Шлифмашины Makita M9508 - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.
Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.
"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.

19 ҚАЗАҚША
8.
Жеке қорғаныс жабдығын киіңіз. Жұмыс түріне
қарай бет қалқанын, қорғаныс көзілдірігін немесе
қауіпсіздік көзілдірігін пайдаланыңыз. Қажет
болса, ұсақ ысқыш немесе өңдеу бөлшегінің
бөліктерінен қорғауға қабілетті шаңнан
қорғайтын маска, құлаққаптарды, қолғаптарды
және алжапқышты тағыңыз.
Қорғаныс көзілдірігі
әр түрлі жұмыстардың нәтижесінде пайда болатын
ұшатын сынықтардан қорғай алатындай болуы
керек. Шаңнан қорғайтын маска немесе респиратор
жұмыс барысында шыққан бөлшектерді сүзе алатын
болуы керек. Қарқындылығы жоғары шудың ұзақ
әсері есту қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін.
9.
Айналадағы адамдардың жұмыс аймағынан қауіпсіз
қашықтықта тұруын қадағалаңыз. Жұмыс аймағына
кіретін кез келген адам жеке қорғаныс жабдығын
киюі қажет.
Өңдеу бөлшегінің немесе сынған керек-
жарақтың бөлшектері ұшып кетіп, жұмыс аймағынан
тыс жерде жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
10.
Жұмыс істеп жатқанда, кесуге арналған керек-
жарақ жасырын сымға немесе өз сымына
тиіп кетуі мүмкін болса, электр құралын тек
оқшауланған арнайы қысқыштармен ұстаңыз.
Кесу құралы кернеулі сымға тиіп кетсе, электрлік
құралдың ашық металл бөлшектерінде кернеу пайда
болады, нәтижесінде операторды ток соғуы мүмкін.
11.
Сымды айналмалы керек-жарақтардан қашық
жерге қойыңыз.
Басқа нәрсеге алаңдаған жағдайда,
сым үзіліп кетіп немесе ілініп қалып, қолыңызды
айналмалы керек-жарақ ішіне тартып әкетуі мүмкін.
12.
Электрлік құралды керек-жарағы толық тоқтағанша
жерге қоймаңыз.
Айналмалы керек-жарақ бетке
ілінісіп, құралға ие бола алмай қалуыңыз мүмкін.
13.
Электрлік құралды жаныңызда ұстап
тұрғанда іске қоспаңыз.
Айналып тұрған керек-
жараққа кездейсоқ тиіп кеткенде, киіміңізді іліп,
керек-жарақты денеңізге тартуы мүмкін.
14.
Электр құралының ауа желдеткіштерін
үнемі тазалап тұрыңыз.
Қозғалтқыш
желдеткіші корпус ішіне шаң жинайды
және ұнтақталған металдың шамадан тыс
жиналуы электр қуатымен байланысты оқыс
оқиғалардың орын алуына әкелуі мүмкін.
15.
Электрлік құралды тұтанатын материалдар
жанында пайдаланбаңыз.
Ұшқындар бұл
материалдарды тұтандыруы мүмкін.
16.
Салқындатқыш сұйықтықтарды қажет ететін
керек-жарақтарды пайдаланбаңыз.
Суды
немесе басқа салқындатқыш сұйықтықтарды
пайдалансаңыз, ток соғуы мүмкін.
Кері соққы және оған қатысты ескертулер
Кері соққы - қысылып немесе ілініп қалған айналмалы
дөңгелек, тіректік табақша, қылшақ немесе кез келген
басқа керек-жарақтың кенеттен пайда болатын
реакциясы. Қысылып немесе ілініп қалу айналып тұрған
керек-жарақтың жылдам аударылуына әкеледі, ал бұл
бақылаусыз тұрған электр құралының керек-жарақ
бұрылысына қарсы бағытта айналуын туғызады.
Мысалы, ысқыш дөңгелек өңдеу бөлшегіне ілінсе
немесе қысылып қалса, қысылатын орынға кіретін
дөңгелектің шеті материалдың беткі жағына кіріп,
дөңгелектің орнынан шығып, ұшып кетуіне әкелуі
мүмкін. Қысу нүктесінде дөңгелек қозғалысының
бағытына байланысты дөңгелек операторға қарай
немесе керісінше ұшып кетуі мүмкін. Сондай-ақ
мұндай жағдайда ысқыш дөңгелектер сынуы мүмкін.
Кері соққы электр құралын дұрыс пайдаланбау және/
немесе қате жұмыс процедураларының нәтижесінде
пайда болады, ал төмендегі сақтық шараларын
пайдаланғанда оның алдын алуға болады.
1.
Электр құралын мықтап ұстаңыз және кері
соққыларға қарсы тұра алатын қалыпта тұрыңыз.
Іске қосқан кезде кері соққы немесе айналу
моментінің реакциясын максималды түрде
басқару үшін, қосымша тұтқаны (жабдықталған
болса) пайдаланыңыз.
Тиісті сақтық шаралары
қабылданған болса, айналу моментінің реакциялары
мен кері соққы ықпалын оператор басқара алады.
2.
Айналатын керек-жарақтың жанына
қолыңызды ешқашан қоймаңыз.
Керек-жарақ
қолыңызға кері соққы беруі мүмкін.
3.
Кері соққы орын алғанда, электр құралы
жылжуы мүмкін аймақта тұрмаңыз.
Кері
соққы құралды іліну нүктесіндегі дөңгелек
қозғалысына қарсы бағытта итереді.
4.
Бұрыштар, өткір шеттер және т. б. бөліктерді
өңдеген кезде аса сақ болыңыз. Керек-
жарақтың серпілуіне және ілінуіне жол
бермеңіз.
Бұрыштар, өткір шеттер немесе
ұшатын бөлшектер айналатын керек-жарақты
ұстап қалғанда, басқару мүмкіндігі жоғалады
немесе кері соғылады.
5.
Ара шынжырының ағаш кесетін жүзін және
тісті ара жүзін бекітпеңіз.
Мұндай жүздер
кері соққыны жиі тудырып, құралды басқаруды
қиындатады.
Ажарлау жұмыстарына арналған арнайы
қауіпсіздік бойынша ескертулер:
1.
Тек электр құралына арналған дөңгелек түрлерін
және таңдалған дөңгелектерге сай арнайы
сақтандырғышты пайдаланыңыз.
Дөңгелектерге
арналмаған электр құралын тиісті түрде қорғау
мүмкін емес және олар қауіпсіз болмайды.
2.
Ортасы ойық дөңгелектердің ажарлау беті
сақтандырғыш тұмсығы жазықтығының
төменгі бөлігінде бекітілуі тиіс.
Сақтандырғыш
тұмсығының жазықтығы арқылы өтетін дұрыс
орнатылмаған дөңгелек тиісті түрде қорғалмайды.
3.
Сақтандырғыш операторға дөңгелектің аз
бөлігі ғана бағытталатындай етіп электр
құралына берік бекітіліп, максималды түрде
қауіпсіз орнатылуы тиіс.
Сақтандырғыш
операторды дөңгелек сынықтарынан, дөңгелектің
кездейсоқ тиіп кетуінен және киімді тұтандыруы
мүмкін ұшқындардан қорғауға көмектеседі.
4.
Дөңгелектер тек ұсынылған мақсаттарда
пайдаланылуы тиіс. Мысалы: кескіш
дөңгелегінің бүйірімен ажарламаңыз.
Ысып
кескіш дөңгелектер перифериялық ажарлауға
арналған, бұл дөңгелектерге қолданылған
бүйірлік күш олардың сынуына әкелуі мүмкін.
5.
Таңдалған дөңгелек үшін әрқашан өлшемі мен
пішіні дұрыс, зақымдалмаған дөңгелек фланецтерін
пайдаланыңыз.
Тиісті дөңгелек фланецтері дөңгелекке
сыну мүмкіндігін азайта отырып, қолдау көрсетеді.
Кескіш дөңгелектердің фланецтері ажарлағыш
дөңгелектің фланецтерінен ерекшеленуі мүмкін.
6.
Үлкенірек электр құралдарының ескірген
дөңгелектерін пайдаланбаңыз.
Үлкен электр
құралына арналған дөңгелек кіші құралдың
жоғары жылдамдығына сай келмей, сынуы мүмкін.
Характеристики
Остались вопросы?Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)













