны шамадан тыс
басу бұрғылауды тездетпейді.
Шындығында,
шамадан тыс қысым тек бұрғылау қашауыңыздың
ұшын зақымдайды, құралдың өнімділігін және
құралдың қызмет ету мерзімін қысқартады.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Бұрғы қашауы өңдеу
бөлшегін бұза бастағанда, құралды мықтап
ұстаңыз және сақ болыңыз.
Саңылаудың
бұзылуы кезінде құралға/бұрғылау қашауына
орасан зор күш түсіріледі.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Қыстырылып қалған
бұрғылау қашауын кері қарай шығуы үшін
реверсивті ауыстырып-қосқышты кері бағытта
айналу күйіне орнату арқылы оңай шығарып
алуға болады. Дегенмен құралды қатты
ұстамасаңыз, кенеттен артқа ыршуы мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Өңдеу бөлшектерін
әрқашан қысқышта немесе соған ұқсас ұстап
тұратын құрылғымен бекітіңіз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Тексеру немесе техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын жүргізбес бұрын,
әрдайым құралдың өшірулі екендігіне және токтан
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
Жанармайды, бензинді,
сұйылтқышты, спиртті немесе соған
ұқсас заттарды ешқашан пайдаланбаңыз.
Нәтижесінде түссіздену, бүліну немесе
жарықтар пайда болуына әкелуі мүмкін.
Өнімнің ҚАУІПСІЗДІГІ мен СЕНІМДІЛІГІН қамтамасыз
ету үшін, жөндеу жұмыстары, кез келген басқа
техникалық қызмет көрсету немесе реттеу әрдайым
Makita қосалқы бөлшектерін пайдалану арқылы Makita
компаниясының өкілетті немесе зауыттық қызмет
көрсету орталықтары тарапынан орындалуы керек.
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)