VITEK VT-1844 G/R/SR - Инструкция по эксплуатации - Страница 13

Пылесос VITEK VT-1844 G/R/SR - инструкция пользователя по применению, эксплуатации и установке на русском языке. Мы надеемся, она поможет вам решить возникшие у вас вопросы при эксплуатации техники.

Если остались вопросы, задайте их в комментариях после инструкции.

"Загружаем инструкцию", означает, что нужно подождать пока файл загрузится и можно будет его читать онлайн. Некоторые инструкции очень большие и время их появления зависит от вашей скорости интернета.
Страница:
/ 28
Загружаем инструкцию
background image

13

 

 

 

 

 

 

        

ҚАЗАҚ

         

ШАҢСОРҒЫШ

Құрметті сатып алушы!

VITEK компаниясының техникасын сатып алғаныңызға 
алғысымызды білдіреміз.
Технология, дизайн, функционалдылық жəне сапа 
стандарттарына сəйкестік шаң жинайтын қабы жоқ 
шаңсорғышты пайдалану кезінде сенімділікке жəне 
қолайлылыққа кепілдік береді.
Шаңсорғыш шаңжинағыштың контейнерінде орнатылған 
HEPA сүзгісімен жабдықталған. HEPA сүзгілер күл, тозаң, 
бактериялар сияқты бөлшектерді жəне микроскоппен 
көрінетін шаң бөлшектерін тиімді ұстап қалады.  
Бұл аллергиядан,  демікпеден азап шегетін немесе 
аллергендерге ерекше сезімтал балаларда, ересектерде 
тыныс алу мүшелерінің тітіркенуіне жол бермейді.

СИПАТТАМАСЫ

1.   Турбощетка
2.   Телескоптық ұзарту түтігі  
3.   Иілгіш шлангтің тұтқасы   
4.   Иілгіш шлангтің ұшы  
5.   Иілгіш шлангтің ұшын бекіту батырмасы  
6.   Шаңжинағыш контейнер
7.   Желілік кабельді орау батырмасы   
8.   Тасымалдау сабы  
9.   Қуатты реттегіш    
10.  Қосу/өшіру батырмасы  
11.  Шығу сүзгісінің қақпағы  
12.  Ұстағышы бар шығу сүзгісі
13.  Щетканы «орнату» орны     
  

Шаң жинайтын контейнердің сипаттамасы:

14.  Шаңжинағыш контейнердің тұтқасы  
15.  Шаңжинағыш контейнерді бекіту батырмасы  
16.  Сүзгілер блогын бекіткіш
17.  Ілмек
18. Сүзгілер блогы болмаған кезде блоктау құрылғысы (7-

сурет)

19.  Бастапқы торлы сүзгі   
20.  Негізгі НЕРА-сүзгі
21.  Контейнердің төменгі қақпағы   
22.  Төменгі қақпақты бекіткіш

23.  Иілгіш шланг 
24.  Саңылау саптамасы
25.  Еденге/кілем жабындарына арналған щетка  
26.  Ауа өтетін арнаның қақпағы     
27.  Ауа өтетін арна  

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР 

 

ТҰРМЫСТЫҚ ШАҢСОРҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА 

БАРЛЫҚ НҰСҚАУЛАРМЕН ЖЕТЕ ТАНЫСЫП ШЫҒЫҢЫЗ  

ЕСКЕРТУ

Өрт туындау, электр тогына түсу немесе жарақат алу қатерін 
азайту үшін:
1. 

 

 Шаңсорғыш желілік розеткаға қосылып тұрғанда оны 

қараусыз қалдырмаңыз. Шаңсорғышты қолданбаған 
жағдайда немесе оған қызмет көрсететін кезде, оны 
əрқашан розеткадан ажыратыңыз.

2.   Электр тоғына түсу қатерін азайту үшін шаңсорғышты 

жайдан тыс қолданбаңыз. Оның жұмыс кезінде ылғал 
немесе дымқыл бетте тұрмауын қадағалаңыз.

3.    Балаларға шаңсорғышты ойыншық ретінде ойнауға рұқсат 

бермеңіз. Егер жұмыс істеп тұрған шаңсорғыштың қасында 
балалар немесе қабілеттері шектеулі адамдар болса, 
ерекше сақ болыңыз.

4. 

 

 Желілік кабельді үнемі тексеріп тұрыңыз; құрылғыда 

немесе желілік кабельде ақаулық тапқан жағдайда 

 

шаңсорғышты қолдануға болмайды.   

5. 

 

 Желілік кабельді ауыстыру үшін немесе құрылғыны 

жөндеу үшін арнайы рұқсаты бар сервис орталығына 
хабарласыңыз.

6.    Осы құрылғыны тек тұрмыстық мақсаттарда жəне қолдану 

жөніндегі нұсқаулыққа сəйкес қолданыңыз.

7.      Желілік кабельді тасымалдау сабы ретінде пайдаланбаңыз, 

егер желілік кабель есік арқылы өтіп жатса, есікті жаппаңыз; 
кабельдің өткір бұрыштарға немесе жақтарға тимеуін 
қадағалаңыз. Қолдану кезінде шаңсорғышпен желілік 
кабельді басып өтуге болмайды – сіз оны зақымдауыңыз 
мүмкін. Желілік кабельді жылу көздерінен алыс ұстаңыз. 

8.   Аспапты оның ашасын желілік кабельден ұстап тұрып 

розеткадан шығару арқылы өшіруге тыйым салынады. 
Құрылғыны желіден ажыратқан жағдайда желілік ашадан 
ұстау қажет. 

9.    Желілік ашаны не шаңсорғышты су қолмен ұстамаңыз.
10. Құрылғының кіру жəне шығу тесіктерін қандай да бір 

заттармен жабуға болмайды. Егер тесіктердің бірі жабық 
болса, құрылғыны қосуға болмайды. Кіру сүзгісінде шаң-
тозаңның, жүннің, шаштардың жəне ауаны қалыпты 
сору үшін кедергі келтіруі мүмкін басқа да қоқсықтардың 
жиналмауын қадағалаңыз. 

11.  Шаштардың, бос ілініп тұрған заттардың, бармақтардың 

жəне дененің басқа мүшелерінің шаңсорғыштың сору 
тесігінің жанында болмауын қадағалаңыз. 

12. Шаңсорғышты алдымен қосу/өшіру батырмасы арқылы 

өшіріңіз, тек содан кейін ғана желіден ажыратыңыз.

13. 

Баспалдақ алаңдарын тазалау кезінде ерекше сақ 
болыңыз.

14. Шаңсорғышты тез жанатын сұйықтықтарды жинау үшін, 

сонымен қатар ондай сұйықтықтарды сақтау орындарында 
қолдануға тыйым салынады. 

15. Шаңсорғыштың көмегімен жанып жатқан жəне түтіндеп 

жатқан шылымдарды, күкірттерді немесе бықсып жатқан 
күлдерді, сонымен қатар ұсақ дисперсті шаңды, мысалы, 
сылақтың, бетонның күлдерін, ұнды  жинауға тыйым 
салынады. Бұл электрмоторды қатты зақымдауы мүмкін 
жəне мұндай жағдайлар кепілдік шарттарына кірмейді. 

16.  Шаң  жинайтын контейнер немесе сүзгілер орнатылмаған 

шаңсорғышты пайдаланбаңыз.

17.  Сымды орау кезінде желілік кабельді қолмен ұстап тұрыңыз 

жəне желілік ашаның еденге соғылуына жол бермеңіз. 

 

НҰСҚАУЛЫҚТЫ ҚОЛ ЖЕТЕРЛІК ЖЕРДЕ САҚТАҢЫЗ ЖƏНЕ 

АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ 

(ҚАЖЕТ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА)

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ 

Егер тазалау кезінде шаңсорғыштың сорып алу қуаты кенеттен 
төмендеп кетсе, шаңсорғышты бірден өшіріңіз де телескоптық 
түтіктің немесе иілгіш шлангтің қоқысқа толып қалмауын 
тексеріңіз. Шаңсорғышты өшіріңіз жəне желіден ажыратыңыз, 
қоқысты алып тастаңыз, сосын тазалауды жалғастыра беріңіз. 
•  Қатты қызып тұрған беттердің дəл жанында, күлсауыт 

қасында, сонымен қатар тез тұтанатын сұйықтықтарды 
сақтау орнында шаңсорғышпен тазалауды жүргізуге 
болмайды.

•  Желілік ашаны розеткаға тек құрғақ қолмен қосыңыз.
•  Тазалау алдында сүзгілердің зақымдануына жол бермеу 

үшін еденнен өткір заттарды алып тастаңыз.

•  Желілік ашаны розеткадан ажыратқан кезде ашадан 

ұстаңыз, желілік кабельден тартпаңыз.

ШАҢСОРҒЫШТЫ ЖИНАУ 

Шаңсорғышты қаптамасынан шығарыңыз жəне онда 
зақымданулардың бар-жоғын тексеріңіз. Тасымалдау кезінде 
туындаған кез келген зауыттық ақаулық немесе зақымдану 
VITEK фирмасының кепілдік қызметіне кіреді.  
Қосудың алдында электр желісінің кернеуі шаңсорғыштың 
жұмыс кернеуіне сəйкес келетінін тексеріңіз. 
Саптама щеткаларды айырбастау кезінде, сонымен қатар 
алдын алу кезінде үнемі шаңсорғышты өшіріп отырыңыз жəне 
желілік ашаны розеткадан ажыратыңыз.

  

1.  Иілгіш шлангті қосу жəне алу (4-сурет)

   

Иілгіш шлангті (23) қосу үшін бекіту (5) батырмасын басыңыз 
жəне иілгіш шлангтің ұшын (4) шаңсорғыш корпусының 
алдыңғы бөлігінде орналасқан ауа өтетін тесікке салыңыз. 
Шланг  дұрыс салынғанда,  дыбыс шығады.  
Иілгіш шлангті алу үшін бекіту батырмасын (5) басыңыз жəне 
шлангті ажыратыңыз. 

2.

 

Ұзарту түтіктерін жəне саптамаларды қосу

  

-   Телескоптық ұзарту түтігін (2) иілгіш шлангтің сабына (3) 

қосыңыз (1-сурет).

1844.indd   13

1844.indd   13

02.10.2009   15:06:45

02.10.2009   15:06:45

Полезные видео

Характеристики

Оцените статью
tehnopanorama.ru
Остались вопросы?

Не нашли свой ответ в руководстве или возникли другие проблемы? Задайте свой вопрос в форме ниже с подробным описанием вашей ситуации, чтобы другие люди и специалисты смогли дать на него ответ. Если вы знаете как решить проблему другого человека, пожалуйста, подскажите ему :)

Задать вопрос

Часто задаваемые вопросы
Как посмотреть инструкцию к VITEK VT-1844 G/R/SR?
Необходимо подождать полной загрузки инструкции в сером окне на данной странице
Руководство на русском языке?
Все наши руководства представлены на русском языке или схематично, поэтому вы без труда сможете разобраться с вашей моделью
Как скопировать текст из PDF?
Чтобы скопировать текст со страницы инструкции воспользуйтесь вкладкой "HTML"